Главная Обратная связь

Дисциплины:






Арлұқтар /756-940ж.ж./ мемлекеті



Қарлұқтар Алтай, Тарбағатай тауларының баурайларында өмір сүрген. Қарлық қағанатының алып жатқан жері батыс-түрік қағанатының орны немесе қара және сары түргештердің жері. Қағандықтың халқының этникалық құрамы түрік тілдес тайпалар. Қарлұқтардың ақ сүйектері саяси әкімшілік жағынан басты роль атқарған. ҮІІ ғасырда қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды. Ал онда скаяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы күш-құдыретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргештердің екі қағанының ордалары Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу жерлері қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Саяси және әлеуметтік бөліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұқ мемлекетінің біржолата қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал ҮІІІ ғасырдың соңында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде Қарлұқтармен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. Қарлұқтарды қуа отырып ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малдарын қолға түсіріп Орталық Азияға қайтып кетті. Сөйтіп олар 812 жылы қарлұқтар жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды.

Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. 840 жылы ұйғырлардың қырғыздардан жеңілуінен кейін қарлұқтар ұйғырлар үстемдігінен азат етілді. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл-Қадыр-хан Испиджап билеушісі болып өзінің бұрынғы атағы -Жабғуды тастап, Қаған атағын алып, билікті өзінің алуға құқылы екенін ашықтан-ашық жариялады. Алайда Қарлұқтардың билігі берік болмады. Бұл кезде Саманилер әулеті де, өз билігін нығайтуға, мемлекет пен Ислам шекарасын кеңейтуге ұмтылды. 840 жылы саменилердің Самарқандтағы билеушісі ''қасиетті соғыс’’ жариялап Испиджабты басып алды. Сөйтіп Саменидтер мен Қарлұқ қағанының арасында әсіресе Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған соғыстар басталды. Алайда қарлұқтар саменидтер мен арабтардың біріккен күштерінен жеңіліс тауып кері оралған. Олар Оңтүстік Қазақстанға өздерінің ықпалын күшейтіп мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы қиындап, олардың аумағында бытыраңғылық күшейді. Мұндай жағдайда Шығыс Түркістандағы Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріне жылжыды. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да Қарлұқ мемлекетін құлатып Қараханидтер әулетінің үстемдігін орнатады.



Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекетінің тарихы Қазақстан территориясымен тығыз байланысты. Оғыз мемлекеті Сырдарияның ортасы мен төменгі ағысында ІХ-Х ғасырда өмір сүрді. Оғыздардың құрамында Сырдарияның түрік тұқымдас тайпалары, сол сияқты Жетісу, Сибирьдің көшпелі, жартылай көшпелі тайпалары болды. ІХ ғасырдағы ұзаққа созылған қақтығыстан соң оғыз көсемдері Арал маңына, Батыс Қазақстан территориясына үстем болды. Осы жерге орналасқан түрік тайпасы Печенектерге соққы берді. Оғыз мемлекеті әртүрлі рулардан құралды да мемлекет өмір сүріп тұрған кезінде халық болып қалыптаса алмады. Оғыз мемлекетінің басшысы Жабғу деп аталды. Ол үкімет билігін мирасқорлықпен балаларына беріп отырды. Жабғулар сайланды, бірақ ол сайлауда бірінші кезекте жабғудың балалары, сайланатын болды. Оғыз мемлекетінде рулық құрылыс ыдырап феодалдық-патриархалдық құрылыс үстем болды. Оғыз мемлекеті өзінің сипаты жағынан ежелгі феодалдық мемлекет болды. Үкімет салық системасын енгізіп арнаулы салық жинаушылар байланыстар жасады. 965 жылы Оғыз Жабғуы Киев князі Святаславпен хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Соның нәтижесінде хазар қағанаты күйреді. Х ғасырдың соңында бұл екі мемлекет бірлесе отырып Еділ балғарларына соққы берді. Алайда ұзақ жылдарға созылған соғыс, соғыс үшін алынған алым-салықтар Оғыз тайпаларының наразылығын тудырады. Осындай ішкі қайшылықтардың салдарынан Әли ханның басқару кезінде оғыз мемлекетінің жағдайы нашарлайды. Осындай жағдайды пайдаланып салжұқтар Жент қаласын басып алады. Бірақ қала халқы салжұқтарды көп ұзатпай қаладан қуып шығады. Оғыз мемлекеті Әлиханның мұрагері Шахмәліктің тусында қайта көтеріле бастайды. Ол 1041 жылы Хорезімді жаулап алған болатын, бірақ Шәхмәлік көп ұзамай Оғыздарға қарсы қайта көтерілген салжұктардың қолынан Хорезм түбінде қаза болды. Оғыз мемлекеті өз ішіндегі талас тартыстардан әлсірей бастады. Көрші жатқан қыпшақтарда оларға жиі-жиі шабуыл жасап отырған. ХІ ғасырдың ІІ жартысында күшейе бастаған қыпшақтар Оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржолата ығыстырды. Қыпшақтардың қысынына шыдамаған Оғыздардың бір бөлігі Европаның шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан салжүктерінің қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың қарамағында қалып, олармен сіңісіп кетеді де Оғыз мемлекетінің құлауына әкеп соғады.

