Главная Обратная связь

Дисциплины:






НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ШАРТЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР. 2 страница



72. Тәуелсіз Қазақстандағы білім беру саласының дамуыБілім жүйесі. Қазақстан­да білім жүйесінде көпте­ген оң өзгерістер орын ал­ды. Ең бас­ты­сы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стан­дарт­та­ры жа­сал­ды, оқыту­дың жаңа әдісте­месі енгізілді. Қазақстан Рес­публи­касын­дағы білім бе­рудің жай-күйі алғаш рет 1995 жы­лы көктем­де оқу са­ласы қыз­меткер­лерінің рес­публи­калық кеңесінде талқылан­ды. Гим­на­зи­ялар, ли­цей­лер, же­ке және ав­торлық мек­тептер ашыл­ды. Та­рих, ана тілі 1–5 сы­нып­тар үшін оқу пәндері бойын­ша оқулықтар шығарыл­ды. Егер соңғы кез­ге дейін Қазақстан мек­тептерінде тек бұрынғы КСРО та­рихы оқытыл­са, енді қазақ халқының өз та­рихын те­рең тал­дап оқытуға көңіл бөлінді.Қазақстан­ның Білім және ғылым ми­нистрлігінің де­рек­тері бойын­ша 2000/2001 оқу жы­лын­да ел­де жал­пы білім бе­ретін мек­тептердің са­ны 8 109 бол­ды. 2 «Ин­тернет – мек­тепте» бағдар­ла­масы аясын­да 1 414 оқу ор­ны, оның ішінде 868 ауыл мек­тебі ақпа­рат желісіне қосыл­ды. 2007 жылғы та­мыз айын­да Қазақстан­да «Білім ту­ралы» жаңа Заң қабыл­данды.Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің 2004 жылғы 11 қазан­дағы жар­лығымен бекітілген «Қазақстан Рес­публи­касын­да білім бе­руді да­мыту­дың 2005–2010 жыл­дарға ар­налған Мем­ле­кеттік бағдар­ла­масын­да» 12 жыл­дық ор­та білім бе­ру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақса­ты – жаңа ке­зеңнің та­лап­та­рына сай жас­тарды өмірге ба­улу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгей­де білім бе­ру.Қазақстан мек­тептерінде са­палы білім алу­ды қам­та­масыз ету мақса­тын­да 2004 жы­лы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.

Ғылым. Еге­мендік алған жыл­да­ры еліміздің ғылы­мын да­мыту са­лала­рын­да үрдіс өзгерістер байқал­ды. Қазақстан Рес­публи­касы Ғылым Ака­деми­ясы­ның құры­лымы мен ғылы­ми ізденістерінің тақырып­та­ры жаңа та­лап­тарға сай қай­та­дан қарас­ты­рыл­ды. Ә. Х. Марғұлан атын­дағы Ар­хе­оло­ги­ялық инс­ти­тут, Ғарыш­тық зерт­теу, Ме­хани­ка және ма­шина, Ин­форма­тика және басқару, Фи­зика-тех­ни­калық проб­ле­малар­ды зерт­теу т. б. инс­ти­тут­та­ры ұйым­дасты­рыл­ды. Са­лалық ғылым ака­деми­яла­рының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Рес­публи­касы Ин­же­нерлік ака­деми­ясы құры­лып, жұмыс істейді, ал Ауыл ша­ру­ашы­лық ака­деми­ясы Қазақстан Ұлттық ака­деми­ясы­ның құра­мына енгізілді. Ғылы­ми дәре­желер тағайын­дау және ғылы­ми атақтар бе­ру, дис­серта­ци­ялық жұмыс­тардың са­пасын бақылап бекіту үшін рес­публи­ка Жоғары ат­теста­ци­ялық ко­митеті құрыл­ды.2000 жы­лы Рес­публи­ка бойын­ша 400-ден аса ғылы­ми инс­ти­тут­тар мен ғылы­ми ор­та­лықта­рын­да 17 мыңнан ас­там ғалым­дар қыз­мет етті. Бұлар­дың 1000-ы ғылым док­торла­ры бол­са, 2800 ғылым кан­ди­дат­та­ры еді. Еге­мендік алған уақыт­тан бері ғалым­дардың зерт­те­улері нәти­жесінде 5 мың ав­торлық куәлік, 1354 ше­телдік па­тент­тер және 13 ли­цен­зи­ялық келісім куәлан­ды­рылып бекітілді. Ғылым мен білім эко­номи­каның бәсе­кеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қам­та­масыз ету және мем­ле­кет әуелетін арт­ты­руға өзінің тиісті үлесін қос­ты.Жаңа оқу жылы тың серпіліс, жағымды жаңалықпен басталды. Елбасымыз Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді.



