Главная Обратная связь

Дисциплины:






Республикада көппартиялы жүйенің өріс алуы



Қазақстанның зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу барысындағы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты -республикада көппартиялы жүйенің өріс алуына жол ашты.

Заңды түрде өмір сүрген көппартиялы жүйе қоғамда әр түрлі мүдделер мен көзқарастарды мойындауды білдірді. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркеліп, әрекет еткен үш саяси партия - Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Қазақстанның халық конгресі» мен қоғамдық қозғалыстар - ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей», «Қазақстанның халық бірлігі», «Азат» азаматтық қозғалысы, 11 республикалық ұлттық- мәдени топтар болды. Сонымен бірге республикада 300-ден аса коғамдық-саяси бірлестіктер, олардың ішінде ондаған әр түрлі қорлар жұмыс істеді.

Саяси процестерге қатысатын, бірақ әр түрлі себептермен заңды қызметке рұқсат алмаған партиялар мен әлеуметтік қозғалыстар да болды. Қазақстандағы ықпалды саяси қозғалыстардың бірі - өз қатарына әр түрлі әлеуметтік топтардың, негізінен, интеллигенттердің бір бөлігі мен басшыларды біріктірген «Қазақстанның халық бірлігі» одағы еді. Одактың ұйымдастыру конференциясында Н.Ә.Назарбаев оның басшысы болуға келісімін берді. Одақтың төрағалығына сол кезде Республика Премьер-Министрінің орынбасары болып істейтін Қ.Сұлтанов тағайындалды.

«Қазақстанның халык конгресі» партиясы республиканың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару, оппозиция, Қазақстан Республикасындағы сот реформасының тұжырымдамасы жөніндегі заң жобаларын қабылдау мен талқылауға, Жоғарғы Кеңестің сайлауына қатысты. Партия басшысы О. Сүлейменовеуразиялық интеграция идеясын жақтаушы ресейлік «Азаматтық одақ» және «Демократиялық реформалар қозғалысы» сияқты қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатты.



Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) өзін ұйымдық жағынан нығайту, материалдық-техникалық базасын жақсарту жолында біраз жұмыстар атқарды. Осы мақсатпен ҚСП саяси атқару комитеті партияны қолдайтын кәсіпкерлер мен коммерциялық құрылымдардың республикалық мәжілісін өткізді. 1993 жылы күзде «Қазақстан халық конгресі» сияқты бұл партия да өз газетін шығара бастады.

«Азат» қозғалысы мен Қазақстан Республикалық партиясы тактика жағынан көп қиыншылыққа ұрынды. Бірқатар басшылар өкіметті әлсіздігі, батылсыздығы үшін айыптап, оған үнемі қысым көрсету жолын берік ұстанса, басқалары келісімпаздық тактикасына ойысып, қоғамның эволюциялық дамуын жақтады. Мұндай алшақтық кейіннен дербес ұйымдардың құрылуына алып келді.

Өз төңірегіне негізінен республикадағы славян халықтары өкілдерін топтастырған «Лад» республикалық қозғалысы өз қатарын нығайту жөнінде белсенді жұмыс жүргізді. Осылайша 1993 жылдың соңында қоғамдық-саяси қозғалыстар республикада нақты саяси күшке айналды. Қалыптасу кезеңінен өткен саяси партиялар күнделікті қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдіріп, қызмет аумағын едәуір кеңейтті және өздерінің саяси күреске араласа алатынын көрсетті. Қозғалыстардың басшылары бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалана бастады.

Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі[өңдеу]

Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды.Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылған гуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында кернекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден, оның қатарындағы үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден, Өзбекстаннан делегациялар келді. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, көрнекті ақын және қоғам қайраткері О. Сүлейменов, Түркияданкелген дінтанушы ғалым Халифа Алтай, Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледі. Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумы үлкен рөл атқарды. Форумда интернационализм, тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және ақырына дейін жүргізетініне, олардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билігін жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесі болды. КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді. Сондықтан «Кеңестерге не істеу керек?» деген сұрақ қоғамның кең топтарының арасында айтыс-тартыс нысанына айналды. Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.

Өзін-өзі тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесінін депутаттары мәлімдеп, басқа депутаттарды өздерінен үлгі алуға шақырды. Өз әріптестеріне арнаған үндеуде олар мұндай шешім қабылдау себебін ескі кеңестердің бүгінгі заманда елдегі саяси және экономикалық процестерде елді дағдарыстан шығаруға ықпал ете алмайтындығымен түсіндірді. Қараша айының соңына таман өзін-өзі тарату жөнінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері, жүзге тарта жергілікті кеңестер мәлімдеді. Бірқатар халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы жайлы мәселе көтерді.

Осындай жағдайда 1993 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің XI сессиясының екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев, Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық өкілдер қатысты.

Кіріспе сөзді Жоғарғы Кеңестің төрағасы сөйледі. Кеңестердің болашағы жөнінде депутаттардың көзқарастары екі ұдай болды. Депутаттардың басым көпшілігі жергілікті кеңестердің өкілеттілігін жаңадан сайланған жергілікті өкілдік органдары жұмыс істей бастағанға дейін, мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтады. Барлық ұйымдастыру-құқықтық істер әкімшілік басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексін» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімін жариялады. Келесі Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент болды.

 

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...