Главная Обратная связь

Дисциплины:






Азақстанда меншікті жекешелендіру



 

Меншікті жекешелендіру дегеніміз бір меншікке (мемлекеттік меншікке) негізделген экономикалық жүйеден меншіктің көп түріне негізделген экономикалық жүйеге өтуді айтады. Жекешелендіру нарықтық қатынасты қалыптастарудың негізгі жолы.

Қазақстанда 1991-1995 және 1993-1995 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Қазақстанда мемлекет меншігін жекешелендіру үш әдіспен: акцияландыру, жекеменшікке беру, жалға беру жолымен жүргізілді. Меншікті жекешелендіру екі сатымен жүзеге асып отыр. Бірінші сатысы кіші жекешелендіру деп аталады, бұл саты 1993-1995 жылдары жүргізілді. 1995 жылдан басталған екінші сатысы үлкен жекешелендіру деп аталады. Кіші жекешелендіру кезінде мемлекеттік меншіктің ұсақ обьектілері: бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, жүк тасымалдау, тұрғын ұй-коммуналдық сектор сыяқты жұмысшылары 200 ден аспайтын кәсіп орындары қамтылды. Кіші жекешелендірудің нәтижесінде 1млн. адам жұмыс істейтін 2,7 мың кәсіп орын жекешелендірілді. 1995 жылдан үлкен жекешелендіру басталды. Бұл жолы орта және ірі өнер кәсіп орындарын жекешелендіруде. Үлкен жекешелендіру кәсіпорындарының акциясын сату, мемлекеттік меншікті ваучер және сертификат түрінде халыққа тегін беру, акцияландыру, меншікті аукционда сату және т.б. әдістермен жүрілді. Акцияландырудың нәтижесінде жаупкершілігі шектелген акционерлік қоғам, жекеменшік және аралас акционерлік қоғам және т.б. қоғамдар орнады.

Қазір Қазақстанда кіші жекешелендіру аяқталып, үлкен жекешелендіру жүргізілуде. Жекешелендірудің нәтижесінде бір меншіктің үстемдігі жойылып, меншіктің әр түрлілігі пайда болды, кәсіпкерлік дамыды, меншіктің әр түрлілігіне негізделген әр түрлі кәсіпорныдар құрылды.

 

37. Қазақстандағы демократия және жариялылық

 

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң саяси өмірдің тұрақтылығы артты. Саяси өмірде демократия, жариялылық принциптері жүзеге асып халықтың саяси белсенділігі арта түсті.



Демократия және жариялылық принциптері Қазақстанның 1993, 1995 жылғы Конституцияларынан көрініс тапты.

Кеңес дәуірінде қалыптасқан социалистік демократияның орнына дүниежүзінің өркениетті елдерінің озық тәжірибесіне негізделген толық қанды демократиялық принциптер қалыптасып отыр. Қазақстан халқы ел өмірінің маңызды мәселелерін референдумда дауыс беру арқылы шешіп отырды. Бұл ел билеу ісіне халық бұқараның тікелей қатысып отырғанына дәлел. Ел басы, парламент баламалы түрде сайланады.

Қазақстанда үкімет билігін бөлісу конституцияда демократиялық жолмен шешілген. Заң, ереже қабылдау функциясын парламент, атқарушы билікті үкімет, сот билігін барлық дәрежедегі соттар жүзеге асырады.

Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасуы демократияның негізгі көріністерінің бірі. Партиялар ел басының, парламенттің сайлауына еркін қатысады. Мәжілісте партиялардың фракциясы бар.

Конституцияда азаматтарға толық құқық және бостандық беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігін үкімет өз мойынына алып отыр. Конституцияда көрсетілген сөз, баспаға жазу бостандығын жүзеге асыруда Кеңес дәуірінде енгізілген цензураның жойылуы, еркін бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы маңызды роль атқарады.

Қазақстанда саяси және идеологиялық әртүрлілік қалыптасты. Саяси әртүрлілік әр түрлі саяси партиялардың өмір сүруі, идеологиялық әртүрлілік әртүрлі идеологиялық пікір ағымдардың болуына жол беру арқылы қамтамасыз етіліп отыр.

Тәуелсіз, еркін бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы жариялылық принципін жүзеге асырудың негізгі құралы.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...