Главная Обратная связь

Дисциплины:






Информацияны қауіп-қатерлерден қорғау мен бақылау



Информация қауіпсіздігі дегеніміз оған амалдар орындалғанда немесе оны қабылдағанда, өңдегенде, сақтағанда, беріліс кезінде және пайдаланғанда әртүрлі қауіп-қатерден қорғалғандығы.Есептеу техникасында қауіпсіздік туралы сөз болғанда алдымен келесі мәселелер қарастырылады:-компъютер мен оның құрылғыларының жұмысының сенімділігі;-құнды информацияның бұзылмай сақталынуы;-информацияға рұқсатсыз өзгерістер енгізілмеуі;-электрондық байланыс кезінде құпияның сақталынуы.Қатерлердін түрлері.Қауіп-қатердің пайда болу себептері адамдардың әрекеттеріне,автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын аппараттық және программалық құралдарға, сонымен қатар сыртқы факторларға байланысты болуы мүмкін.Аталынған себептерден туатын қауіп-қатерді екі сыныпқа бөлуге болады:-қасақана емем;-қасақан.Қасақана емес қатер көбінесе табиғи апаттан және авариядан, техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулық пен олардың істемей қалуынан, алгоритмдер мен программалардың кешендерінде жіберілген қателерден, сонымен бірге пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың қатесінен болуы мүмкін.Қасақан қатерлердің физикалық мәні мен жүзеге асырылу механизмі бойынша бес топқа бөлінеді:-тыңшылық пен диверсия;-рұқсатсыз информацияны алу;-электромагниттік таралымдар мен нысаналарды жинап алу;-құрылымдарды рұқсатсыз модификациялау;-зиянкестік программалар.Информацияның жойылу және кету жолдары.Тыңшылық пен диверсияның әдістері мен құралдары информациялық ресурстарды ұрлау мен жоюға бағытталған.Информацияның кетуінің техникалық каналы дегеніміз объект туралы информацияны алуға қажетті техникалық құралдардың жиыны мен информациялық сигнал таратылатын физикалық орта.Зиянкесті программалар мен компъютерлік вирустар.Информацияның қауіпсіздігіне әсерін көп тигізетін қатерлердің бірі-зиянкестік программалар.Зиянкесті программаларды әсер ету механизмі бойынша төрт түрге бөлуге болады:-логикалық бомбалар;-құрттар;-троя аттары;-компъютерлік вирустар.Программалық вирустар басқа программаның ішіне арнайы мақсатпен енгізілген программалық код.Информация сенімділігін қамтамасыз етудің мәселесін зерттеу үш деңгейде атқарылады:-синтаксистік немесе таңбалар мен белгілерді бақылау;-семантикалық немесе информация массивінің мәнінің сенімділігі, логика бойынша дұрыстығы, қарама-қайшылықсыздығы және сейкестендірілгендігі;-прагматикалық немесе информацияның құндылығы, оның уақытында қол жететіндігі мен қателердің жүйелердің жұмысының тиімділігіне әсері.Жоғарыда аталынған зиянкестік программалардың барлығын вирустар д.а.Программалық-аппараттық әдістерге жататындар:-құнды информацияның көшірмелерін жасау;-қолданылатын информация массивін бақылау,ондағы жіберілген қателерді дер кезінде табу және жөндеу;-алғаш компъютерге енгізілетін деректердің дұрыстығын бақылау және оларға вирустық программалардың енуінен қорғау;-қате операциялардың болмауын қамтамасыз ету.Информацияны қорғаудың тағы бір әдісінің түрі-шифрлау.Онымен криптография деген ғылым саласы айналысады.Шифрлау дегеніміз ашық хабарламаны белгілі бір тәртіп бойынша жасырын хабарламаға айналдыру үрдісі,ал шифрды ашу-оның кері үрдісі.Шифрлау әдісі бойынша шифрлардың екі түрлі сыныбы қаратырылады:-айырбастау шифрлары;-ауыстыру шифрлары.



 

2.1.Алгоритм және оның қасиеттері. Алгоритм дегеніміз берілген алғашқы шарттардан қойылған мақсатқа жетудің дәл сипаттамасы. Программа құрастырушының талаптарына сай болуы үшін алгоритм келесі қасиеттерді қанағаттандыруы тиіс. 1Детерминдік. Алғашқы деректерге қолданылған ережелер мен амалдар үрдісі бір мәнді түрде анықталған. 2 Көпшілікке арналғандық. Алгоритм бір ғана есепті шешуге емес, бір типке жататын есептердің жиынын шешуге арналған болуы тиіс. 3. Нәтижелік. Есептеу үрдісінің алгоритм бойынша ережелерінің белгілі бір орындалу қадамдарынан кейін есептеу нәтижесінің алынуы және есептеу үрдісінің тоқтатылуы. Алгоритм дегеніміз бір типке жататын есептердің кез-келгенін шешуге оны орындаушыға мүмкіншілік беретін ережелер мен командалардың белгілі бір жиынтығы.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...