73. ҚР сыртқы саясаты (1991-күні бүгінге дейін) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

74. 2030 стратегиясы1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялық апатқа” ұшырайды.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:
1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.
2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.
5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.

Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.Экономикалық стратегия.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.
2. Жекешелендіру процесін аяқтау.
3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.
4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.Алдағы міндет:
1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.
2. Инвестицияларды пәрменді тарту.2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді:
1. Ауыл шаруашылығы;
2. Орман және ағаш өнеркәсібі;
3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;
4. Тұрғын үй құрылысы;
5. Туризм;
6. Инфрақұрылым жасау. Әлеуметтік стратегия.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:
1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.
2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.
3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.Ресурстарды пайдалану стратегиясы.Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:
1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.
2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.
3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.
4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.
5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:
1. Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.
2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау.
3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.Автомобиль жолдары бойынша:Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.Әуе көлігі бойынша:
1. Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру.
2. Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.Су көлігі бойынша:Ақтау” айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтру үшін шетел инвестицияларын тарту.Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша:
1. Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру.
2. Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен

бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі ірі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды. 1991 жылы Дружба-Алашанкоу темір жолы салынды, ал 1991 жылы мамырда Теджин-Серахс-Мешхед темір жол торабы (290 шақырымдық) іске қосылды.Басқару саласындағы стратегия.Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:
1. Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.
2. Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.
3. Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:1. Ықшам әрі кәсіпқой үкімет.
2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
3. Ведомстволық үйлестіру.
4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
7. Кадрларды талдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.Қоғамның даму стратегиясы.Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:
1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.
2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.
3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.
4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.
5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.
6) Ауылшаруашылық жерлері.
7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.
8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:

 

 

