Главная Обратная связь

Дисциплины:






Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы



 

Қазақстанның Ресейге қосылуы 18 ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің отарына айналуынан басталды. Мұнан соң ХІХ ғасырдың ақырына дейінгі уақытта жекелеген рулардың Ресейге қосылу процессі жүрілді.

Ұлы жүз Ресейге ең соңынан қосылды. Мұның себебі Ұлы жүздің жері осы кезде Қоқан, Хиуа билеушілерінің қол астында болды. Қазақстанның оңтүстігін өзіне қосып алу үшін Ресейге аталмыш екі мемлекетпен соғысуға тура келер еді. Патша үкіметі бұған барғысы келмеді.

Ұзамай Ресейді Қазақстанның оңтүстігін жаулап алуды тездетуге итермелеген оқиға болды. 1839 жылы ағылшындар Афганистанды басып алды. Орта Азия мемлекеттерінен шекаралас болған ағылшындар бұл өлкеге өз ықпалын жүргізу әрекетіне көшті. Орта Азия халықатырының арасында ағылшын тыңшылары қаптап кетті. Олар халықты Ресейге қарсы, ағылшынның пайдасы үшін үгіттеді. Патша үкіметі үшін Орта Азияның маңызы зор еді. Орта Азия, Қазақстан Шығыс елдеріне апаратын сауда жолында болды, бұл елдердің ауыл шаруашылығынан алынатын шикізат, Ресей өнеркәсәбінің өнім өткізетін рыногы осы елдерде болды. Сондықтан Ресей Орта Азиядан айрылғысы келмеді. Орта Азияға өту үшін Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу қажет болды.

ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдары патша үкіметі Қазақстанның Оңтүстігіндегі қалаларды бірінен соң бірін әскери күшімен жаулап алды. Қоқан, Хиуа билеушілерінің езгісінен зардап шеккен Ұлы жүз халқының көпшілігі жаулап алуға келген орыс армиясын құтқарушы деп есептеді. Бұл жағдай Ресей армиясының хиуалықтарды Оңтүстіктегі қалалардан оңай қуып шығуға әсер етті.

Қазақ халқының келесі бір бөлігі Ресейдің жаулап алушылық әрекетімен ымырасқысы келмеді. Мәселен, Кеңесарының баласы Садық сұлтан қол жинап, Ресей армиясымен соғысқанымен, саны көп, қаруы мықты армияға қарсы соғыста табысқа жете алмады.



Патша үкіметі Қазақстанның оңтүстігін қосып алған соң Орта Азиядағы мемлекеттерді бірінен соң бірін жаулап алып, бұл өлкеге үстем болмақ болған ағылшындардың үмітін үзіп тастады.

Қазақстанның оңүстігін жаулап алумен Ресейдің Қазақстанды отарлауы аяқталды.

 

12. Патша үкіметінің 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформалары

 

Ресей Қазақстанды отарлауды аяқтаған соң оны Ресейдің билігіне әкімшілік тұрғысынан мықтап өткізу қажет болды. Осы кезде әкімшілік жүйесі Кіші және Орта жүзде екі түрлі, ұлы жүзде әкімшілік жүйе қалыптасып үлгермеген еді. Сондықтан бүкіл Қазақстанға бірыңғай басқару жүйесін енгізу қажет болды.

Патша үкіметі әкімшілік реформа енгізерден бұрын 1865-1867 жылдарды арнаулы комиссия тағайындап қазақ жерін зерттеп комиссияның зерттеу қорытындысына сүйеніп 1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстарын, 1968 жылы Орынбор және Батыс Сібір өлкесін басқару туралы уақытша ереже қабылдады. Бұл ережелер бойынша Қазақстан Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір деген үш генерал-губернаторлыққа бөлінді. Генерал губернаторлықтан соң облыс, уезд, болыс, ауыл деген әкімшілік жүйе енгізілді. Орынборда Орал, Торғай, Батыс Сібірде Ақмола, Семей облыстары, Түркістанда Жетісу, Сырдария облыстары болды. Бұрынғы Бөкей ордасын Астрахань губерниясына қосты.

Уездер болысқа бөлінді, болыстар рулық белгімен емес, территориялық белгімен бөлінді. Болыс пен ауылнайды үш жыл сайын сайлайтын болды, бұл лауазымдарға қазақтар сайлана алды. Әкімшілік жүйесінің басқа үш сатысында патша үкіметі тағайындайтын чиновниктер істеді. Қазақстандағы әскери және азаматтық істерді солар шешті. Болыс пен ауылнайдың құзырына ұсақ-түйек істер қалдырды. Болыс пен уездерде әскери сот, ауылда билер соты құрылды.

Ережеде халықтан алынатын салықтың түрі, мөлшері белгіленді. Ережеле мұсылман дінін шектеу, сол арқылы қазақтарды христиан дініне енгізуге байланысты шаралар көрініс тапты. Мешіт-медресені салуға үкімет ұлықсат беретін болды, әрбір болыста сайланып қойылатын, облыстық әскери губернаторы бекітетін, үкіметтен айлық алатын бір-ақ молда болуға тиіс болды.

Ереже бабынша бүкіл қазақ жері патша үкіметінің меншігі деп жарияланды.

 

13. Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың 90-жылдардағы әкімшілік реформасы

 

1867-68 жылғы әкімшілік реформа екі жылға, уақытша, тәжірибе ретінде енгізілген-ді. Алайда бұл тәжірибе 20 жылға созылды. Мұның негізгі себебі қазақ халқының реформаға қарсылық көрсетуінде болды. Әсіресе реформаға қарсы күрес Арал, Торғай облыстарында күшті болды. Қарапайым халықтан құралған сарбаздар патшаның жазалаушы отярдымен шайқасты. Олар 1868 жылғы реформаны енгізуге келген уәкілдерді қуып тастап отырды. Аталмыш облыстарда болған көтеріліс жеңілгенімен патша үкіметінің әкімшілік реформа енгізуіне жол бермеді.

Осы себептен патша үкіметі тек 80-жылдардың ақырында ғана жаңа реформаны әзірледі. 1886 жылы патша үкіметі Түркістан өлкесін басқару туралы, 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Арал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже бекітті. Ереже бойынша 1867-68 жылдары енгізілген бес сатылы әкімшілік жүйе сақталды. Түркістан өлкесі облысқа, уездге бөлінді. 1886 жылғы ереже бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторын біріктіріп Дала генерал губернаторы атты бір генерал губернаторлық құрылды. Болыстар мен ауылнайлар сайланатын болды, сондай-ақ ережеде көрсетілгендей патша чиновниктерін аталмыш лауазымдарға сайлау жүргізбей-ақ тағайындау құқығы берілді.

Қазақтардан алынатын салық ақшалай алынатын болды. Бұл Ресейде товар-ақша қатынасының дамуына байланысты еді. Ереже бойынша империялдық және халықтық деп аталатын екі сатылы сот жүйесі енгізілді.

ХІХ ғасырдың алпысыншы, тоқсаныншы жылдарда патша үкіметінің Қазақстанда енгізген реформалары Ресейдің отаршылдық әрекетін жүзеге асыруға қолайлы әкімшілік жүйе қалыптастыру, Ресейде капиталистік қатынастардың дамуына құқық тұрғысынан жағдай жасау мақсатына бағытталды.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...