Главная Обратная связь

Дисциплины:






Йсіндер, қаңлылар, ғұндар



Үйсіндер шамамен б.э.д. 160 ж Жетісу өлкесінде мекендеді. Олар Сақ тайпаларының үстемдігін әлсіретіп, олардың жоғарғы князь билеушілері, Гуньмолар өздерінің үстемдігін орнатты. Үйсіндер негізінен Іле өңірінде қоныстанып өмір сүрген, ал батыс жағында Талас, Шу алқабында мекендеген қаңлылармен шекаралас қоныстанса, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен көршілес қоныстанып өмір сүрген. Үйсіндердің астанасы, Чичуген (қызыл Аңғар қаласы) Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Үйсіндердің шаруашылығы кешенді түрде мал шаруашылығы және жер шаруашылығы жағдайында дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Бұл шаруашылық экономикасының дамуында жетекші роль атқарып отырды. Жер шаруашылығын жүргізу және жайылымдық жерлерді пайдалану жүйесі үнемі жетілдіріліп отырды. Жоғары дәрежедегі ауқатты байлар, орта дәрежедегі және қарапайым адамдар өмір сүрген үкімет билігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.

Қаңлылар. Қаңлы мемлекетінің халықтары негізінен жер, мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-сатықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммен және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар жасады. Қаңлы мемлекеті туралы алғаш рет біздің дәуірге дейінгі ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Сол деректердің қортындыларына сүйенсек бұл мемлекеттің орталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Кейбір мәліметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетін патша басқарған. Олардың патшалары «би немесе Ябгу деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттік аппарат құрамында патшаның орынбасары және үш кеңесшісі болды. Қаңлы халқының этникалық құрамы жайлы мәселе әлі күнге дейін толық зерттеліп шешімін таппаған мәселе болып табылады.



Ғұндар. б.э.д. ІҮ-ІІІ ғасырларда қазіргі Монғолияда мемлекетінің территориясында, Қытайдың батысында және Оңтүстік Сібір жерлерінде көшпелі Ғұн тайпаларының күшті саяси бірлестіктері қалыптасты. Б.э.д. 47 жылғы Ғұндардың үдере көшуі, ішкі айтыс-тартыстар Ғұндардың екіге бөлінуіне әкеп соқты. Солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Солтүстік бөлігі Қытай империясының қол астына өтіп, оңтүстік бөлігі өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Хундардың үдере көшуінің енді бір толқыны, б.э.д. 93 жылы басталды. Олар жолдарындағы тайпалардың бірін өздеріне ертіп енді біреулерін тізеге салып батысқа қарай жөңкіді. Сөйтіп олар Сырдария Арал маңайына Орталық және Батыс Қазақстанға сыналай кірді. Алайда Ғұндар бұл жерлерде біржола тұрақты қалған жоқ. Олар орыстардың далалы аймақтарын басып өтіп, Дунай арқылы Батыс Европаға дейін жетіп Ғұн деген атпен ғұмыр кешті. Сонымен б.э.д. ІІ ғасырдан бастаған Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б. заманымыздың ІҮ ғасырына дейін созылған. Ғұндардың жоғарғы билеушісі шаньюй деп аталды. Егер патриархтық-рулық құрлыстың кезінде шаньюйді ру ақсақалдары сайлайтын болса, ал патриархтық-феодалдық жаңа қатнастың дамуына байланысты Шаньюйдік ендігі жерде мұрагерлікке көшеді. Шаньюй өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болды. Ғұндардың экстенсивті мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Олардың отырықшылары жер шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар үнемі көшіп-қонып жүргендіктен Ғұндардың тағы бір негізгі шаруашылығы аң шаруашылығы болды. Деректемелерге қарағанда Ғұндар 24 руға бөлінген оларды ру басылары ақсақалдар басқарған. Рулық құрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары сақталды. Халық жиналыстарында ру басылары мемлекеттік істерді талқылап шешіп, құрбан шалып, ол ойын сауыққа айналып ат түйе жарыстарын тамашалайтын болған. Ғұндар соғыста тұтқынға түскендерді құл етіп жұмсады. Ал, ел ішіндегі тұрмысы төмен адамдар үй қызметтерінде, бақташылық, жер шаруашылық және қолөнер салаларында жұмыстар атқарды.

