Главная Обратная связь

Дисциплины:






ЛЫ ОТАН СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН(1941-1945ЖЖ)



1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары - Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғыска кіруге Жапония, Болгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавказьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті.

1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде (6-8 апта) Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс - блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат (қоспа)» ретінде қарастырды. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі - бір орденмен, төртеуі - екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды.Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.



Неміс басқыншыларын кеңес жерінен қуған Кеңес Одағының Қарулы Күштері дүниежүзілік тарихи миссияны - Еуропаны гитлерлік оккупациядан азат етуді жүзеге асыруға кірісті. Румыния мен Бол- гарияны азат ету шайқастарына 387-ші қазақстандық атқыштар дивизиясы қатысты. Югославияда 73-ші гвардиялық дивизия шайқасты. Ұлы Отан соғысының ірі, шешуші операциясы - Берлинді алуға 150-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Шайқас қызып жатқан уақытта қазақстандықтар - офицер Р.Қошқарбаев, қатардағы жауынгер Г. Булатов, кіші сержант М.Еремин, қатардағы жауынгер Г. Сывенко т. б. тіккен қызыл тулар желбіреп тұрды. Берлинге тіке шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы» танк колоннасының танкілері қатынасты. Бұл колонна Қазақстан еңбекшілерінің жеке қаражаттарымен құрылған еді. Республика патриоттары соғыс жылдары 480 миллион сом жинап, бұл қаржыға «Қазақстан колхозшысы», «Түрксібші», «Қазақстан кеншісі», «Қазақстан мұнайшысы», «Қазақстан металлургі», «Қазақстан пионері» атты т. б. майдандардағы армиялардың құрамына кірген танк колонналары мен авиаэскадрильялары жабдықталды..ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАЙДАНҒА КӨМЕГІ.ЖЕҢІЛ Ж/Е ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.

Ұлы Отан соғысы жағдайларында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды (астық - 5 829 мың тонна, ет - 734 мың тонна, жүн - 17,6 мың центнер, 3194 мың центнер сүт пен басқа да азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп үшін қажетті шикізат).

Малшылар да аянбай еңбек етті. Соғыс жылдары Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайларында техниканың жоқтығынан миллиондаған бас малды жемшөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың кой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды. Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1 миллион басқа көбейді. Қазақстанның колхоздары, МТС-тер мен совхоздар майдан қажетіне 7 416 трактор (негізінен жаңасы), 110 мың жылқы жіберді.

Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару жоғарғы қарқынмен өсті. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру 1,8 есе, консерві - 1,7 есе, кондитерлік өнімдер - 1,5 есе, макарон өнімдері - 1,3 есеге өсті.

Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жетті. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілік бөлігі майданға аттанды. Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы 50%, ал жеңіл және тамақ өнеркөсібінде 80-90%-ды құрады. Әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер мен жастардың үлес салмағы Қазақстандағы бүкіл жұмысшылардың 35-40%-ын құрады. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды, мамандардың тұрақтамауы шектелді, 11 сағаттық 6 күндік жұмыс аптасы енгізіліп, қосымша демалыс жойылды. Тәртіп бұзғандар, кәсіпорыннан кетіп қалғандар 5 жылдан 8 жылға дейін түрмеге отырғызылып, жазаланатын болды. Экономиканы басқару әскериленді, төтенше өкілдер қызметі, азық-түлікті карточкалық жүйемен бөлу енгізілді.

Қазақстан соғыс жылдары қорғаныс мамандарын дайындаудың орталығы болды. Республикада майданға жақын қалалардан көшірілген әскери училищелер орналастырылды. Ұлы Отан соғысы тарихының белгілі беттерінің бірі - Қызыл Армия үшін тау атқыштарын дайындайтын арнайы мектептің Алматыға жақын жерде ашылуы еді. Солтүстік Тянь-Шань тауларында орналасқан бұл мектептің беделі мен маңызы өте жоғары болды. Сталинград шайқасынан кейін, барлық майдандарда шабуылдар басталған кезде мектепке тау атқыштарын көптеп даярлау тапсырылды. Бастапқыда шақырылу жасына дейінгі жасөспірімдер, соңынан майдандағы офицерлер, тіпті Карпатқа, Татраға, Бескидке, Судетке, Трансильвания Альпісіне т. б. таулы аудандарға жіберілетін тұтас бөлімшелер оқытылды.

Қазақстанның жұмысшы күшінің елеулі бөлігін арнайы қоныс аударғандар құрады. Соғыс басталған кезде олардан Еңбек армиялары құрылды. Оның құрамында 700 мыңнан аса (200 мыңы қазақтар) адам болды. Ұлан-ғайыр қажырлы еңбектің арқасында Қазақстан экономикасы КСРО-ның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісін қамтамасыз етуге өзінің лайықты үлесін қосты.

60. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1946-56жж) 1945-50ж ұлы отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кеин қазақстан еңбекшілері беибіт құрылысқа қаита оралд.соғыс қаз экономикасына да үлкен зардаптарынн тигізді.өнеркәсіп өнімдерінің асіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды.еңбек ресурстанының проблемасы едауір шиеленісті.ауыл шаруашылықғының материалдық техникалық базасы әбден төмендеді.сондықтан кеңес өкіметі оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге аирықша көңіл бөлді. Оның қарқынын шапшаңдатуға тиісті шаралар жүзеге асырылды.республикад ауыр индустрияны жедел дамыту,сонымен қатар жеңіл же тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұргын үи құрылысын же қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени тұрмыстық орындар жүиесін кеңеитуге ерекше көңіл болді.қаз халқы соғыстан кеингі 4 бесжылдық жоспарын көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті..бұл кезде ауыр өнеркәсіптің қараметалургия же түсті металургия саласы оидағыдаи дамыды.соғыстан кеингі жылдары 4-5 жылдық тапсырмаларды орындау барысында да өнеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды.1950электр қуатын өндіру 45ж қарағанда 2,3 есе өсті.көптеген зауыттар мен өнеркәсіптер кеңеитілді.ауыр өнеркәсіптің тез дамуы мен же оның жаңа салаларының құрылуы жеңіл же тамақ өнеркәсібінің одан әрі дамуына өз әсерін тигізді.тамақ өнеркәсібі де салынды.соғыстан кеингі жылдары көлік же жол қуаттары одан әрі дамыды.соғыстан кеингі жылдары яғни1946ж ауыл шаруашылығы үшін ең ауыр жыл болды.бірақта соңына қараи ауыл шаруашылығы аяққа тұрып астық дақылдарды өнімдердің жақы дамуымен баиланысты,ескірген техниканың орнына жаңа техника паидаланды.сонымен қатар соғыс кезінде же соғыстан кеингі жылдарда совхоз же колхоз өндірісін ұиымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алғаны анықталды.

61. 2. Хрущевтың жылымық саясаты кезеңіндегі Қазақстан. 1956-64 жж реформалар және демократиялық идеяларды жаңғыртуға болады. Сталин қазасынан кеин 1953ж қуғындаушы органдарға сүиенген жүие дәуірі аяқталды.жылымдық ссаясаты жылдары аталған 50 ж 2 жартысынан бастап игі істер атқарылды. 1953жжКОКП орталық комитетінің 1 хатшысы хрущев тағаиындалады. Елде демократия қаита құру процесіне жол ашылды. 1956ж хрущев –жеке адамға табыну же оның зардаптары туралы баяндама жазады.оның саяси көз қарасы үшін қудалау орын алады.соитип оған халық жауы немесе ұлтшыл аиыптардың орнына өзгеше оилаитындар деген аиып тағылады.шығыс қаз мектебінің мұғалыімдері соның ішінде елікбаев хрущевтің атынан хат жазып өзінің дәлелді ұсыныстарын аитты.қаз тәуел-ң сөз жүзінде екендігі,саилаудың мәнсіздігі туралы,ұлт саясатынжүргізуде әділетсіздікке жол жоқберілетіндігі туралы қаз тілінде мектеп аздығы,оқу құралы жетіспеуі мұғалімдер жұмыссыз қалуы туралыжазықсыз қудалауға ұшыраған ауылдасы маидангер мұғалім ұлты татар сүлеименовты қорғаитыны туралыжазған болатын.1957ж 16 шілдеде елікбевты партия қатарынан шығарылды.әділетсізге көнбеген мұғалімдерді күшпен жындыханға жатызылды.соитип кеингі жылдардың ортасында прогрессшіл бастамалардың нәтиже бермеу себептері –саяси жүзеге асырудың ғылыми болжамы болмады.кеңес басшылығының көпшілігінің ең алдымен хрущевтің саяси мәдениеттің тқөмен болды.1959ж хрущев кокп 21 сезінде социализм түпкілікті жеңіп комунистік қоғам құру кезеңініңбасталғандығы туралы жарияланды.1964ж14қазанда кокп ок-ң пленумында партия мен ел басшылығымен ауыстырылды.хрущевке аиыптар тағылды олар-ұиымдық басшылық ұстанымдарын бұзды,халық шаруашылығын басқаруды валюнтаризмге жол берілді.қаз халық республ мен қарым қатынастарын нашарлатты, . Тың жіне тыңаған жерлерді игеру Тың жерлерге Кеңес әскерi қатарынан қайтқан жауынгерлер көп келдi. Олардың күшiмен Көкшетау облысында «Кантемировец», Солтүстiк Қазақстан облысынды «Тамановец», Қарағанды облысында «Индустриальный» және басқа совхоздар құрылды. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта бiлiмi бар 2088 адам директор, бас агроном, инженер, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жiберiлдi.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебiнен астық өндiрудiң жалпы көлемi 106 млн. тоннаға жетi, осы жылдар iшiнде астықтың жылдық орташа өнiмi 1949-1953 жылдардың көрсеткiштерiмен салыстарғанды шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың iшiнде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндiруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесiнде республика әрбiр тұрғынға шаққанда екi мың кило астық өндiретiн дәрежеге жеттi. (Азық-түлiк мәселесiн түбегейлi шешу үшiн әр адамға шаққанда бiр мың кило астық өндiру жеткiлiктi деп есептеледi.) Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеп салынды. Жаңа темiр жол, тас жол желiлерi тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге iлгерiлеттi.

