Главная Обратная связь

Дисциплины:






ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ. 3 страница



 

46. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлтазаттық көтеріліс. (1838-1847жж). Мақсаты, сипаты, барысы және негізгі кезеңдері. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды.



Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ,, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді

XIXғ -XXғ басындағы әдебиет, өнер, бұқаралық баспаның дамуы. А.Құнанбайұлы. М. Өтемісұлы. Алғашқы қазақ баспасөзі «Айқап», «Қазақ» "Айқап" журналы қазақ елінде 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы және редакторы Мұхамеджан Сералин (1871-1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ж.Сейдалин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде негізгі мәселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық мәселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дәстүрлі мал шаруашылығы және олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жазылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленіп отырды.Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А.Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми "Қазақ" газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Газет редакциясында сол кездегі қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.Тұтас алғанда, қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы әр түрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шығып тұрған "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті өз беттерінде ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан-жақты көрсете білді.Ш.УӘЛИХАНОВ-ҒАЛЫМ,ЭНЦЕКЛОПЕДИСТ.

Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы.

1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.

Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыдаәскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

Қырғыз халқының "Манас"'жырын бірінші рет баспаға ұсынып, жоғары баға береді.

1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.

1859-1861 жылдары Петербургте шығармашылық қызметпенайналысады, Петербург университетінде дәрістер тыңдайды.

1861-1863 жылдары денсаулығы нашарлаған Шоқан елінде болады.

1863-1864 жылдары Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан Сотреформасын (басқару) дайындау ісіне қатысады.

1865 жылдың сәуірінде Алтынемел тауының баурайында, Тезектөренің ауылында қайтыс болады.

Шоқан Уәлиханов әралуан ғылым саласын меңгерген энциклопедист ғалым еді. Оның жағрафия, әдебиет, этнография, тарих, экономика, құқық, дін, т.б. саласында құнды-құнды еңбектері бар.

Ы.АЛТЫНСАРИН-АҒАРТУШЫ,ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. 1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты.

Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады.

48.. XIX-XXғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (қоныстану қозғалысы, отырықшылықпен егіншіліктің дамуы, дәстүрлі щаруашылықтың дағдарысы) орыс же украин шаруаларының өлкені барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру.19ғ20ж басында басталды.ал бұл іс жаппаи көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды.патша үкіметі 1889ж 13 шілдеде селолық адамдар мен мешандарды қазыналық жерлерге өз еріктерімен қоныс аулару туралы же осы топтың адамдарын бұрынғы уақыттары қоныс аударғандар қатарына жатқызу тәртібі туралы арнаиы ереже жасап бекітті.шаруаларды қазақ өлкесіне қоныс аудару қөшіп қазақтардың жерлерін тартып алу есебінен жүргізілді.тек 1885ж-1893ж деиінгі ралықта ғана ақмола облы-ң ежелг і тұрғын халқының паидалануынан 25мың десятина жер тартын алынды,10мыңдаи жан еркек жынысы халқы бар 24 қоныс аударғандар учаскілері құрылды.қоныс аударушылардың үлкен ағыны әсіресе жетісу обл келіп жатты.18989ж селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы заң қабылданды.1891ж 98ж заңның күші торғаи мен орал облс тарады,заң боынша қоныс аудару үшун арнаиы рұқсат талап етілді,шаруалардың қазақ жерлерін өз беттерімен басып алуы жалғаса берді.19ғ 2 жатр 20ғ басында қазақтардың көшпелі шаруашылығын дамытып келе жатқан капиталистік ресеи таратпынан сыртқы зкономикалық фактордың әсерін сезіне бастады.шаруашылықтың отырықш –мал шаруаш-же отырықшы егіншлік сияқты жаңа түрлеі құрылды.сырдария ырғыз торғаи өз жағалауында суармалы егіншілікпен аиналысты,орыс селендері мен қалаларына жақын орн шар-ң едауір бөлігі бірте бірте нарықтық қатынстарға ыдырауға негіз алды.19ғ 70-80ж кедеиленген қазақтардың күнкөрістабыс іздеп әр түрлі кәсіпшіліктерге же тау кен өнеркәсібтеріне кетуі көбеие түсті,.19ғ соңына қазақстанда өнеркәсәп дамып өмірге келді.19ғ орта шенінде қаз да-паидалы қазбаладрыдң көптеген түрлері баршаға мәлім болды

49. XXҒ.БАСЫНДАҒЫ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫ.СТОЛЫПИН РЕФОРМАЛАРЫ. Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтыңжерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.

Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын. Патша самодержавиесінің аграрлық саясаты. Столыпин реформасы және оның әлеуметтік-демографиялық тағылымдары. XIXғ аяғы-XXғ басындағы қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырауы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9%

50. 1-орыс революциясы. 1,2-мемлекеттік Дума Бiрiншi орыс төңкерiсi кезiнде патшалық тәртiпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езiлген халықтары да көтерiлдi. Қазақстан еңбекшiлерiнiң 1905-1907 жылдардағы ереуiлдерi орыс халқының төңкерiстiк күресiмен тығыз байланысты болды.

Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар мен қызметкерлердiң жиналыстарында Петербургтегi қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық бiлдiрiлдi. Ереуiл кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшiн қаржы жиналды. Қалалар мен темiр жолдарда ереуiлдер өттi. 1905 жылы ақпанда Перовск, Түркiстан, Шалқар темiржолшылары өздерiнiң экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуiл жасады.соитип 1905ж бүкілресеилік ереуілдің әсерімен қазақстанның барлық қалаларында шеру митинг жиналыстар болды.бұнда патша өкіметіне қарсы талаптар қоылып отаршылдық әкімшілікке қарсы күресуге шықты.1905-07ж болған революциялық қозғалыстармен баиланысты қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұиымдары бой көтерді.соның ішінде орал қаласында теміржол кәсіродақ бои көтерді.,патша өкіметі революциялық қазғалыстан бөліп шығару үшін олардың өкілдері қатысатын мемлекеттік думаға шақыруға шешім қабылдады.1905ж 1 мемл дума шақыру жарлығы щықты.оған қазақстанна 9 депутат саиланды соның ішінде бөкеиханов болды.1 думада депуттартар патша өкіметі саясатына қарсы шықты соитип ол сеингі жылдары қуылып 2 мемл дума шақырылды,онда 14 депутат саиланды.нұркенов қатрбаев болды. 2 мемл думада депутаттар қазақ кедеилердің мүдделерін қорғауға деген мәселені шешті.олар еңбекшілердің ауыр жағдаи себептерінен жер мәселесін шет аимақтарллы отаарлау саясатымен шешуге болмаитынын аиты.сонымен тб мәселелер қарастырлы.

1905-1907ЖЖ. РЕСЕЙДЕГІ РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ.Жалпы Қаз.ң еңбекшілерінің саяси оянуына өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 ж.да өткен тұңғыш буржуазиялық демократиялық революцияның ықпалы зор болды. I-шілен, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. ІІ шіден аграрлық қозғалыстар, негізінен қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың еңбеккерлер топтарының іс әрекетінен көрінді. IV-шіден,Ұлт зиялылары қоғамдық саяси жұмысқа белсене араласып,ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.Сөйтіп,1905-1907 жыл-да өткен Қазақстандағы жұмысщы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.Осы жылдары жұмысшылардың бірқатар саяси ж/е экон/қ толқулары болып өтті. Оларға 1905ж желтоқсанда Успенск мыс рудинигі,Қарағанды кендеріндегі,сондай-ақ, Семей,Орал,Ақтөбе,Верный,Қостанай ж/е басқа да қалалардың кәсіп-орындарындағыөткен ереуілдері жатқызуға болады.Ресей империясындағы 1905ж қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілуі кезеңін бастап берді.Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей «бүкіл дала саясат аясына тартылып азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді»-дейді

51. ҚАЗАҚСТАН I ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА.Бірінші д.ж.лік соғыс 1914 ж. 19 шілдеде басталды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу шаруашылықтың да құлдырауына әкеліп соқты.Ұсақ мал көбірек ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Мал санының қырқауы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттеріне мәжбүрлеу тәртібімен етберуге міндетті болғандығынан орын алды.I Д.ж.лік соғыс басталған соң Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді.Успен және Сасық Қарасу кеніштерінен темір кенінөндіру арта түстіБұл кенштерден 1914 ж. 246құт,ал 1916 ж. 1551құт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Көмір өндіру Семей,Торғай, Ақмола, обл.да жүргізілді және Екібастұз кен орындары елеулі роль атқарды.Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың,қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады.жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат ал кейде 16 сағатжұмыс істеді.Селолар қалалар мен ауыл.р еңбекшілер жағдайының нашарлауы 1914-ж.өзін ақ Қарағанды,Екібастұз шах.да теміржол жұмысшылары арасында бас көтерілулер мен ереулдерге алып келді. Нәтижесинде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.1916ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС. 1916 ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері, барысы,нәтижесі және маңызы.1916 ж.25 маусымда патшаның Қаз.н,Орта Азия,Сібір тұрғындарының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады.Бұл жарлық 1916-ж.ұлт азаттық көтерілісінің басталуына себеп болады.Қаз.ң әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте бірте ұйымжасқан сипат ала бастады.Жетісуда (Басшылары:Бекболат Әшекеев,Ұ. Саулықов,Ж.Мамбетов,Т.Бокин,Ә.Жүнісов,С.Қанаев, Монай ж\е Мұқан Ұзақбаевтар ж\е т.б)Торғайда (басшылары:Ә.Жнабасынов,А.Иманов,Ә.Жангелдин ж\е т.б) Оның ірі ошақтары пайда болды.Жетісудағы көтеріліс тарихын:1)Шілде-стихиялы наразылық көріністері 2)Тамыз-оның қарулы көтеріліске ұласуы3)Қыркүйек-Қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі ж\е жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.Сотсыз ж\е тергеусіз атылғандарды есептегенде,сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917ж. Ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға,129 адам түрмеге жабылуға кесілді.22 қазанда А.Иманов бас.н 15мың қол Торғай қаласын қоршады. Шайқас 1917ж. Ақпанның 2 ші жартысына,яғни ақпан революциясына дейін созылды.Қазақ халқының 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып жаншылды.1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс қазақ халқаның сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады.Бұл көтеріліске қазақтармен қатар қырғыз,ұйғыр,өзбек ж\е т.б халықтар қатысуы болды. Қаз.н мен Оталық Азиядағы 1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресенй империясындағы саяси ж\е әлеуметтік экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...