Главная Обратная связь

Дисциплины:






Билет Электрондық кестенің негізгі ұғымдары



Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.

Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.

Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.

Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).



Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен бірге енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол саннын барлық разрядтары толық сақталады).

Ехсеl-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол бос орынсыз жазылады және 240 символға дейін енгізе алады. ¥яшыққа С1+Ғ5 формуласы =С1+Ғ5 түрінде жазылады. Бұл С1 ұяшығындағы мәліметке Ғ5 ұяшығындағы мәліметтің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Билет Массив элементтерін енгізу жолдары

Массив – бір типті көп элементтен трады.Массивпен оның атын шақыру арқылы жұмыс істейміз.Массивтің кез-келген элементін таңдауға болады.Ол үшін оның тұрған орнын көрсететін индиксті көрсету керек.Массив элементінің саны оны анықтап хабарлағанда белгіленеді.содан соң өзгермейді.Егер массив хабарланған болса, онда оның кез-келген элементін массивтің атын және элемент индиксін квадрат жақшаның ішінде көрсету арқылы оқуға болады.Массивтер айнымалылар сияқты анықталады.int a[100]-100 элементтен тұратын және бүтін саннан тұратын массив хабарланған.Массив индиксациясы 0-ден басталады.

Екі өлшемді массивтер бір өлшемді массивтер сияқты сипатталады.Екі өлшемді массив элементтері қатар бойынша сипатталады.

Си тілінде көрсеткіштнр мен массивтер арасында өте үлкен байланыс бар.Массивтердің индиксі арқылы орындалатын кез-келген операцияны көрсеткіштің көмегімен орындауға болады.

Массив элементтерін енгізу және шығару цикл арқылы жүзеге асырылады. Егер элементтерді ендіру үшін Read операторы қолданылса, онда элементтер бір қатарға жазылып енгізіледі. Ал Readln операторы қолданылса, онда әр элементті жаңа қатардан енгізу керек.

Бағдарламаның орындалу нәтижесінде N элементтен тұратын массив элементтерін пернетақтадан енгізуді ұйымдастырады, бағдарламада циклді оқығанда Read операторын N рет оқып тоқтап, массив элементтері мәндерін қашан пернетақтадан енгізгенше күтіп тұрады, бұл жерде К айнымалысы цикл параметрі қызметімен қоса массив индексі ретінде де қолданылып тұр.

Кейде бағдарламаның әр орындалуында массив элементтерінің мәндерін қайта-қайта пернетақтадан енгізу керек болады, бұл әсіресе енгізілетін элементтер саны өте көп болған кездерде бағдарлама орындаушы кісіні жалықтырып жібереді, сондықтан бұндай жағдайларда оларды бірден тұрақтылар бөлімінде енгізіп қойса да болады:

Массив элементтерін шығару процесі де енгізуге ұқсайды. Егер цикл денесінде элементтерді шығару үшін Write операторы қолданылса, онда массив элементтері экранға бір қатарға бір-біріне жабысып жазылып шығады. Бұл жағдайда нәтиженің көрнекілігін арттыру үшін Write операторында массивтен кейін бос орын жазылады. Ал Writeln операторы қолданылса, онда массивтің әрбір элементі жаңа қатарға жазылып шығады.

Кейбір есептеулерде белгілі бір шарттың орындалуына байланысты массив элементтерін іздеп табу керек болады. Ол үшін цикл арқылы массивтің барлық элементтерін берілген шамамен салыстыру процесін ұйымдастыру керек. Егер циклдің әр орындалуында массивтің жаңа элементі берілген шартты қанағаттандырса, онда бұл элемент ізделінген элемент болып табылады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...