Главная Обратная связь

Дисциплины:






Лы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері



Германия 1941 жылы маусым айының 22-де Кеңес Одағына қарсы соғыс ашып аз уақыттың ішінде елдің батыс бөлігін жаулап алады, Ленинградты қоршады, Москваның маңына 20 км жақын келді. Қызыл Армия соғыстың бастапқы кезінде жеңіліске ұшырады, мұны сәтсіздік деп атайды.

Кеңес үкіметі кезінде Қызыл Армияның сәтсіздігін Кеңес Одағының соғысқа дайындала алмағанымен, Батыс шекараға әскер топтастырып үлгірмегендігімен, соғыстың болатын уақытын білмегендігімен т.б. түсіндірді. Мүндай себептердің болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен сәтсіздіктің бас себебі Сталин бастаған басшылықтың ұстанған қате бағытына байланысты болды.

1. Кеңес Одағының әскери доктринасында елеулі қателіктер болды. Әскери мамандардың /мәселен Тухачевский/ бұл соғыс мотор соғысы болатыны, сондықтан армияның техникалық бөлімдерін нығайту туралы ойлары ескерілмеді, Армия басшылары атты әскерге сенім артты. Соғыс алдында ғана немістерден кем түспейтін, кейбір жағынан олардан артық Т-34 танкі мен ИЛ-2 штурмовигі сияқты кеңес инженерлері жасаған техникалар топтап өндірілмеді.

2. 1937-38 жылғы қуғын-сүргін Қызыл Армияға үлкен апат әкелді. Талантты әскер басылары құраланды, 40 мың офицер өмірімен қоштасты немесе бас бостандығынан айырылды. Армия басшылығына жаңа ғана училище бітірген жастар келді.

3. Отан қорғау ісін басқарып отырғандар немістердің шабуылын жасайтын уақытын өздерінің Германиядағы, Жапониядағы тыңшылары арқылы дәлме-дәл біліп отырды. Сталин мұндай мәліметтерді арандатушылық деп есептеп соғысқа дайындықты жеделдету шарасын қолданбады. Сәтсіздіктің мұнан басқа да себептері бар. Аталмыш қателіктерге қарамастан Кеңес Одағының халқы күш біріктіріп көп ұзамай немістердің шабуылына төтеп бере білді.

Азақстандықтардың майдандағы ерлігі

Қазақстандықтар бүкіл кеңес халқы сияқты отан қорғауға аттанды. Қазақстанда жаңа әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардың бірі болып 316 -атқыштар дивизиясы құрылды. Қолбасшысы генерал Панфилов. 16-50 жастағы адамдарды әскери іске үйрету басталды.



Қазақстандықтар Москваның маңында ерлікпен соғысты. 28 панфиловшылар жаудың 30 танкісін құртып немістердің шабуылын тоқтатты. 1941 жылғы Москва түбіндегі, 1943 жылғы Сталинград үшін шайқас, Курск жанындағы шайқастарда қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене қатысты. Украйна мен Белоруссиядағы партизан отрядтарында 3000 қазақстандық болды. 1945 жылы Берлин үшін болған қырғын соғысқа қазақстандықтар белсене қатысты. Рейхстахқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқадай қазақстандықтар қатысты. Европаны азат ету және Берлин үшін шайқасқа қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Соғысып жатқан армия қатарына 1,2 млн. қазақстандықтар шақырылды. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметті атақ алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты қыздары М.Мәншүк, М.Әлия және екі реткі батыр болған 4 қазақстандық /Т. Бигильдинов, Луганский, Беда, Павлов/ және атақты командир Б.Момышұлы болды. 97 мың қазақстандық ордендермен, медалдармен марапатталды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...