Главная Обратная связь

Дисциплины:






Билет Дербес компьютердің қосымша құрылғылары



Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады.

Принтер дегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б.

Матрицалық принтер дегеніміз барлық бейнелерді нүктелерден тұрғызатын шертпелі принтер.

Матрицалық (шертпелі) принтер бояғыш лента арқылы қағазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Инелер бір немесе екі қатарда орналасқан. Матрицалық принтерлер кез-келген символды матрица түрінде ұсынады.

Сия бүріккіш принтер мәліметтерді қағазға басып шығару үшін тар түтікше арқылы сияны бүрку тетігін пайдаланады.

Сия бүріккіш принтерде бір немесе екі картридж қолданылады. Екінші картридж түрлі-түсті сияға арналған. Принтерлерде екі түрлі сия қолданылады: суда ерігіш және пигменттік. Сия бүріккіш принтерлер матрицалық принтерлермен салыстырғанда сапалы әрі шуылсыз.

Лазерлік принтер мәліметтерді қағазға басып шығаруды лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асырады. Лазерлік принтерлерде қолданылатын құрғақ ұнтақ тәрізді бояу тонер деп аталады.

Термографиктік принтерлер - жылу арқылы жұмыс істейтін бастиегі бар, арнайы жылу сезгіш қағазға мәліметтер шығаратын, температуралық әрекеттестік принципінде жұмыс жасайтын басу құрылғысы.

Графикалық принтер – принтер мен плоттердің біріктірілген түрі. Графикалық принтер механизмі горизонталь бағытта қозғалатын жазу элементінен және қағазды вертикаль бағытта жылжыту құрылғыларынан тұрады. Барлық жылжу амалдары компьютердің басқаруымен орындалады.

Принтерлерді Hewlett Packard, Epson, Canon, Lexmark, Citizen және т.б. фирмалар жасап шығарады.

Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.



Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.

Плоттер(графиксалғыш) – графиктерді, күрделі графикалық кескіндерді, сызбаларды, суреттерді, карталарды түрлендіріп, қағазға сызып беретін график салу құрылғысы. Ол мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға шығарады.

Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасу құрылғысы.

Модемнің түрлері: ішкі модем және сыртқы модем. Ішкі модем аналық тақшада орналасады. Ішкі модемнің телефон желісімен қосатын сыртқы қосқыш тарақшасы болады. Сыртқы модем - компьютер қорабынан тысқары, бөлек блок түріндегі модем. Ол компьютердің тізбекті портына, телефон желісіне, телефонның өзіне және ток көзіне жалғануы тиіс.

Флэш-жады - BIOS-ты сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын энергия көзінен тәуелсіз жады. Мәліметтерді жазу USB-кабельдердің көмегімен жүзеге асады.

Флэш-жады арнайы драйверді қажет етпейтін кішкентай, жылдам, сенімді және әмбебап құрылғы. Ең алғашқы флэш-жадылардың көлемі 128, 256, 512 Мбайт болатын, қазір 1, 2, 4, 8, 16 Гбайт флэш-жадылар кеңінен қолданылуда.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...