Главная Обратная связь

Дисциплины:






Жобаның маңыздылығы



Аңдатпа

1. Орындаушы («Маусымcity» жобаcы)

· Куттыгул Сырым, Теміртас Ануар

2. Маңыздылығы

Бұл жобаның маңыздылығы - біздің Қазақстанда туристік орындар жеткілікті болсада, оларды көпшілігі біле бермейді. Табиғаты әсем жерлерді туристтік орындарға айналдыру арқылы елімізді әлемге таныта аламыз. Біз осы мақсатта туристтік қалашық құрмақпыз. «Маусым city» туристік қалашық жобасының ерекшелігі ішінде төрт маусымдық кезеңдерді көруге болады, сонымен бірге әрбір маусымға байланысты қазақтың салт-дәстүрлері, ойындары болады. Және Қазақстан туристік аймақтарына визуалды шолу, сол аймақтарға саяхатты ынталандыру және ұйымдастыруға болады. Туристік кешенде қонақүй, мейрамхана және отандық тауарларды сататын дүкендер бар .

Бұл жоба Қазақстан Республикасындағы Туристік индустрияны дамытуға үлкен әсер етеді:

Жоба еліміздің туристік аймақтарын,тарихи ескерткіштерін шетел және ел азаматтарына виртуальды түрде

таныстырып, осы туристік аймақтарды тамашалауға мүмкіндік туғызуда;

· Туристік аймақтарды таныстыру арқылы Қазақстанды әлемге танытуда;

· Туристік индустрияны дамытумен қатар, туристік аймақтардағы қонақ үй, ресторан бизнесін, жол

құрылысын дамытуда;

· Туристік кластерді жетілдіруде;

· Жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды болып табылады.

 

 

3. Инновациялық жобаның мақсаты мен міндеті.

Мақсаты:

§ Қазақстандыәлемге танытатын және әлемдік бренд бола алатынтуристтік қалашық құру.

Міндеттері:

§ Туризм нарығын талдай отырып, жаңа кешен құру.

§ Бәсекелестерді зерттеп, бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру.

§ Жобаның тұрақты жұмыс істеуі үшін маркетингтік жоспар құру.

§ SWOT талдау жасап, жобаны жылжыту стратегияларын ұсыну.

§ Жобаның қаржылық жағдайын талдап, жыл сайын туризм саласын дамытуға бөлінетін қаржыларды

қалдықсыз игеру.

 

4. Жобаның жаңалығы.

§ Туризм нарығын талдау кезінде жүргізілген сауаланама нәтижесі бойынша ұсынылған ұсыныстарды пайдаланып, барлығы бір жерде орналасқан төрт маусымдық орталық ашылады.



§ Жылжыту стратегияларын ұсыну.

§ Қазақстанның туристтік аймақтарына визуалды шолу және сол аймақтарға саяхатты ұйымдастыру.

 

5. Бұл жобаның мақсатына жету әдістері.

Біз бұл жобаны жасау барысында келесідей әдістерді қолдандық:

· Бренд ретінде өнімді таңдау үшін сауалнама әдісін қолдану арқылы таңдадық.

· Және маркетингтік бақылау, сұрау, интервью әдістерін қолдандық.

· Статистикалық мәліметтерді www.stat.kz сайты арқылы көптеген қажетті ақпараттарды алдық.

· Жиналған ақпараттарды статистикалық корреляция көрсеткіштерін талдау әдістері.

 

6. Жобаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер.

· Бұл жобаны жүзеге асыру барысында елімізде туристтік аймақтарды шетелге танытуға болады.

· Болашақта еліміздің экономикасының айтарлықтай бөлігін туризм саласына бұра аламыз.Туризмнен

түсетін жылдық табысты арттыра аламыз.

· Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне бұл жобаны ұсынамыз. Жоспар бойынша 3ай бойы

өткізілетін халықаралық көрмеге шетелден 7 млн. турист келеді деп күтілуде. Осы 3ай ішінде біз жүзеге

асырылған жобаның шығынын жаба аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

Жобаның маңыздылығы

Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі. Қазақстанның туристік нарығын дамыту жыл сайынғы бағдарламалар мен оған жұмасалатын шығындарды қамтиды. Мысалы, 2010-2014ж арналған туристік индустрияның перспективалық бағыттарын дамыту бағдарламасына 4 252 108 966,8 мың.теңге бөлінгенімен, бұл жұмсалып жатқан қаражаттың нақты нәтижесін көрмей отырмыз.

Осындай ілемдік көрсеткіштерге байланысты бұл жобаның маңыздылығы біздің Қазақстан экономикасында туризмнен түсетін табысты арттыру болып табылады. Қазақстанда туристтік орындар жеткілікті болсада, оларды көпшілігі біле бермейді. Табиғаты әсем жерлерді туристтік орындарға айналдыру арқылы елімізді әлемге таныта аламыз. Біз осы мақсатта туристтік қалашық құрмақпыз. «Arman city» туристтік қалашық жобасының ерекшелігі ішінде төрт маусымдық кезеңдерді көруге болады, сонымен бірге әрбір маусымға байланысты қазақтың салт-дәстүрлері, ойындары болады. Және қазақстан туристтік аймақтарына визуалды шолу, сол аймақтарға саяхатты ынталандыру және ұйымдастыруға болады. Туристтік кешенде қонақүй, мейрамхана және отандық тауарларды сататын дүкендер бар.

Бұл жобаны бастамас бұрын, біздің тобымыз отандық брендті ойлап табу, қалыптастыру мақсатында сауалнама арқылы маркетингтік зерттеу жүргізген болатын. Сауалнамаға 500 респондент қатысты. Сауалнама негізінде пайда болған мынадай өзекті нәтиженің суретін ұсынамыз (1-ҚОСЫМША):

 

 

 

«Халықаралық нарыққа бренд ретінде нені ұсынасыз?» деген сұраққа 500 респонденттің 9%-і қымыз бен қарта, 5%-і Мега сауда орынын, келесі 16%-і Фудмастер компаниясын, 23%-і Рахат компаниясын, 2%-і БТА банк , енді 2% -і отандык спорттык киімдер десе, 2%-і Корона ,4% -і атақты адам, 37 %- і туристік (Алтынемел, Алакөл, Бурабай,т.б) аймақ деп жауап берді. Көріп отырғанымызыздай ең жоғары көрсеткіш, яғни респонденттердің 37%-ы туристік(Алтынемел, Алакөл,Бурабай,т.б) аймақты халықаралық нарыққа отандық бренд ретінде ұсынады.Осы көрсеткіштерге негізделе отырып,біздің тобымыз туристік аймақтар,оларды әлемге танытуға арналған жобасын ұсынып отыр және ол респонденттердің қалауы бойынша өзекті болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасындағы Туристік индустрияны дамытуға үлкен әсер етеді:

· Жоба еліміздің туристік аймақтарын,тарихи ескерткіштерін шетел және ел азаматтарына виртуальді түрде

таныстырып, осы туристік аймақтарды тамашалауға мүмкіндік туғызуда;

· Туристік индустрияны дамытумен қатар, туристік аймақтардағы қонақ үй, ресторан бизнесін, жол

құрылысын дамытуда;

· Туристік кластерді жетілдіруде;

· Жұмыспен қамтамасыз етуде өзекті болып табылады.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...