Главная Обратная связь

Дисциплины:






Азақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында



1905 жылғы революция жеңіліске ұшырап революцияның алдында тұрған мақсаты -патша үкіметін құлату мақсаты жүзеге аспады. Сондықтан Ресейде екінші революция жасау қажет болды. Бұл революция 1917 жылы ақпан айында жасалды. Бұл революция да алдыңғы революция сияқты бұржуазиялық-демократиялық сипатта болды, революцияны буржуазия бастады, қозғаушы күші жұмысшылар, мақсаты патша үкіметін құлату.

Революция жеңіске жетті. Патша тақтан түсті. Ресейде қос үкімет орнады. Уақытша үкімет деп аталатын үкімет буржуазияның диктатурасы. Сонымен қатар Кеңес үкіметі орнады. Ресейдің орталығында, барлық облыстарда, уездерде, қалаларда қос үкімет орнады. Революцияны буржуазия бастап жұмысшылар оның қозғаушы күші болғандықтан революцияның нәтижесін бұл екі тап бөлісіп, осы себептен қос үкімет орнады.

Революцияның нәтижесін революцияға қатысқан партиялар түрліше бағалады. Буржуазия партиясы -кадет революция аяқталды, Ресей капитализм жолына түсіп дамиды деп есептеді. Революцияға қатысқан екінші партия - социал-демократтар / кейін большевиктер, коммунистер/ революция аяқталған жоқ, біз жарты жолға тоқтамаймыз, буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластырамыз деп есептеді. Осы мақсатпен олар ‘үкімет билігі кеңестерге’’ деген ұран көтерді. Мүның мәні барлық жерде кеңес үкіметін нығайту арқылы Уақытша үкіметті құлатып, билікті Кеңес үкіметіне өткеру арқылы социалистік революцияны жеңіске жеткізу еді. Коммунистердің бұл үміті іске аспады, сондықтан олар шілде айынан бастап, қарулы көтеріліске дайындалды.

Ақпан революциясы Қазақстанға да әсер етті. Патша тақтан құлап қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткіземіз деп үміттенді. Қазақстанның барлық жерлерінде қос үкімет орнады.

Азан төңкерісі және Қазақстан

Ресейде социалистік революцияны бейбіт жолмен, яғни барлық жерлерде Кеңес үкіметін нығайтып, уақытша үкіметті құлату арқылы жеңіске жеткізбекші болған коммунистердің үміті аяқталмаған соң олар қарулы көтеріліске дайындалды. Қарулы көтерілістің уақыты жетті деп есептеген коммунистер жұмысшыларды қаруландырып 1917 жылы қазан айының ақырында қарулы көтерілісті бастап Уақытша үкіметті тұтқындады. Ресейдің барлық жерлерінде Уақытша үкімет құлады. Петербургте Ленин бастаған Кеңес үкіметі билік басына келді. Жергілікті жерлерде де осылай болды. Кеңес дәуірінде қазан оқиғасының маңызын өте жоғары бағалады. Қазан оқиғасы Ресейді социализм жолына түсірді, дүние жүзі халықтарына капитализмнен социализмге өтетін жаңа дәуір ашқан Ұлы Қазан революциясы деген қорытынды жасалды.



Ал шын мәнісінде қазан оқиғасы революциялық сипатта емес, табиғи заңдылық негізінде үкімет басына келген буржуазияның үкіметін құлатып үкімет билігін коммунистер тартып алды. Ресейді табиғи даму жолынан тайдырып социализм жолына түсірді. Сондықтан қазан оқиғасын ғалымдар бүгінгі таңда мемлекеттік төңкеріс деп сипаттайды.

Қазан төңкерісі Қазақстанға да әсер етті. Қазақстанның барлық жерлерінде уақытша үкімет құлап кеңес үкіметі орнап жатты. Қазан төңкерісінің нәтижесінде Қазақстан социализм жолына түсті деп есептелді. Бірақ Қазақстанда орнаған социализм халыққа оң нәтижесін бермеді.

