Главная Обратная связь

Дисциплины:






Ақтабан шұбырынды” оқиғасы



 

1723 жылы тарихта есте қаларлық жұт болды.Қазақтар бұл жылы “Қайың сауған, ақ тышқан жылы”-деп атаған. Осы жылдың көктем айында төл алу және жазғы көші-қон. Қан жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне күтпеген жерден жоңғарлар шапқыншылық жасап, қарапайым бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Сөйтіп, 1723 жылғы осындай сұмдық оқиға тарихында қазақ халқының есінен шықпайтын оқиға болып қалды. Жоңғар шапқыншылығы мал соңынан жүрген қазақтардың басын біріктіріп қарсы күресуге мұршасын келтірмеді. Жоғар әскерлерінің негізгі бөлігі Сырдария маңына шоғырландырылды. Кейбір мәліметтерге қарағанда Ұлы жүзбен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға шегініп, Кіші жүз қазақтары Хиуаға қарай босқан. Сондай-ақ Еділ бойының қалмақтары Жайық казак-орыстары мен башқұрттар қазақ ұлыстарын тұс-тұстан талқандап малын айдап әкетті, өздерін тұтқынға алды. Орта Азия жеріне ауып барған қазақтар малына қолайлы жайылымдық жерлер таба алмады. Бұхар, Хиуа хандары қазақтардың ауыр жағдайын пайдаланып жаппай құлдыққа ұшыратқысы келді. Бұған мойын ұсынбаған олар Ресей шекарасына қарай ығысты. Қазақ хандығының құрамындағы Ташкент, Түркістан, Сайрам сияқты қалалар жау қолында қалды. Бұндай жағдай қазақ халқының экономикасына үлкен нұқсан келтірді. Осындай тарихи кезеңде қазақ халқының тарих сахнасынан құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туып бейбіт халық жазықсыздан жазықсыз жапа шекті, қан төгілді, халық үлкен дағдарысқа ұшырады, тау-тасты паналады. Сөйтіп, “Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаға” ұшырады. Халықтың басына түскен осынау қайғылы оқиғаны Қожахмет жырау былай жырлаған еді:



Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Қарындастың айрылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов “ХVІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының басына күн туды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрлар жан-жақтан анталады. Әсіресе жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына қатты батты”-деп жазды.

 

25. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі

 

Қазақтардың ең қауіпті жауы ХVІІІ ғасырдың басында мейлінше күшейген жоңғар хандығы болды. ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында Шығыс Түркістан Оңтүстік Сібір жерлерін жаулап қазақ жеріне жақындай түсті. Олар қазақтарға қарсы күресте Қытайдың Цин империясының жәрдеміне сүйенді. ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап Қазақстан жеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап отырды. Бұндай соғыстардың барысында бірде жоңғарлар, бірде қазақтар алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың қаупінің күшейе бастағанын көрген қазақтардың үш жүзінің хандары жоңғарларға қарсы бүкіл қазақтарды біріктіруді көкседі. Осындай жағдайды ескере отырып 1710 жылы үш жүз өкілдерінің съезі Қарақұмда болды да бүкіл қазақтардың жасағын құру туралы, жасақтың қол басшысына Орта жүздің батыры Бөгенбайды сайлау туралыв шешім қабылдады. Бұдан кейін қазақ пен жоңғарлар арасында бірнеше рет соғыс болып алма-кезек жеңіске жетіп отырды. ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарында болған қақтығыстар екі жақтың қайсысына болса да жеңіс әпере алмады. Қазақ хандарының алауыздығын пайдаланған жоңғар феодалдары 1723 жылы көктемде көп әскерімен қазақ жеріне басып-жаншып кірді. Көктаудан жайлауға көшуге даярланып жатқан қазақтар қапыда қалды. Жоңғар басқыншыларына аяқ астынан төтеп бере алмай, мал-мүлкін, үй-жайын тастап басы ауған жаққа босып кетті. Жоңғарлар қазақтарды аямай қырды. Жоңғарлардан қашқан қазақтар Орта Азияға жер ауып барды. Орта азиялықтар қазақтарды жақсы қарсы алмады. Еділ өзеніне барған қазақтарға қалмақтар, башқұрлар тыныштық бермеді. Сөйтіп қазақ халқы ХVІІІ ғасырдың басында аса қиын қайғылы жағдайға ұшырайды. Бұл жағдай жоңғар шапқыншылығына қарсы бірігудің қажет екендігін көрсетті. Осыны түсінген қазақ хандары мен батырлары 1726 жылы бүкіл қазақ жасағын құрып, қолбасшыға кіші жүздің ханы Әбілхайырды сайлады. 1727 жылғы болған шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл жер тарихта “Қалмақ қырған” деп аталды. (Байқоңыр маңы) 1729 жылы Ақырақай деген жерде қазақтар екінші рет қалмақтарға соққы берді. Дегенімен бұл екі жеңісте қазақтарды түпкілікті жеңіске жеткізе алмады. Жоңғарлар шапқыншылығы қазаққа көз-көріп, құлақ естімеген зардап шектірді. Тек 1758 жылы жоңғарлардың толық жойылуы ғана қазақтардың жоңғар тарапынан болған шабуылынан құтылуына мүмкіндік берді.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...