Главная Обратная связь

Дисциплины:






Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары



1801 жылы патша үкіметі ішкі орда немесе Бөкей хандығы атты мемлекет құрады. Кіші жүздің жерін екіге бөліп жүзге байланыссыз төртінші мемлекет құрғандығы патша үкіметінің мақсаты өзінің отаршылдық әрекетін тереңдету еді. Патша үкіметі қос өзеннің арасындағы шаруашылық жүргізуге қолайлы жерге жаңа мемлекет құрып, онда үлгілі шаруашылық ұйымдастырып, сол арқылы Ресейдің қол астына өте қоймаған тайпа, руларды тарту еді. Патша үкіметінің бұл ниеті Жәңгір хан жүргізген реформалардан көрініс тапты.

Жәңгір хан әкесі Бөкей хан қайтыс болған соң 1824 жылы хан тағына отырады. Ол қыстау және шабындық жерлерді жеке меншікке беруден өз реформасын бастайды. Бұл реформаның мақсаты жерді интенсивті түрде пайдалану болды. Сондай-ақ ол шет елдерден асыл тұқымды мал әкеліп қазақы малмен будандастыру арқылы мол өнім беретін мал тұқымын жасауды ұйымдастырды. Ол Ресеймен және басқа елдермен сауда байланысын дамытты, тұңғыш жәрмеңке ашты. Бұл тауар-ақша қатынасының дамуына әсер етті. Жәңгір хан ордасында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашты. “Орда мектебі” деп аталған бұл оқу орнын бітіргендерді хан Ресей қалаларына оқуға жіберді. Орда мектебінен қазақтың тұңғыш интеллигенциясы туып жатты.

Жәңгір Нарын құмының Жасқұс мекенінде хан ордасын салғызды. Ағаш үйлерден құралған бұл қалашықта хан үкіметінің кеңселері, қызметкерлердің үйі салынды, осы үлгімен сұлтандар, ру басылары өздеріне жеке үй салдырды. Жәңгір хан үкіметін нығайту үшін билікті ханның қолына топтастырып, сұлтандар мен ру басыларының билігіне шек қойды.

Жәңгір хан осы және басқа реформаларды үстем тап өкілдерінің мүддесі тұрғысынан жүзеге асырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол жүргізген шаруашылық және білім саласындағы рефомалар қарапайым халыққа тиісті дәрежеде пайдалы болды. Сондықтан да Жәңгір ханның жүргізген реформасының прогрессивтік сипатын, оның жеке басының реформаторлығын ғалымдар мойындайды.



 

Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

 

Жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов пен дарынды ақын Махамбет Өтемісов басқарды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің отаршылдық әрекеті еді. Патша үкіметі Каспий теңізінің шаруашылық жүргізуге қолайлы солтүстік жағалауын Ресей помещиктерінің қолына берді. Олар осы жерден балық аулау, тұз алу, егін егу, мал-жаю кәсіпкерлігімен шұғылданбақшы болған халықты қатал қанады. Бұл көтерілістің негізгі себебі еді.

Сонымен бірге көтерілісшілер Жәңгір хан мен оның туыстарының қарапайым халыққа жасаған қиянатына қарсы шықты. Исатай мен Махамбет қол жинап Ресейдің отаршылдық әрекетін жүрігізіп отырған сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасаудан көтерілісті бастады. 1837 жылы 5 мыңға жеткен көтерілісшілер Жәңгір ханның ордасын қоршады. Жәңгір ханның өтініші бойынша Орынбор генерал-губернаторы көтерілісті басу үшін жазалаушы отряд жұмсайды.

Көтерілісшілер мен жазалаушы отярдтың арасында 1937 жылы қарашада Тастөбе деген жерде қысқа, бірақ кескілескен шайқас болады. Көтерілісшілер 100-дей адамынан айрылып ұсақ топтарға бөлініп жан-жаққа тарап кетеді.

