Главная Обратная связь

Дисциплины:






Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты



 

Егемендік алған соң Қазақстан республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күні Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкі, халықарылық банк, дүниежүзілік денсаулық ұйымы және тағы басқа көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсіз Қазақстанды бүгінгі таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мен елшіліктер, өкілеттіктер дәрежесінде дипломатиялық қатнас орнатты. Қазақстан шет елдің 55, шет елде Қазақстанның 30 елшілігі бар.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты халықтар арасында бейбіт және өзара тиімді қарым қатынас орнатуға бағытталып отыр. Қазақстан өз территориясындағы ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз мемлекет статусын алды. Осының нәтижесінде Америка, Ресей, Қытай және тағы басқа ірі державалар Қазақстанның тәуелсіздігіне кепілдік беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Азияда бейбітшілікті сақтау, осы құрлық елдерінің арасына сенімділік қатнас орнату, Орта Азия Республикаларымен, ТМД елдерімен саяи, экономика саласындағы қатнасты нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айырықша көңіл бөлуде. Бұл саладағы неізгі мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестициясын тарту болыр отыр. Бұған мысал ретінде бірлескен ²Тенгизшевройл² өндірісін айтуға болады. Бұл келісім 40 жылға жасалған. Кәсіпорынның барлық табысының 80%-і Қазақстанға, 20%-і Шевройылға тиесілі болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестициясына сенім туғызып отыр. Экономикаға енгізілген инвестицияның көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында отырғаны бұған дәлел.

 

Азақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес



 

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырылы, құқықты, әлеуметтік мемлекет деген анықтама берілген. Құқықтық мемлекет дегеніміз өзінің заңы бар, ел басынан бастап қарапайым азаматтарға дейін түгел заңға бағынатын, мемлекеттің ішінде барлық ұйымдар, партиялар, қоғамдар өз іс әрекетін заңдық негізде жүргізетін мемлекетті айтады. Бүгінгі таңда Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық саласында туындайтын қатынастарды реттейтін заң, ережелер бекітіліп іске асырылуда. Құқықты мемлекет қалыптастырудың негізі Қазақстан Республикасының конституциясында тұжырымдалған. Конституция бойынша Республикада билік бөлісу жүйесі демократиялық принциптер негізінде жүзеге асуда. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы президенттік мемлекет. Сондықтан да Конституция Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатының негізігі бағытын анықтайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдігі бар деген анықтама берілген.

Конституция бойынша Қазақстанда мемлекет билігін бөлісу демократиялық принциптер негізінде жүзеге асып отыр. Республикада заң қабылдау билігі парлемент, орындаушы билікті үкімет, сот билігін әр түрлі сатыдағы соттар жүзеге асырып отыр.

Қазақстан республикасында құқықты мемлекет құру мақсатын шешуде республикада жүріліп жатқан сот реформасы маңызды роль атқарады.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...