Главная Обратная связь

Дисциплины:






Есептеу техникасының арифметикалық негіздері



Егер санды белгілейтін таңбаның мәні оның орналасқан орнына байланысты болса, ондай есептеу жүйесін позициялық деп,ал байланыссыз болса, позициялық емес д.а.Позициялық емес есептеу жүйесінде санды келесі түрде жазуға болады:

 

Мұндағы А-Асаныңың d есептеу жүйесіндегі жазылуы, d-жүйенің таңбалары.Позициялық емес есептеу жүйесіне рим цифрларын жатқызуға болады.Позициялық есептеу жүйесінде цифрлардың мәні сандағы орнына байланысты болады.Санды бейнелеуде пайдалынатын цифрлардың жиыны жүйенің әліппесі деп аталады.Ал ол цифрлардың саны есептеу жүйесінің негізін анықтайды.Мысалы, ондық есептеу жүйесінің негізін 10,ал әліппесін келесі он араб цифрлары құрайды:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.Есептеу жүйесі-кез-келген сан мен оның таңбалар арқылы белгіленуінің арасындағы сәйкестікті орнатуға мүмкіншілік жасайтын, сандарға ат беру мен бейнелеудің тәсілдері мен ережелерінің жиыны.Әртүрлі жүйелердегі сандарға амалдар қолдану.Ондық жүйедегі сандарға амалдар қолдану сияқты, әртүрлі есептеу жүйелеріндегі сандарға да амалдар қолдануға болады.Сандарға амалдар қолданудың кейбір ережелері төменде, кестелер түрінде, көрсетілген.Мұнда қосу және көбейту амалдары ғана қарастырылған.Алу және бөлу амалдары алдыңғылардың кері амалдары болатыны белгілі. Екілік есептеу жүйелеріндегі сандарға амалдар қолданудың ережелері: қосу амалы: 0+0=0; 0+1=1; 1+1=10. Көбейту амалы; 0*0=0; 1*0=0; 1*1=1.

 

1.5 Цифрлық автоматтарды құрастырудың логикалық негіздері.

Электрондық-есептегіш машинаны құрастыруда оған қойылатын талаптар бойынша информацияны өңдеу өте жылдам болуы тиіс.Сондықтан ең жылдам информация тасымалдаушы ретінде электромагниттік құбылыстарды, дәлірек айтқанда, электр тогы болуы тиіс екендігі түсінікті.Информацияны тасымалдайтын құбылыс сигнал д.а.Егер электр тогының табиғатын қарастырсақ, онда сигнал екі мәннің бірін ғана қабылдайды:ток бар немесе ток жоқ.Мұндай конструкцияны реле деп атайды.Басқаша айтқанда, реленің көмегімен екілік мән беретін электр сигналын құрастыруға болады.Кез-келген дискретті есептеу құрылғысының негізін қарапайым логикалық схемалар құрайды.Бұл схемалардың жұмысы логика алгебрасының заңдары мен ережелеріне негізделген.Логика алгебрасы дегеніміз айтылған пікірдің логикалық мәндері мен оларға қолданылатын логикалық амалдары жағынан зерттейтін математика бөлімі.Логика алгебрасының құрастырушысы ағылшын ғалымы Дж.Буль.Ол 1854 жылы ойлау логикасын математика әдістерімен зерттеуге байланысты құрастырған болатын,оны математикалық әдебиетте буль алгебрасы деп атайды.Басқа формальді математикалық жүйелер сияқты буль алгебрасы да үш жиыннан тұрады:элементтер,операциялар және аксиомалар.Элементтер.Есептеу құрылғыларының схемасын үш топқа бөлуге болады:орындаушы, информация беруші және басқарушы.Барлық жағдайда және логикалық схеманың барлық нүктесінде сигнал екі деңгейде бинарлық символдармен немесе логикалық мәндерін бейнелейді.Сондықтан буль алгебрасының элементтерінің жиыны бинарлық болады.Кейде буль алгебрасын бинарлық алгебра немесе ауыстырғыштар алгебрасы деп те атайды.Цифрлық автоматтарды информацияны буль алгебрасының екі элементінің көмегімен бейнелейтіндігі осыған байланысты.Операциялар.Буль алгебрасының негізгі операциялары:AND(және) логикалық көбейту операциясы немесе конъюнкция;OR(немесе) логикалық қосу операциясы немесе дизъюнкция; NOT(жоқ) логикалық терістеу немесе инверсия.Операциялар орындалу кезінде эквиваленттік қатынас белгісі = және жақшалар () қолданылады.Егер жақшалар жоқ болса, онда операциялар келесі тәртіп бойынша орындалады:1.логикалық терістеу;2.логикалық көбейту;3.логикалық қосу.Логикалық элементтер.Логикалық элемент дегеніміз қарапайым логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық схеманың бөлігі.Қазіргі заманғы есептеу құрылғыларының негізгі логикалық элементтеріне жататындары AND,OR,NOT,AND-NOT,OR-NOT, триггер және т.б. операцияларды жүзеге асыратын электрондық схемалар.Триггер дегеніміз көлемі 1 бит деректі сақтайтын, сыртқы сигналдың әсерімен ауысып отыратын екі тұрақты жағжайдың бірінде болатын электрондық құрылғы.