Имақ қағанаты

Қимақтардың мекені Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан қимақ, қыпшақ тайпалары бірлестігінде феодалдық қатнастар біртіндеп дамыған. Қимақтардың пайда болуы, этникалық құрамы және жеке тайпа болып құрыла бастауы, тарих сахнасында көтерілуі Батыс түркі қағанатының шығыс бөлігінің 656 жылы ыдырай бастағанына байланысты болды. Қимақтар туралы алғашқы деректер б.э.д. қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай тарихнамасының негізін қалаушы Сыма Цян Солтүстік Монғолия жерін мекендеген тайпалардың ішінде, қимақтардың құрамына кірген қыпшақ тайпасы туралы жазады. Кейбір зерттеулер бұл пікірдің негізсіз еместігін растайды. Қимақтар туралы басты хабарлар ІХ-ХІ ғғ. бірінші жартысындағы өмір сүрген араб тарихшысы Абул Валид Мухаммед Әл-Азаракидің ''Мекке қаласының жылнамасы’’ -атты еңбегі. Бүл еңбекте отырар аймағындағы қарлұқ жабғуының қимақ еліне қарай қуып жіберілгендігі хабарланған. Бұл хабардан Отырар аймағына арабтардың келе бастағандығы байқалса, екіншіден қимақ елінің ҮІІІ ғ. өзінде белгілі бола бастағанын білдіреді.

Қимақтар ІХ ғасырдан бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген. Кейбір мәліметтер бойынша Қимақ мемлекетінің орталығы Имакия қаласы. Жазба деректердің хабарына қарағанда кимектердің екінші орталығы Ақкөлдің шығыс жағындағы Карантия қаласы болған. Қимақ сөзінің этнологиясы туралы ғылымда белгілі тиянақты пікір қалыптаспаған. Бірақ та оның түрік сөзі екендігіне ешбір күмән жоқ. Сөздің түпнұсқасы түрікше ‘’Құм’’ деген ұғымды білдіретін сияқты. Деректерде қимақ, имақ /имек/ болып әр қалай кездеседі. Атақты түрік тілінің маманы М.Қашғаридің еңбектерінде де имақтар деп жазылған. ІХ ғ. Ертіс пен Жоңғар алатауының арасында 12 қимақ тайпаларының бірлестігінен қимақ мемлекеті құрылған. Мемлекеттің жоғарғы билігі ханның қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қимақ қағанаты солтүстік, шығыс және Орталық Қазақстанда құрылды. Ол өз мемлекетінің шегінде билеушілерді тағайындады. Қимақ ақсүйектерінің билігі де балаларына мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Қимақтардың малынан айырылған көшпелілерінің /ятуқ, жатақ/ отырықшылыққа көшуге мәжбүр болғаны тарихта айтылады. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары, күшейіп алып қимақтар мекендеген жерлерде үстемдік құрды. Осындай саяси жағдай барысында қимақтар үстемдігінен айырылып қана қоймай қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Сөйтіп тарихта қыпшақтар мемлекетінің орнын басты.

