Главная Обратная связь

Дисциплины:






Түрік және түргеш қағанаты



ҮІ ғасырда Қазақстан территориясында аса күрделі саяси оқиғалар болды. Алтай-Сібір, Монғолия жерінде мекендеген тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды. Мемлекет басшысы түрік тайпасының ашина руының ұрпақтарынан шықты. ''Түрік’’ этнонимінің алғаш рет аталуы, қытай жылнамаларнда кездеседі және ол 542 жылға жатады. Түрік қағаны Бумынь 552 жылы көктемде аварлар ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіліске ұшыратады. Осы кезден бастап түрік билеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырған Бумын түрік руларының тұңғыш қағаны болды. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің Батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Жаңадан құрылған түріктердің алып мемлекетін қаған басқарды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болса одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтардың қолында болды. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілген. Сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарған жергілікті жерлерде қағанның негізгі тіректері бектер болған қара жұмыс істейтін қаналушы халық түркі тілінде ''қара бұдындар’’- деп аталған. ‘’Тат’’- деген әлеуметтік правосыз бір тап болған ''Тат'' түрікше - құл деген мағынаны білдіреді. Сонымен түріктердің әлеуметтік тұрғыдан мынандай 3-топқа бөлінгендігін білеміз. 1/ Бектер; 2/ Қара будындар /бухара халық/; 3/ Тат- /құлдар/ қағанаттың ішкі сыртқы жағдайларының шиеленісуінің салдарынан 603 жылы түрік қағанаты батыс, шығыс болып екіге бөлінді. Қағандықтың халқының этникалық құрамы ‘’Он оқ будын’’ тайпалары болған. Батыс Түрік қағанаты ''ежелгі усун жерлеріне’’ ірге тепті, демек оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерлерді алып жатты. Шу өзенінің шығыс жағын дулулардың 5 тайпасы, ал батыс жағында нушибилердің 5 тайпасы мекендеген. Батыс Түрік қағанатының ордасы Суяб қаласы болды. Қырғыздың /Тоқмақ қаласының маңы/ жазба деректерде қағанаттың тарих сахнасына көтерілген уақыты жегу қаған /610-618ж.ж./ мен Тон қағанның қағандық құрған кездері. Тон Жабғу қағанның баласы Тарду Шадтың Тохорстан мен Канису Ауған жерлеріне жүргізген жорықтарының нәтижелі аяқталуы қағандықтың оңтүстіктегі шекарасын Индияға дейін кеңейткен.



Батыс-Түрік қағандығында билік сатылы түрде жүргізілген. Қаған билігі шексіз мұрагерлік түрде жүргізілсе одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолында болған. Үшінші билік Қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болған -оларға берілген. Сот функцияларын бұйрықтар мен тархандар орындады.

Қағанат негізгі қара жұмыс істейтін халқы түркі тілінде ‘’қара бұдындар’’ -деп аталған. Бұл сөз қазақ халқының ‘’Қалың бұхараң немесе ‘’Қара халық’’- деген сөздердің мағынасына сәйкес келеді. Алым-салық төлейтін барлық ауыртпалықтың ауыр жүгін көтеретін осы ‘’Қара будындар’’ болған.

Түрік қағанатында қанмен төлейтін салықтың да түрі болған. Ол әскери міндеткерлік қызмет атқару. Олар майдан шебінің алдында жүрген. Мұндай қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған.

Батыс-түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатнастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан батыс-түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатнастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Қағандық үшін дулу мен нишаби тайпаларының арасында талас басталды да өкімет үшін болған он алты жылғы созылған /640-657/ ұзақ соғыс қағандықты мүлде әлсіретеді. Қағандық Іле өзеніне дейінгі аралықта екі үлкен тайпаның қол астында екіге бөлініп кетеді. Батыс-түрік қағанатының іштей әлсірегенін білген Тан империясы оның жеріне басып кірді, түрік тайпалары әсіресе түргештердің саяси белсенділігінің арқасында ұзаққа созылған соғыс нәтижесінде өз тәуелсіздігін жеңіп алды.

704 жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.ж./

Түркештердің алғашқы қағаны Үшлік, өзінің негізгі тайпаларын екі ордаға бөліп басты орталығын Суяб қаласын Ұлы Орда деп атаса, Іле аңғарындағы Күңгірт қаласын өзінің кіші ордасы еткен. Батыс -түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түркештердің қарамағына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болған. Қағанат 20 әкімшілік аймақтарға бөлінген. Әрбір аймақты тархандар басқарған. Аймақтар жеті жүз мыңнан әскерлер жинаған. Үшлік қаған өлген соң оның орнына баласы Сақал /706-711 жылдары/ қаған болды. Осы кезде қаған билігі үшін сары және қара түркеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Мұны шығыс түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан. Екі тайпаның арасында тартыста Қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сулу қаған болады /715-738ж.ж./. Ол өзінің 715 жылы Қаған деп жариялады. Ордасы Талас /Тараз/ қаласында болды. Сулу қаған болған кезде қағандықтың ішкі-сыртқы жағдайы шиеленісіп кетті. Біріншіден Азиядан арабтар шапқыншылығы күшейіп тұрған болса, екіншіден Оңтүстік шығыс жағынан Қытайдың қаупі төніп тұрды. Сөйтіп Сулу қаған екі жаумен күресуге тура келді.

Сулу қаған Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап арабтарға қарсы күресті. 723 жылы Ферғана, Самарканд, Бухара халықтарының арабтарға қарсы күрестеріне көмектесіп қалалардан арабтарды қуып шықты.

Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сулу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының бірі Бага-Тарханның қолынан қаза тапты. Сулу қаған өлгеннен кейін ‘’қара’’ және ‘’сары'' түргештер арасы ұшығып талас-тартыс күшейіп билік үшін екі тайпа арасындағы күрес 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсіреп, 756 жылы түргештердің құлауына әкеп соғады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...