Главная Обратная связь

Дисциплины:






Жәнгір хан - реформатыр билеуші. Бөкей Ордасындағы тұңғыш мұсылманеуропалық мектептің ашылуы



Жәңгір хан – ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүрген өз заманының заңғар, әрі күрделі тұлғасы. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында Жәңгір ханның қоғамдық-саяси қызметі мен тарихи тұлғасына қатысты екі жақты пікірлердің орын алғаны белгілі жәйт. Дегенмен, ақырында кеңестік идеологияның салдарынан қалыптасып қалған таптық сананың бұғауы бұзылып, қазақтың соңғы ханына қатысты көзқарастар да түбірімен өзгерді. Бұған Жәңгір ханның реформаторлық рөлін айқындай түскен мақалалар мен кітаптардың жазылуы, Ордада тұңғыш ашқан мектебіне, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Жәңгір ханның атының берілуі және ескерткішінің орнатылуы, Орал қаласында даңғыл көшенің, кітап дүкенінің сол кісінің құрметіне аталуы дәлел болады. Сонымен бірге кезіндегі Жәңгір ханның Қазан университетімен тығыз байланыс жасап отырған еңбегіне орай жақында Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында аталмыш университеттің кіреберіс жақтауына Жәңгір ханға арналған мүсін-тақтаның орнатылғанын да оның білім мен ғылым саласына қосқан үлесі үшін берілген лайықты баға деп түсінгеніміз жөн.

Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылы 21 мамырда қайтыс болды. Оның өсиеті бойынша, хан тағы ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығай сұлтан басқарды. Осы кезеңде жас Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие алды. Қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық әзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген еді. Ал, 1824 жылы 26 маусымда Жәңгір хан ресми түрде таққа отырды. Мектеп ашу жөніндегі Жәңгірдің арманы он бес жылдан кейін барып іске асты. 1841 жылы қазан айының 10-шы жұлдызында ол сұлтан-правитель Шоқа Нұралиевке жазған хатында ғылым-білімнің пайдасын жан-жақты дәлелдей келіп, «...Биылғы жылы мен өз ордамда мектеп ашуды ойлап отырмын. Өз балаларын орташа ақымен оқуға беруге тілек білдіргендердің бәрі маған өтініш жасай алады. Қарауындағы халықты, әсіресе, сұлтандарды балаларын мектепке беруге үгіттейді деп сенемін», - деді. Сөйтіп, арада екі ай өткеннен кейін 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін тұңғыш мектеп дүниеге келді. Мұнда діни дәрістермен қатар орыс тілі, арифметика, жағырапия, тарих, физика, т.б. пәндер оқытылған. Мектептің меңгерушісі, әрі мұғалімі болып Константин Петрович Ольдекоп тағайындалды. Дін оқуы және шығыс тілдері бойынша оқытушы болып молда Хакім Мұхаммед Аминов бекітілді. Оқуға қабылданған 25 баланың ең ересегі 22 жаста, ал ең кішісі 9 жас та еді. Шәкірттерге орыс мұғалімі сабақ беріп, орысша оқытылатынын естіген қазақтар «шоқынып, орыс болып кетеді» деп, балаларын мектепке беруге қарсы болғанда Жәңгір өзінің екі бірдей баласын мектепке беріп, үлгі көрсетеді. Хан жылына үш рет мектепте болып, оқушылардың бағаларын қарап, сабақ үлгерімдерін бақылап отырған. Оқу жылы басталарда өзімен бірге сұлтандары мен билерін, оқушылардың ата-аналарын ертіп мектепке келіп, оқушы балалардың біліміне сынақ жасайтын болған. Барлық оқушылар сапқа тұрғызылып, олардан әрбір пән бойынша емтихан алынған. Оқушылардың берген жауабына риза болған хан қуанышын да жасырмаған.

