Главная Обратная связь

Дисциплины:






Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар



Мал шаруашылығын ұжымдастырудың өзі қате саясат болды, сондай саясатты жүзеге асырғанда көптеген бұрмалаушылықтар мен қателіктер орын алды. Кеңес Одағында 1920-1940 жылдары социализм орнату мақсатында жүзеге асырылған ірі-ірі экономикалық өзгерістердің ішінен нәтиже бермегені ауыл шаруашылығын ұжымдастыру болды. Бүл шара сонымен бірге қазақ халқына ауыр зардап әкелді. Қазақ халқы жанынан, малынан айырылып қалды. Ұжымдастыру барысында жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтар:

1. Ұжымдастыру Кеңес Одағында, Қазақстанда халықтың өз еркімен емес, күшпен, әкімшілік әдіспен жүрілді. Колхозға кірмегендерді барлық жағынан қыспаққа алды, олардың сайлау еркін жойды, жер-су, жайылыммен, салықпен қысты, бай, кулак деп тәркілейміз, жер аударамыз деп қорқытты. Осылардың салдарынан колхозға күшпен кіргендер көп болды, олардың колхозды көркейтуге пайда келтірмейтіні белгілі.

2. Ұжымдастыру халықты күшпен отырықшыландырумен ұштастырылды. Отырықшыландыру тәрізді күрделі мәселені қазақтың киіз үйлерін бір жерге жинап көше-көше етіп тігумен шешпек болды. бір жерге топтасқан мал сол жерлердің шөбі біткенде жаппай қырылды.

3. Ұжымдастыруды жүргізгенде ұжымдасқан шаруашылықтың серіктестік тәрізді қарапайым түрінен бастап халықты біріккен еңбеңкке үйретіп оның артықшылығына олардың көзін жеткізу қажет еді. Іс жүзінде біріккен шаруашылықтың колхоз, коммуна тәрізді жоғарғы түрлерін таңдады.

4. Ұжымдастыруды мемлекетке ет дайындау науқанымен қоса жүргізді. Ет дайындау міндетін орындамағандар қатал жазаланды. Егін екпейтін көшпенді қазақтардан астық салығын алды. Аталмыш қателіктер қазақ халқына ауыр зардап әкелді.

 

 

16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық

Ауыл шаруашылығын, әсіресе мал шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, бұл саясатты жүзеге асыруда жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтар қазақ халқына аса ауыр зардап әкелді. Біріншіден қазақ халқы малынан айырылып қалды. 1929 жылғы 40 млн малдан 1932 жылы 5-ақ млн мал қалды.



Екіншіден, қазақ халқы бұрын соңды болмаған ашаршылыққа ұшырады. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 5,8 млн. қазақ болған еді, 1933 жылы 2,5 млн қазақ қалды. 2 млн қазақ аштан қырылды. 1,3 млн қазақ басқа жаққа көшіп кетті. Сөйтіп қазақ мемлекеті малының 88 пайызынан, халқының 60 пайызынан айырылып қалды. Қазақ халқының басына түскен бұл оқиғаның зардабы ²Ақтабан шұбырынды² оқиғасымен пара-пар болды. Көптеген өлкелер, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі Сарыарқа өлкесі қаңырап бос қалды. Қазақтың талай әулеті құрып кетті. Аштан қырылған халықтың орны 35 жылдан соң ғана толды. Бүл қайғылы оқиғаның көп себептері бар. Негізгі себеп коммунистік партияның, оның жергілікті өкілдерінің мал шаруашылығын ұжымдастыру туралы қате саясаты, сол саясатты жүзеге асырғанда жіберілген қателіктер болды. Қазақстанда бірінші басшы болып істеген Голощекин қазақтардың жаппай құрылып жатқанын естігенде бұл қазақ ауылындағы тап күресі, қазақтың бізге жақтастары қалып тап жаулары құрыйды деп мәлімдеген. Қазақтар жаппай қырылып жатқанда Кеңес үкіметі шет елге валютаға астық сатып отырды.

Қазақ зиялылары қолдан келген шарасын істеді. Т.Рысқұлов РСФСР үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде ашаршылыққа ұшырағандарға көмек ұйымдастырды. Т.Рысқұлов және басқалар Сталинге, Голощекинге хат жолдап ашаршылықтың ащы шындығын ашып көрсетті. Кеңес дәуірінде қазақ халқының басына түскен ауыр хал-ахуал жасырын ұсталды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана бұл қайғылы оқиғаның бет пердесі ашылды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...