Главная Обратная связь

Дисциплины:






АЗАҚСТАН-2050» ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ



Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында, елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы — «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет, Елбасымыз Қазақстан халқына жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті жолдауын жария еткен болатын. Қазақстан «2050 стратегияның бағыттары» мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында. Елбасының халыққа Жолдауында ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа саяси бағыт. Басты мақсат – ХХІ ғасырда қазақ елінің орнықты дамуын жалғастыру, осы ғасыр ортасында әлемдегі ең дамыған 30 елдің санатына қосылу. Президент ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы біздің болашақ табыстарымыздың, үсті­міздегі ғасырдың ұзақ жолының бағдары, жолбасшысы болмақ. Қазіргі заманда, құбылысы, жолайырғы көп заманда, адам да, бүкіл ел де адасады. Бізден екі ғасыр бұрын егемендік алған Латын Америкасы елдері дамитын жолдарын дұрыс таба алмай бір жарым ғасыр бір ілгері, бір кейін жүріп, тек кейінгі жарты ғасырда ғана беталыстарын түзегенін тарихтан жақсы білеміз. Осындайда адасып, жүрер бағытын дұрыс анықтай алмай жүрген елдер әлі де баршылық. Сондықтан да аталмыш Стратегияның тіке жүріп, діттеген мақсатымызға жетуде маңызы зор.

82. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы («Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясы» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы) аса дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосылуы мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету стратегиялық курсын жариялауы алдында жүргізілген реформалармен анықталған еді.. «Тіршілік ету мәселесін» шешіп және экономикалық өсімнің тұрақты деңгейіне жеткендіктен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен қоғам өмірінің сапасын көтеру міндеті толықтай негізді түрде қойылып отыр. Елге әлемдік нарықтың талаптары тұрғысынан қарау тиісті аймақтық дамыту бағдарламаларын әзірлеуді міндеттейді. Бұл ғылым, білімді де, экономиканы да әлеуметтік қызметті де дамытуға қатысты.
Қазақстанның әлемдегі елу бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына ену бағдарламасы мемлекеттің көптеген аймақтары мен әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық деңгейінің бір-бірімен байланысты тапсырмалардың кешенді шешімі болып табылады. Оларға ең бірінші халықтың жұмыспен қамтылуы мен қазақстандық еңбек нарығы жатады. Тек жұмыспен қамтылу аясында тиімді өнім еңбек негізінде ұлттық тауар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қамтиды, ол өз кезегінде жабдықтардың техникалық жаңартылуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне, көбінесе адами шикізаттың жаңа сапасына тәуелді.
Жаңашылдық – индустрия даму және жоғары технологиялық экономикаға өту жағдайында жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндіру, бірқатар нарық талаптарына сай кәсіби білімді көтеру және кадрларды мамандандыру, дайындау жүйесін қайта бағыттау мен реформалау және маманданған жұмысшы күштерді қайта дайындауды қажет етеді.
Мемлекеттік дамудың таяу болашақтағы басты мақсаты – бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу. Бұл міндетке Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында тоқталып келеді. Ал мұндай мақсатқа біз экономика табысының шикізатқа тәуелді болуын жойғанда ғана қол жеткізе аламыз. Осы негізде ел Үкіметі экономикамызды әртараптандыру міндетін мойнына жүктеп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қабылдаған болатын. Аталған бағдарлама аясында бүгіндері еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген өндіріс орындары ашылуда. Дегенмен Кеден одағына ену, келесі жылы бірыңғай экономикалық кеңістік құру секілді ауқымды мемлекетаралық деңгейдегі қадамдар осы бағыттағы, нақтырақ айтқанда, ел экономикасын әртараптандыру ісін жеделдетуді талап етуде.
Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр. Дамушы елдерді мүлдем өзге проблема – сапалық тұрғыдан жаңа инновациялық негізде ұзақ мерзімді тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуді мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты ретінде белгілеу ойландыруда. Экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатудың, қоғамның тұрақты дамуы үшін материалдық базаны қалыптастырудың негізі болуға, сондай-ақ дамыған елдермен қатар, дамушы елдердің әлемдік шаруашылық процестерге теңдей қатысуына кепілдік беруге тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасы ғаламдық дағдарыстың салдарын еңсеру проблемасын шешуде. Соңғы жылдары елімізде байқалған экономикалық өсу дүниежүзілік шикізат нарықтарының конъюнктурасына негізделді. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының жоғары қарқынмен өсуінің шамамен 90% дүниежүзілік шикізат нарықтарында қалыптасқан қолайлы баға конъюнктурасы негізінде қол жеткізілген. Сондықтан ЖІӨ-нің құрылымында негізінен өндіруші саланың, сауда-делдалдық қызметтердің, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың, өнеркәсіптің үлесі басым болып отыр. ЖІӨ-нің құрылымында қызметтердің үлесі айтарлықтай үлкен емес, бұл орайда көлік және байланыс саласында теріс динамика байқалуда, ал шамадан тыс ұлғайтылған қаржы секторы материалдық түпкі макроэкономикалық нәтижелерде қандай да болмасын қомақты роль атқармайды, мұндай жағдай экономикалық өсу проблемасын, ұлттық экономика дамуының баламалы факторларын кешенді зерттеудің өзектілігін арттырып отыр.