 

 

Алаш қозғалысы

1917 жылы шілде айында Орынбор қаласында өткен бүкілқазақтық І съезден Алаш партиясы құрылды, ал 1917 жылы желтоқсанда Алашорда атты үкімет құрылды. Міне осы екі оқиғаны біріктіріп Алаш қозғалысы деп атаймыз.

Алаш партиясының құрылғанын жариялаған соң Алаш қайраткерлері партияның бағдарламасын жасап оны партияның органы ²Қазақ² газетінде жариялайды. Бағдарламаны бүкіл халық болып талқылап 1917 жылы желтоқсанда болған партияның ІІ съезі бекітеді. Партия бағдарламасы 10 баптан тұрады. Бірінші бапта қазақ елінің тәуелсіздігі туралы мәселе сөз болады. Алаш қайраткерлерінің ойынша Ресейде буржуазия үкімет басына келіп буржуазиялық-демократиялық федаративтік республика орнайды да Қазақстан автономиялы республика ретінде Ресейдің құрамына кіреді, сөйтіп қазақ халқының тәуелсіздігі туралы мәселе шешілерді деп есептеді. Қазақтың автономиялы республикасы 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметі еді. Бірақ оқиғаның алдағы барысы басқаша болды. Ресейде үкімет басына буржуазия емес, жұмысшы табы /коммунистер басқарған/ келді де Алаш қайраткерлерінің бұл үміті ақталмады. Бағдарламаның басқа баптарында білім, жер және т.б. мәселелер көрініс тапты. Қазақстанда ана тілінде, ақысыз білім беретін орта мектептер, университет болатыны, жер жеке меншікке берілмейтіні айтылды. Алаш партиясы жарғысы, мүшелері, орталық және жергілікті органдары, баспа органы бар әдеттегі саяси партия болды. Алаш партиясын ғалымдар ұлттық-демократиялық сипаттағы партия деп есептейді.

1917 жылы желтоқсанда болған Алаш партиясының екінші съезі Алашорда үкіметін орнатады. Үкімет басқармалары 25 адамнан құралады деп есептеп басқарма мүшенің он орнын қазақтарға, қалғанын Қазақстанды мекендеген басқа ұлт өкілдеріне береді. Алашорда үкіметінің төрағасына Әлихан Бөкейханов сайланады.

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің басшы қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Ж.Досмухамедовтар, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Ермеков, М.Шоқаев, С.Асфандияров және тағы басқалар.

Алаш партиясы орнаған соң ұзамай Қазақстан азамат соғысы жағдайында болғандықтан саяси, әлеуметтік-экономикалық салада ауыз толтырып айтарлықтай шараларды жүзеге асыра алмады. Алаш қозғалысының барлық іс әрекеті Алашорда үкіметі арқылы жүрілді.

Алаш партиясының ІІ съезінің қаулысына сай Алашорда үкіметі милиция түрінде өзінің қарулы күшін құрды. Алаш қайраткерлері қазан төңкерісін, оның нәтижесінде дүниеге келген кеңес үкіметін мойындамады. Осыдан келіп кеңес үкіметіне қарсы күресу туралы шешім туындайды. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкіметі өзінің қарулы күшімен ақтарды қолдап, кеңес үкіметіне қарсы күреседі. Бүл жағдай кеңес үкіметінің Алаш қозғалысына қарсы әрекет жасауына әкеп соғады. 1919 жылы Кеңес үкіметі Алаш партиясын таратып, Алашорда үкіметін құлату туралы шешім қабылдайды.

Кеңес үкіметі кезінде Алаш қайраткерлеріне бұржуазияшыл-ұлтшылдар, контрреволюционерлер, шет ел тыңшысы деген жала жабылып қуғын-сүргінге ұшырайды, сотталады, ақыры 1937 жылғы жаппай қуғын сүргін кезінде олардың көпшілігі атылады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...