Сақтар

Сақ тайпалары негізінен үш топтан тұрады. Тиай-парадрайа-сақтар -теңіздің арғы бетіндегі сақтар, Хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), Тиграхауда сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар) деп аталды. Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Парадария сақтары қаратеңіздің солтүстігінде, Амудария өзенінің бойында және Сырдарияның төменгі ағысы Арал теңізі жағаларында шашыраңқы жағдайда өмір сүрген. Тиграхауда сақтары Сырдарияның орта ағысында және Тянь-Шань аудандарын мекендеген Хаомаварга сақтары Мурғаб өңірінде орналасты. Сақ тайпаларының басым көпшілігінің көшпелі тұрмысы ыдыстың жаңа түрлерін туғызып жаңа материалдарды-металл, тері және ағашты қажет етті. Көшпелі тұрмыс басым болған аудандарда керамикалық ыдыстар аз ұсталып керісінше тері, ағаш және металдан жасалған ыдыстар көп пайдаланды. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Олар қой, түйе, жылқы өсірді, ал ірі қара аз өсірілді. Сақтардың дамып, өркендеп тұрған дәуірінде кеңбайтақ далалы, таулы өңірлерде Европа мен Азияны жалғастырып жатқан халқаралық транзиттік сауда жолдары пайда болып, бұл сауда /керуен/ жолдары Батыс пен Шығысты және Жерорта теңізі мен Қытайды бір-бірімен жалғастырды. Б.э.д. ІҮ мыңжылдықтарда Орта Азия, Таяу, Орта Шығыста Ассирия, Индия мемлекеттері орнады. Осы мемлекеттердің солтүстігінде қазіргі қазақ территориясын сақтар б.э.д. ҮІІ-ІІІ ғасырларда мекендеді. Сақ деген сөз -Парсыша «ержүрек деген мағынаны білдіреді. Сақтарды грек авторларының шығармаларында скифтер деп атаған. Скиф деген сөз барлық көшпелілерге ортақ ат. Ассирия Индия мемлекетінің патшалары сақтарға қарсы үнемі шабуыл жасап, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған Ассирия, Индия мемлекеттерін жаулап алған Александр Македонский Орта Азия сақтарымен кездеседі. Сақтар Сырдария бойында Македонскийдің шығысқа қарай шабуылын тойтарған. Сақ тайпасының оның ішінде көсемдерінің қорғандары, Талас Шу, Іле өзендерінің бойында Алатау бойында көп кездеседі. Алматыдан шығысқа қарай 50 км жерде зайлы Алатау өңіріндегі Есік қорғаны атанған ескерткіш сақтардың өмірінен көп мәлімет береді. Қорғанның диаметрі 60 м, қорғанға екі адам көмілген де оның ортадағысы ертеде тоналған, жанындағысы аман қалған қорғаннан әр түрлі алтын бұйымдар, ыдыс-аяқ, күміс қасық, 26 әріптен құралған жазуы бар кішкене кесе, өлген адамның қолында алтынмен күптелген садақ ұшы, алтын оқ, қамшы т.б. көптеген дүние мүліктер табылған сақ тайпалары металл оның ішінде қола, алтын қорту кәсібімен шұғылданған. Сақ заманы тайпалары мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алды. Соның ішінде «аң стилді бейнелеу шығармашылығы ерекше аталды. Онда бұғы, қой, түйе, жолбарыс, барыс, қыран т.б. аңдардың бейнесі сомдалып жасалды. Аң стиліндегі өнер хайуандар бейнелерін нақты бейнеленген. Сонымен қатар аң стиліндегі жасалған өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Сақ тайпаларының мәдениеті сол кездегі көшпелілердің идеологиялық көзқарасында көрсете білді. Сақтардың мәдениеті туралы нақты мәліметті Есік қорғаннан табылған «Алтын киім киген жауынгерлердің бейнесінен көруге болады, алтынмен жасалған ою-өрнек, тағы басқа бейнелер қаз қалпында сақталған. Ал сақтардың басқадай қолданбалы маңызды түрі ою-өрнектері болды, ол аң стилі өнерімен байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз /тері, киіз, ағаш, жүн, металдар/ тез шіріп кетеді. Сондықтан да ою-өрнектердің кейбір ерекше түрлері /алтын, күміс, металл/ ғана сақталған. Сондай-ақ сақ заманының көркемдік шығармашылығын жартастардағы суреттер толықтыра түседі. Мысалы, «Таңбалы тасң /Алматы облысы/.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...