Исатай мен Махамбет көтерілісшілерден шағын отряд құрып жазалаушыларға кенеттен шабуыл жасап үлкен шығынға ұшыратып кетіп отырады. Олар патша әскерлеріне қарсы күресті жалғастыру үшін Жайық сыртына өтіп Кіші жүз халқын көтереліске жұмылдыруды көздейді. Осы мақсатпен олар неғұрлым табанды, сенімді сарбаздарды бастап 1937 жылы желтоқсанда Жайықтан өтеді. Көтеріліс басшылары Кіші жүз халқынан сарбаз жинап бірсыпыра күшейеді. 1838 жылы шілде айында жазалаушы отярдпен көтерілісшілер арасында шешуші шайқас болады. Көтеріліс жеңіліп, Исатай қаза табады.

Көтеріліске қатысушылар мен оларға ниеттес болған бейбіт ауылдар аяусыз қуғын-сүргінге ұшырайды. Көтеріліс жеңілген соң Махамбет қырда бой тасалап патшаға, ханға қарсы үгіт жүргізуге кіріседі. Ұзамай отаршылдар оны да өлтіртеді.

Сөйтіп Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Бұл көтеріліс Қазақстан тарихындағы бұқаралық және ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыстың бірі болды. Бұл қозғалыс патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен үстем тап өкілдерінің сатқындығын әшкерелеп берді. Көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттығы үшін күресінің алдағы уақытта да жалғаса беруіне әсер етті.

 

7. Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

 

Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1837-1847 жылдарды қамтып он жылға созылды. Кеңесары Ресейдің отаршылдығына қарсы күресте аты шыққан әулеттің ұрпағы. Оның әкесі Қасым, ағалары Саржан, Есенкелді, баласы Садық өз өмірлерін Ресейдің отаршылдығыныа қарсы күреске арнаған қайраткерлер.

Ресейдің отаршылдығына қарсы бағытталған қозғалыстармен салыстырғанда Кеңесары қозғалысының бірнеше ерекшелігі, артықшылығы болды. Бұл көтеріліс Қазақстан тарихындағы хан басқарған бірден бір көтеріліс. Бұл қозғалыстың бұқаралық сипаты болды. Көтеріліске үш жүздің халқы қатысты, көтерілісшілер қатарында өзбек, орыс, поляк, қырғыз және басқа халықтардан өкілі болды. Көтеріліске атышулы батырлар қатысты. Кеңесары бастаған қозғалыс ұзаққа созылған тегеурінді қозғалыс болды. Патша үкіметінің жазалаушы отряды 10 жыл бойы Кеңесарының соңына түскенімен ауыз толтырып айтарлықтай табысқа жете алмады. Кеңесары қазақ халқының саяси тәуелсіздігінің белгісі болған хан үкіметін қалпына келтіру үшін күресті.

1841 жылы үш жүздің өкілдері Қ.А.Яссауи мешітінде Кеңесары Қасымұлын үш жүзге хан көтереді. Кеңесары Қасымұлы патша үкіметі жойып жіберген хандық үкіметті қалпына келтірді. Кеңесары ханның билігі Жайық, Ертіс, Ишим бойында үстем болған патшаның жергілікті әкімшілігінен басқа үш жүзге жүрді.

Кеңесары сарбаз жинап 1838 жылы Ақмола бекінісін қоршап оны өртеп жіберді. Сөйтіп, Кеңесары қозғалысы басталды. Кеңесары мұнан соң өз ордасын көшіріп, сарбаздарын ертіп үш жүзді аралап шықты. Сондай-ақ ол Хиуа хандығына, қырғыз еліне барды. Оның бұл арада көздеген мақсаты үш жүз, өзбек, қырғыз халқын Ресейдің отаршылдығына қарсы күреске жұмылдыру еді. Үш жүз халқының біразы Кеңесары қозғалысына қосылғанмен өзбек, қырғыз билеушілері патша үкіметі жүргізген астыртын әрекеттің салдарынан Кеңесарыға еруден бас тартты.

Кеңесары 1847 жылы Шығыс Түркістан жеріне өтіп кету мақсатымен екінші рет қырғыз жеріне барады. Қырғыз мансаптарымен болған шайқаста Кеңесары сарбаздары жеңіліске ұшырап өзі қаза болады.

Кеңесары бастаған көтеріліс патша үкіметінің отаршылдығына қарсы бағытталған ұлт-азаттық сипаттағы, прогрессивтік қозғалыс болды.