Тың және тыңайған жерлердi игерудiң сонымен бiрге үлкен зардаптары мен көлеңкелi жақтары да боды. Атап айтқанда, басқа республикадан келгендердiң саны шамадан тыс көбейiп кеттi. Жергiлiктiжерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары iрiлендiрiлген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшiлiгiнде оқу орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Мұның өзi, бiр жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тiлiнен, салт-дәстүрi мен әдет-мәдениетiнен қол үзiп мәңгүрттенуiне жол ашса, екiншi жағынан, жергiлiктi халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргiзiле бастады. Жер-су аттары орыс тiлiне көшiрiлдi. Мұндай орыстану процесiнен халықты республиканың тәуелсiздiгi ғана құтқарды. Бiрақ бұл процесс соның өзiнде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулi бөлiгiн өз ұлтының тiлiн бiлмейтiн шала қазақ етiп қалдырды. Тың игерудің жағымды жақтары:

1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.

Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. 2) 1954-І977 жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды. Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:

1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. 2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. 3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы.

62. Кемелденген социализм құрамына кіруі Социализм жүиесі елдерінде бірте бірте жетілдіру идеясы туындады.1967ж қазан төңкерісінің 50 жылдығын арналған жәжілісте брежнев еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы –кемелденген социализмнің орнатуы деп мәлімдеді.1977ж мамыр да ксро конституцияның жобасы бүкілхалықтың талқылаға ұсынылды.нәтижесінде 400жуық ұсыныс келіп түсті.1977ж 7 қазанда ксро конституциясы қабылданды,коммунизмге өтер жолдағы кезең –кемелденген социализм ,ал ксроның саяси негізі –халық депутаттары кеңестері деп танылды.1978ж 17 наурызда –қазақ ксро конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды.1978ж 18 сәуірде қазақстан компартиясының ок-і жаңа конституцияны мақұлдап ,қазақ кср жағары кеңесін кезектес7 сессиясының қарауына ұсынылды.1978ж 20 сәуірде –қазақ кср жаңаконституция қабылданды,бірақ ол сөз жүзінде ғана орындалды.1979ж ксро төрағасы андроповтың ұсынысымен қаз аумғында неміс автономиялық облысын құру тұралы шешім қабылданды.неміс автономиясы әкімшілік ортасы ақмола обл ереумен тауқаласты деп аитқан болатын,оның құрамындаақмола обл павлодар қарағанды көкшетау облсының біреше аудандары болды.

63. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991) Әлеуметтік –экономикалық дамуды жеделдетуге және қоғамдық өмірдің барлық саласын демократияландыруға бағыт алу. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

64. 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.

Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.

2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады.

1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.

1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды. 1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.

М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.

 

65. 1986 ж Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қоғамды демократиялық жаңарту жолындағы жастар белсенділігі. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бұрын республиканың басшы органдарына орталықтан басшы кадрлар жiберу кеңiнен орын алды. Оларды қызметке жiбергенде жергiлiктi жерлердiң пiкiрi, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрлерiмен санаспады. Мұндай жағдай 1986 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Д.А.Қонаев жолдас зейнеттi демалысқа шығуына байланысты қызметтен кеткен кезде айрықша көзге түстi. Пленум мәжiлiсi не бары 18 минутқа созылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Д.А.Қонаевтiң орнына Мәскеу жiберген Г.В.Колбин сайланды.

Желтоқсан көтерілісі тоталитарлық жүйенің құлауына бірден-бір себепкер болған ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түлеу кезеңінің басы еді. Тек Алматыда емес, Жезқазған, Қарағанды, Талдықорған, Павлодар, Шымкент қалаларында, Шілік, Шамалған селоларында Кремльдің өктем саясатына қарсы наразылық шерулері өтті. Ақмола ауыл шаруашылық институтының студенттері Амангелді Нүкенов пен Асқар Сағынаев қала студенттері арасында тоталитарлық билікті сынаған листовкалар таратты. Өскемен кен-металлургия техникумы мен педучилище студенттері «Қазақстанның байлығын орталыққа тасуды тоқтату», Қазақстанның тәуелсіз ел болуын талап ету ұрандарын ұстады. Москвадағы қазақ жастары Қызыл алаңға шығып, «Тарт қолыңды Қазақстаннан, Кремль!» деп наразылық талабымен бой көтерді. Олардың бәрі аясыз басып – жаншылды. 102 адамды негізсіз бас бостандығынан айырып, соттаған. Олардың 47-сі студент еді. Шеруге шыққандар қатарында орыс, ұйғыр, татар, қырғыз, шешен, армян, түркімен, башқұрт халықтарының өкілдері болды. Әрине, көңілі кіршіксіз жастар елде демократия орнаған екен деп жапа шекті.

1989 жылы Г.В.Колбин КСРО Халықтық бақылау комитетiнiң төрағалығына тағайындалып, Мәскеуге кеттi. Оның орнына 1989 жылғы шiлдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...