Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы



 

Хақназар өлгеннен соң оның орнына жасы секенге келіп отырған Сығай хан болып, таққа отырды. Бірақ ол елді басқара алмай, Абдуллаға барып қазақ хандығын қамқорлыққа алуын өтінеді. Сөйтіп ол баласы Тәуекелді Абдулланың қарамағына қалдырады. Тәуекел Бұхара ханы Абдолламен бірлесе отырып, Баба сұлтанның көзін жоюға кіріседі. 1582 жылы қазақ хан сұлтандары Абдоллмен бірлесіп соғысып Баба сұлтанды жеңеді. Сығай хан сол соғыста қайтыс болады. 1582 жылғы Түркістан түбіндегі шайқаста Тәуекел басқарған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, Баба сұлтанның басын алады. Баба сұлтанның басын және тұтқындаған әскер басшыларын Бұхар ханы Абдоллаға әкеліп тапсырады. Қас жауын жойғаны үшін Абдолла Самарқанд өлкесіндегі Айфокентті Тәуекелге сыйға береді. Сыр бойындағы Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, тағы басқа қалалар бұрынғысынша қазақ хандығына беріледі. 1583 жылы қазақ ханы Тәуекел Абдолламен жасасқан келісім-шартты бұзып, Ташкентке шабуыл жасайды. Сонымен қазақ феодалдары мен өзбек феодалдары арасындағы жағдай қайта қоздап, ушығып кетті. Тәуекел хан Ресей мен өзінің дипломатиялық қарым-қатынасын күшейте түсті. Ондағы Ресейдің мақсаты қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу еді. Тәуекел хан 1595 жылы көкек-маусым айларында В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады. Сөйтіп, осы кездесуде орыс мемлекетімен қазақ хандығы арасында Сібір ханы Көшімге және Бұхар ханы Абдоллаға қарсы одақ қалыптасты. 1598 жылы Тәуекел хан Ташкент қаласы түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. Тәуекел Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды.

Тәуекел одан кейін Бұхараны басып алу соғысы кезінде жараланып Ташкентке келіп қайтыс болады. Тәуекел ханның орнын басқан Есімхан 1598 жылы Бұхара мемлекеттерімен бітім-шартын жасасты. Бұл шарт бойынша Маураннахр мен Дешті қыпшақ арасындағы мың жылдық талас екі жүз жыл бойы жүргізілген күрестің нәтижесінде көшпенділердің (қазақтардың) пайдасына шешілді. Бұл келісім-шарт бойынша қазақ ордасы Сырдарияның бойын түгелімен осы өңірдегі Түркістан, Отырар, Сауран тағы басқа 30-дан астам қаланы және Ташкент қаласын төңірегімен түгел өзінің құрамына қосып алды.



 

 

22. Қазақ хандығын нығайту үшін Тәуке ханның күресі

 

Қысылтаяң заманда халқына бас болып “Қасым салған қасқа жол”-дейтін сара көшті бастаған Қасымханның, еңсегей бойлы Ер Есімнің “Ескі жолы” еңбектерін ерекше атай отырып, қазақ қоғамында Тәуке хан тұсында дүниеге келген “Жеті жарғы” атты қазақ хандығының заңдар жиынтығының өмірге келуінің өз ерекшелігі болды. Тәуке хан билік жүргізген ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың басы еліміздің рухани жетілуімен, бірлігімен және гүлденуімен ерекшеленеді. Белгілі тарихшы А.И.Левшин ол туралы былай деп өз ойын білдірді. “Тәукенің тұсында қазақтардың жүрегі ашық болды, мейірбандылыққа толы болды”-деп жазды. Ол тағы да мынандай ойын айтты: “Тәуке хан қазақ ордаларының ұйытқысы. Ол өзара қантөгістің қажыған халқын тоқтатып, тайпаларды татуластырды, баршаны күштілерге бағынуға уағыздады, ол күштілерді өзі тоқтатып, баршаға бірдей заң шығарды”-деп атап өтті.

Тәуке хан 1680-1718 жылдар аралығында хандық құрды. Ол өзінің барлық өмірін 1635 жылы көшпелі қазақтардың шығыс шекарасында құрылған жоңғар мемлекетінің шапқыншылығымен күресумен өткізді. Тәуке қазақ хандығын нығайту үшін, сыртқы жауларға тойтарыс беру жолында бірқатар шаралар қабылдады. Ол 1680 жылы билер кеңесін құрды. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәукеханның белгілі бір ордасында – Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген билер кеңесі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды нәрселерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.

Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билернің қатысуымен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Қажетті мәселелерді шешуде хан билер кеңесінің көмегіне арқа сүйейтін. Осының арқасында Тәуке хан халық арасында үлкен беделге ие болып атағы алысқа жайылды.

 

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...