88.Қазақ қоғамдық-саяси және экологиялық қозғалыстар (Невада-Семей, Арал)

Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар.

Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:

«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.

«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста.

«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.

Орыс қауымы (русская община) - Әділет министірлігінде қыркүйектің 1- інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады.

Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады.

Қазақстанның жастар одағы – дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді.Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар.

Одақтың негізгі мақсаты – жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру.Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.

Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты – Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.

Адам құқығы бюросы.Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қрғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.

«Невада-Семей» халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық «Невада-Семй-Морура-Лобнор-Новая Земля» ядролық соғысқа қарсы бірлікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты- ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау. Табиғатты, Адамды, Мәдениетті қайта жаңғырту.Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, «ядролық қарусыз ел» деп жарияланды.Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.

«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.

Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелеки үстел,Мәскеуде арал күні,Арал аймағында экоклогиялық апат туралы телемарафон өткізіледі.1996 жылы халықаралық «Арал-азия-Қазақстан» қоғамдық комитетінің мәртебесі бекітілді.

89.Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ағымдар.
«НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясы. Төрағасы – Нұрсұл
тан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.

Қазақстан коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдә ұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы. 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген.. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру.

Қазақстанның патриоттар партиясы. Партия төрағасы – Ғани Есенкелді ұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар.

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партия төрағасы - Әлихан Мұхамед ұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік.

«Руханият» партиясы. Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту.

«Әділет» демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген.

Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған.

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП). Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді.

3. Қазақстан 2030 бағдарламасы1997 жылғы қазан – Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың «Қазақстан – 2030» жол­да­уы жа­ри­ялан­ды. Қаралған мәсе­лелер:Эко­номи­калық дағда­рыс­тан шығу жол­да­ры.Ре­фор­ма­лар­ды аяқтау.Ал­дыңғы қатар­лы мем­ле­кет­тер қата­рына қосы­лу.«Қазақстан ба­рысын» қалып­тасты­ру Жол­да­уда бо­лашаққа бол­жам, қазіргі жағдайға тал­дау жа­салып, ішкі және сыртқы са­ясат­тың негізгі бағыт­та­ры, рес­публи­каның да­му­ының ерек­шеліктері ай­тыл­ды.Бұл бағдар­ла­мада еліміздің са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ының жақын ара­дағы және стра­теги­ялық ұзақ мерзімдегі да­му жол­да­ры көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 ба­сым­дық:Ұлттық қауіпсіздікті сақтау 2 Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын нығай­ту 3 На­рықтық қаты­нас­тар негізінде эко­номи­калық өсу. 4 Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығын, білімі мен әл-ауқатын көте­ру.н а­рықтық қаты­нас­тар негізінде эко­номи­калық өсу.5 Энер­ге­тика ре­сурс­та­рын же­те пай­да­лану. 6 Инф­рақұры­лым, көлік, бай­ла­ныс­ты да­мыту. Теміржол, Ав­то­мобиль жол­да­ры, Әуе көлігі, Су көлігі, Бай­ла­ныс және те­леком­му­ника­ци­ялар желілері 7Де­мок­ра­ти­ялық кәсіби мем­ле­кет құру.Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды

90. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-суретші Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде,мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды.Оған Қазақстан ақын, композитрлары қатысты.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзак ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді:

Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондыктан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразияқұрлығының орталығы болып табылады.

Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.

Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда.

Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласынҚазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты.

1997 жылдың 10 желтоксанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.

 




 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...