1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет. 2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі. 3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы. 4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы. 5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары. 6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы. 7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару. 8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі: 1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар; 2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары; 3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар; 4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың –Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады. 75. Қазақстанның сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық[өңдеу] Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық[өңдеу] Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық[өңдеу] Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық[өңдеу] Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. Мұсылман елдерімен ынтымақтастық[өңдеу] Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. Еуропа Одағымен ынтымақтастық[өңдеу] Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері[өңдеу] Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРОреспубликаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық[өңдеу] Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті. Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін 76. «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы шегіндегі ЕО елдерімен Әділет министрлігінің ынтымақтастығының бағыттары туралы Баспасөз-реализі -AA+A 19.02.2009 2009 жылдың 19 ақпанында ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева Қазақстан Республикасында өкілдік берілген Дипломатиялық Миссия Басшыларымен кездесті. Кездесу барысында Еуропалық Одақ елдерінің Қазақстанмен құқықтық салада атап айтқанда «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы шегіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осыдан басқа Министр БАҚ, саяси партиялар, сайлау туралы ұлттық заңнаманы жетілдіру, диффамация мәселелері бойынша Еуропалық елдердің жағымды тәжірибесін зерттеуге және алмасуға Қазақстанның қызығушылығын білдірді.   Жиналыста Қазақстанда өлім жазасын қолдану мәселесі де көтерілді. Осы себеп бойынша Министр Парламент Мәжілісіне тиісті заң жобасы енгізілгенін хабарлады.Жобада өлім жазасы тағайындалатын қылмыс құрамдарын қысқарту қарастырылған. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат Концепциясына сәйкес еуропалық елдермен жанжақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие болып табылады. 2008 жылдың 28 тамыздағы Президент жарлығымен 2009-2011 ж.ж. арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны қабылдаудың қажеттілігі елдің ішкі дамуының маңызды мәселелерін шешудің, еуропалық бағыттағы ұлттық приоритеттерді дайындаудың, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграцияны және институттық-құқықтық реформалардың тәжірбиесіне баулаудың, технологиялық, энергетикалық, транспорттық, сауда, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығымен байланысты. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы еуропалық елдермен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығу болып табылады. Әділет органдары саласында ынтымақтастықтың негізгі приоритеттері 2008 жылдың 27-28 қарашасында Брюссель қаласында өткен «Верховенство права – краеугольный камень развития» атты тақырыбындағы билікті оңайлату бойынша Еуроодақ Бастамасын іс жүзінде жүзеге асыру приоритеттері» тақырыбындағы ЕО және ОА әділет министрлері кеңесі шегінде талқыланған болатын. Брюссельде өткен кеңесте ұсынылған Орталық Азияда құқық билігін жеңілдету жөніндегі Еуропалық Одақ Бастамасы Еуроодақтың Қазақстан Республикасымен құқықтық салада қарым-қатынастарды дамыту ниетін растайды. Дипломатиялық Миссия Басшылары әділет Министрінің бастамасын бірауыздан қолдады және өз кезегінде өзара құқықтық ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Әділет министрі Еуроодақ елдерінің әріптестерімен тығыз байланыс орнатуды ұсынды. Кеңеске қатысушылар біріккен жобаларды оның ішінде әділет органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және әділет органдары қызметін жаңарту мен жетілдіру бойынша ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тәжірбиемен алмасуды іске асыруға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімдерге қол қоюға келісті. Ведомствоаралық ынтымақтастық шегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Еуропаға жол»Мемлекеттік бағдарламасында Мемлекет басшысы анықтаған тапсырмаларды, атап айтқанда халықаралық құқық нормаларын және адам құқықтарын сақтау саласында халықаралық шарттарды қолдану, қылмыстық жазаларды орындау, нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және талдау саласынды жағымды тәжірбиені енгізу және зерттеу бойынша іске асыруға ниетті. Еуроодақ әділет органдарымен тығыз ынтымақтастықты орнату «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасында және Бастамада баяндалған тапсырмаларды табысты жүзеге асыруға септігін тигізеді. 77. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды.  
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2012 жыл ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2011 жыл БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2009 жыл ДАҒДАРЫСТАН ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУҒА Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2008 жыл Қазақстан азаматтарының ауқатының өсу – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2007 жыл ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ӘЛЕМДЕ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2006 жыл Қазақстанды әлемнің бәсекелеске қабілеттілігі бар 50 елдердің қатарына ену стратегиясы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2005 жыл ҚАЗАҚСТАН ТЕЗДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖОЛЫНДА Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2004 жыл БӘСЕКЕЛЕС ҚАЗАҚСТАНҒА, БЕСЕКЕЛЕС ЭКОНОМИКАҒА, БӘСЕКЕЛЕС ҰЛТҚА Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2003 жыл 2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2002 жыл 2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2001 жыл МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2002 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2000 жыл ТӘУЕЛСІЗ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМҒА Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1999 жыл ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІГІ Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1998 жыл МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ: ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМА Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1997 жыл БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРКЕНДЕУІ

 

 

 

78. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы 1998 ж. 26 маусымдағыҰлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттШанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:

· мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;

· саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

· ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҮҮ-ның мақсаттары мен принциптерін үстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық түтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫ¥ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫ¥ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады.

79. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...