Главная Обратная связь

Дисциплины:






АЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ,ЕГЕМЕН МЕЛЕКЕТ. 1995Ж.КОНСТИТУЦИЯ



Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады. Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Қазақстан Республикасының

67.Тәуелсіз Қазақстанның саяси құрылымы. ҚР Конституциясы 93-95. 1993 жылғы қаңтардың 28-i Қазақстанның тарихына оның тұңғыш демократиялық Конституциясының туған күнi ретiнде ендi. Ол жаңарған республика халқына, оны мекендейтiн барша жұртқа, олардың бақытты болашағы, келiстi келешегi үшiн бағдар беретiн негiзгi құжат-азат елдiң Ата Заңы.

Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның құрамдас бөлімі – еліміздің қоғамдық даму ерекшілігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау. Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.Конституцияның 3-бөлімі мемлекет, оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. 4-бөлімі Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары:



-Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық;

-Халық игілігін көздейтін экономикалық даму;

-Қазақстандық патриотизм;

-Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу.

Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының кiрiспесiнде былай делiнген: «Бiз, Қазақстан халқы, дүниежүзiлiк қоғамдастықтың ажырамас бөлiгi бола отырып, қазақ мемлекеттiлiгiнiң бұлжымастығын негiзге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi, өзiмiз үшiн және өз ұрпақтарымыз үшiн лайықты өмiрдi қамтамасыз етудi қалай отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңымыздың алғашқы бөлiмiнде конституциялық құрылыстың негiздерi баяндалған. Онда Қазақстан Республикасы (Қазақстан)-демократиялық, зиялы және бiртұтас мемлекет екендiгi, оның жерiнiң тұтастығы мен бөлiнбейтiндiгi және оған қол сұғуға болмайтындығы жазылған.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң басшылығмен және тiкелей қатысуымен әзiрленген елдiң жаңа Конституциясын қабылдау жөнiндегi республикалық референдумның маңызы аса зор болды. 3.Жаңа Конституция 1995 жылғы 30тамызда қабылданды Заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері: Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды; Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды; Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, тек Конституция мен заңға бағынады.

Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...