Кеңес үкіметі тұсында Кеңесары қозғалысына монархистық сипаттағы, реакциялық қозғалыс деген баға берілді. Қазақстан тарихшылары бүгінгі таңда тарихи деректерге сүйеніп Кеңесары қозғалысының ұлт-азаттық, прогрессивтік сипаты туралы объективтік шындықты дәлелдеп берді.

 

8. Ж.Нұрмағанбетов бастаған Сыр қазақтарының көтерілісі

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сыр бойын мекендеген қазақтардың саяси, экономикалық жағдайы ауыр болды. Патша үкіметі өзінің отаршылдық әрекетін тереңдете түсті. 1853 жылы генерал Перовский басқарған Ресей әскерлері Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алып қазақтардың құнарлы жерлеріне казактар мен какас шаруалырын қоныстандыра бастады. Патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі әртүрлі алым-салықты көбейтіп халықты қанап отырды. Сондай-ақ өлкеде Хиуа хандығы билеушілері халыққа зардап көрсетіп отырды. Міне осындай ауыр хал ахуал сыр қазақтарының Ресей және Хиуа билеушілеріне қарсы көтеріліске шығуына себеп болды. Көтерелісті шекті руының басшысы Жанқожа Нұрмағанбетов бастады. Ол халық арасында беделді, ержүрек адам болған.

Жанқожа сарбаз жинап 1843 жылы Хиуалықтардың Қуаңдариядағы бекінісін талқандаудан көтерілісті бастайды. Ол Кеңесары қозғалысына да қатысты. Онымен бірігіп хиуалықтардың Созақтағы бекінісін талқандады. Патша үкіметі Жанқожаның халық алдындағы беделі мен Хиуалықтарға қарсы күресін өз мүддесіне пайдалану мақсатымен оған шен-шекпен (Есаул шені) сый-сыяпат көрсетіп Ресейге адал болу туралы ант беруді талап етті. Ол бұл талаптан бас тартты.

Ресейдің отыршылдық әрекетіне көзі жеткен Жанқожа көтерілісті Ресейге қарсы бағыттады. 1856 жылы Жанқожа (ол осы кезде 90 жаста болатын) Қазалы портына шабуыл жасап патша әскерлерімен бірнеше реткі шайқаста жеңіске жетеді. 1857 жылы болған шешуші шайқаста Жанқожа сарбаздары жеңіліске ұшырайды. Жанқожа көтеріліс жеңілген соң Орта Азия жеріне көшіп би болып қызмет атқарады. Оны қарсыластары өлтіреді.

 

9. Қазақ жеріне патша үкіметінің әскери бекіністер салуы

 

Қазақ жеріне әскери бекіністер салу Ресей патшасы І Петр кезінен басталған. Оның жарлығымен 18 ғасырдың басқы ширегінде Омбы, Семей, Өскемен бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Шығыс шегін жоңғар шапқыншыларынан қорғау мақсатында салынды. Қазақстан Ресейдің қарамағына өткенннен соң патша үкіметі Қазақстанды қоршап бекініс салуға кірісті. Сөйтіп Атыраудан Алматыға дейінгі бекіністер жүйесі пайда болды. Бұл бекіністер қазақ жерін жартылай шеңбермен қоршады, мұны ғалымдар аттың тағасына ұқсатады. Патша үкіметі қазақ жеріне бекіністер салып оған жақсы қаруланған әскери гарнизондарды әкеліп орналастырды. Бекіністердің айналасына қазақтардың қоныстануына тиым салды. Ол жерлерге Ресейден шаруаларды әкеп орналастырды. Бұл шаруалардың міндеті бекіністегі әскерилерді астық, азық-түлікпен қамтамасыз ету болды.

Бекіністерге орналасқан әскерилердің дені казактар болды. Патша үкіметі жақсы қаруланған казак жасақтарын бекіністерге орналастырып, оларды қазақ халқының азаттық қозғалысына қарсы пайдаланбақшы болды. Бұл мақсатты қазақтар орындады, олар қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарын күшпен басып отырған.

Патша үкіметінің қазақ жеріне бекіністер салуы оның Қазақстанда жүргізген саясаттың отаршылдық сипатын дәлелдейді.

Жылғы ереже.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...