1.6 Информация өңдеуші процессорлық құрылғылар.

Процессор дегеніміз цифрлық информацияны өңдеу үрдісін жүргізуді қамтамасыз ететін,оны басқаратын және компъютердің барлық құрылғыларының жұмысын реттейтін, программамен басқарылатын құрылғы.Осылармен бірге, оның құрамына процессорлық жад деп аталынатын процессорда тікелей орындалуға тиісті информацияны қысқа мерзімде сақтайтын, жазатын және шығаратын құрылғы енгізілген.Процессорлық жад регистрлер деп аталынатын арнайы түрдегі ұяшықтардан тұрады.Қазіргі кезде кең қолданылып жүрген Intel Pentium процессорының командалар жүйесі мыңға жуық командалардан тұрады;олардың әрқайсысының ұзындықтары 8-ден 120 битке дейін болады.Мұндай процессорлар командалар жүйесі кеңейтілген немесе CISC-процессорлар д.а.Мұндай процессорларды жасауда Intel фирмасы дүниежүзілік көш бастаушы болып есептеледі.CISC-процессорларының негізгі сипаттамалары:

-жалпыға арналған регстрлер саны көп емес;-машина командалар өте көп;олардың кейбіреулері өте үлкен, олардың семантикалық құрамы жоғары деңгейдегі программалау тілінің операторларына жақын, орындалуы өте көп такт пен адрес ауыстыру әдістерін қажет етеді;-әртүрлі разрядты командалардың форматтары өте көп;-командалардың басым көпшілігінің екі адрестері болуы;-«регистр-жад» типін өңдейтін командалардың болуы.Компъютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын, аналық платаның негізгі функционалдық мүмкіншіліктерін анықтайтын микросхемалардың жиыны чипсет немесе микропроцессор комплекті д.а.Шиналар.Оперативтік жадымен және сыртқы құрылғылармен микропроцессор шина деп аталынатын бірнеше өткізгіштердің тобы арқылы байланысқан.Негізгі шиналар 3:-деректі шинасы,-адрес шинасы,-команда шинасы.

1.7 Информацияны жіберу және жеткізу жүйелері.Информацияны берушіден алушыға уақытында, ешбір кедергісіз және қатесіз жеткізу-информациямен жұмыс істеудегі маңызды мәселенің бірі. Байланыс жолы дегеніміз сигналды беруші мен қабылдаушы арасындағы берілісті қамтамасыз ететін орта, ал информация жеткізу жүйесі деп осыған қажетті техникалық құралдардың жиынын атайды.Жеткізу жүйесін жалпы жағдайда телекоммуникациялық желі д.а.Екі немесе одан көп компъютерді қосу арқылы компъютерлік желіні құрастыруға болады.Желіге қосылған компъютер немесе жұмыс стансасы оның торабы болады.Компъютерлік желі үшін арнайы аппараттық жабдық пен программалық жабдық қолданылады.1.Желінің тораптарының ара қашықтарына байланысты есептеу жүйелері үш сыныпқа бөлінеді:-локалъдік желі шектелген территорияны қамтиды;-корпоративтік желі бір-бірімен байланысқан, алыс орналаспаған бірнеше локалъдік желілердің жиыны;-территориялық желі недәуір географиялық кеңістікті қамтиды;ол региональді болып бөлінеді.Интернет дегеніміз ондаған мың ЭЕМ-нің желілерін біріктірген жүзден астам мемлекетті, миллиондаған компъютерді, жүздеген миллион пайдаланушыларды қамтыған глобальді телекоммуникациялық информациялық желі.2.Тораптардың байланысының топологиясына байланысты шиналық,сақина тәріздес, жұлдыз тәріздес, иерархиялы, кез-келген құрылымды болады.3.Басқару тәсіліне байланысты желілердің келесі түрлері болады:-клиент-сервер желісі бойынша бір немесе бірнеше тораптар ерекшеленіп, басқарушы немесе арнайы қызмет көрсету функцияларын орындайтын болса, ал қалғандары пайдаланушылар жұмыс істейтін терминалдардың қызметін атқарады.-бірдей рангты желілерде барлық тораптар бірдей тең құқықты болады.Мұнда әрбір торап сервердің де,клиенттің де қызметтерін атқарады.4.Желіде пайдаланылатын ЭЕМ-дердің типтеріне байланысты біртекті және әр текті болып бөлінеді.Үлкен автоматтандырылған желілер көбінесе әр текті немесе гетерогенді болады.5.Меншіктік құқығына байланысты желілер көпшілік пайдаланатын және жекеменшік болып бөлінеді.Көпшілік пайдаланатын желілерге телефон және деректер жеткізу желілерін жатқызуға болады.6.Деректерді коммутациялау тәсілдері бойынша есептеу жүйелеріне арналарды,хабарламаларды және бумаларды коммутациялайтын желілер қарастырылады.Коммутация дегеніміз тізбектегі электр тогының бағытын өзгерту немесе информациялық желідегі екі тораптың арасындағы информация алмасу бағытын кезектесіп өзгертіп отыру.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...