Арахан мемлекеті

Х ғасырдың бас кезінен бастап Қазақстанда феодалдық қатынастар дами бастады. Қазақстанның территориясында феодалдық қатнастардың дамуы барлық аймақтарда, аудандарда біркелкі болмады. Халықтың өмір сүруіне қолайлы, егіншілік пен отырықшылық ерте қалыптасқан сауда жолы басып өтетін Орта Азиямен көптен бері экономикалық байланыста болған оңтүстік ауданда феодалдық қатнастар тез дамыды. Басқа аудандарда көшпелі мал шаруашылығы үстем болды. Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Қашғардың /Шығыс Түркістан/ бір бөлігін қамтыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан деген сөзден шыққан қарахан халқы түрік туқымдас халық. Қарахан мемлекеті 942 жылы орнады. Қарахан билеушілері Исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Мұсылман діні, түрік тұқымдас халықтарды біріктіруде едәуір роль атқарды. Қараханның астанасы -Қашқар. Қарахан ханы Тараз бен Баласағұн қалаларының да билеушісі деп есептелді. ХІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті Саманидтер қарамағындағы Орта Азияның Испиджаб, Бухара, Самарканд сияқты қалаларын басып алып, едәуір күшейе түсті. Сөйтіп бүкіл Сырдария өңірі Қарахандардың қолына өтті.

Қарахандар тұсында түріктердің шаруашылығының негізгі түрі Оңтүстік аудандарда егіндік, Батыс, Солтүстік, Шығыс аудандарда мал шаруашылығы болды. Аң аулау көшпелі және жартылай көшпелі халықтың тіршілік ету негізінің бірі болды. Өзендерден балық аулау кәсібі халық өмірінде елеулі орын алды. Егіншілік аудандарының халқы отырықшы болды. Қарахан мемлекеті жер иелену саласындағы феодалдық қатнастарды дамыта отырып саяси-әлеуметтік жаңа жүйе енгізді. Хандар өздерінің туыстарына халықтан мемлекеттің пайдасына алынатын сияқты тарту етті. Бұл ‘’Иқта’’ деп аталды. Иқтаның бірнеше түрі болды. Иқта арқылы оны иеленуші жер иеленуге ерікті болды. Әскери ихта салықтың ең көп тараған түрінің бірі. Ихта иегері тек салыққа ғана емес, салық төлейтін адамға, оның жеріне де ие бола бастады. Ихта иелері алған жерлерін өмір бойына иеленуге мұрагерлік иелікке айналдыруға ерікті болды. Сүйтіп ихта иелері жер иеленушілерге айналып, ихта феодалдық жер меншігінің бір түріне айналды. Феодалдардың шаруаларды қанатын /отырықшы аудандарға/ ең кең тараған формаларының бірі үлескерлік болды. Мемлекеттің немесе феодалдың меншігіндегі жерлер шаруаларға жалға берілді. Ол жердің түсімінің көпшілігін үлескер жер иесіне беруге міндетті болды. Үлескерлерге өз меншігінде жері жоқтар немесе отырықшылыққа айналған көшпелілер еді. Жерлерді қамқорлыққа беру деген феодалдық жер иеленудің түрі болды. Ұсақ жер иелері өз жерін бай немесе ықпалды жер иесінің қамқорлығына берді. Ол ұсақ жер иеленушінің мүддесін қорғауға міндетті болды. Бұл аухатты феодалдардың қолына жер меншігінің топтасуына әкеп соқты. Малшыларға өздерінің баласын барымтадан т.б. зорлық-зомбылықтардан қорғау үшін, бай-феодалдардың қамқорлығына тапсырды. Бұл да феодалдардың баю әдісінің бір түрі еді. Карахан мемлекетінде үкіметті хан басқарды. Оның кеңесшісі және көмекшісі уәзір болды. Карахан мемлекеті бұрынғы феодалдық мемлекеттердің жәй ғана жалғасы болып қана қоймай, феодалдық мемлекеттердің дамыған жалғасы болып табылды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...