58. Қазақстанның рухани өткенін зерттеудің өзнетілігі неде? Жиырмасыншы жүзжылдықта қоғамдық сананың барлық қырларын тарихшылдықтың, яғни сананың тарихилануының жаулап алғаны соншалық, даулы да күрделі мәселелерімен ерекшеленетін тарих философиясы қызу пікірталастардың өзегіне айналды. Өйткені қазіргі заманның өз бойына әлеуметтік жадымен сипатталатын өткен шақты да, болашақты бағдарлаумен түсіндірілетін келер шақты да енгізетін осы шақты білдіретіні санаға сіңді. Мәуелі ағаштың тереңге бойлап, құнарлы топырақтан нәр алатын тамырынсыз жапырақ жайып көгермейтіні сияқты, жеміс бермейтіні сияқты қазіргі заман да өткеннің тарихынан тағылым алып, сабақтастығын сақтамаса келешектен күдер үзері сөзсіз. Оның үстіне, қазіргі әлемде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени ахуал, адамның ментальдық болмысының дамуындағы қайшылықтар, рухани дамудағы келеңсіз құбылыстар, сондай-ақ жаhандық қаржылық, экономикалық дағдарыстың астарынан қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған рухани тоқыраудың бой көрсетуі – осы үдерістердің барлығы адамзат дамуының келешегін болжауға қатысты ғана емес, оның тарихына, тарихи санасы мен тарихи құндылықтарына қатысты да зерттеулерге деген қызығушылықты тудырады. Бүгінгі жағдай қоғамдық деңгейдегі болсын немесе жеке тұлғалық деңгейдегі болсын, арнаулы ғылыми немесе бұқаралық санадағы болсын тарихи сананың мәні мен маңызын, оның мазмұны мен құрылымын, қалыптасу тетіктері мен қызмет ету заңдылықтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетуді қажет етеді. Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Әлеуметтік жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты- тарихи, әлеуметтік, ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен тол- тырылады. Қазіргі кезеңде әлеуметтік жадының үш деңгейінде де – жаhандық деңгейінде, ұлттық деңгейде және жеке тұлғалық дәрежеде түбірлі өзгерістер болып жатыр: адамдық индивидуалдық деңгейде антропологиялық төңкеріс орын алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық деңгейде ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. Бұл өзгерістер, өз кезегінде тарихи сана мәселесін күн тәртібінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай бо- лады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі рас. Ал тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады. Тарихи эрудиция – бұл тұлғаның рухани байлығы. Алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек енген сайын қазіргі адамның өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады. Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі рухани күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне жиырма жыл енді толып отырған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын жағдайдан шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі жаhандастырудың қатаң бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды да қажет етеді. Бұл үшін замана ағымына лайықты сырттан енгізілген соңғы, бірақ барлық руханилықтан жұрдай жалаң технологияларды енгізу жеткіліксіз, мәңгүрттік және маргиналдық жағдайдан арылу үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмір- қамын қамтамасыз ететін төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек. Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Яғни ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды – адамдарды рухани тұрғыда оятатын ана тілі мен дәстүрді жаңғыртумен қатар, халықтың тарихи өткенін толығы- мен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи өзіндік сананы қалыптастыру тәуелсіздіктің рухани тұғырын құрайды. Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы тұмшаланып айтылмай келгені, айтылса да саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Шынайы тарихи дамуды түсіндіру амалдары маркстік-лениндік әдіснамаға сай, тап күресін таңумен сипатталды. Кезінде тек еуразиялық аймақтың дамуына ғана емес, әлемдік дамуға да өзіндік ықпалын тигізген Қазақстан мен Орталық Азиядағы үш мыңжылдық көшпелі мәдениет еуроорталықтық көзқарастағы әдебиеттерде алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, ұлттық тарихтағы өркениеттік, мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Қоғамдық және мәдени дамудың батыстық үлгіден түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді. Қазақстанның Ресейге кіруінің себеп-салдары асыра дәріптелді, оның отаршылдық саясатының астарлары бүркемеленді. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени тарихына деген нигилистік көзқарас қалыптасты.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...