Главная Обратная связь

Дисциплины:






МОДУЛЬДІ ТАПСЫРМАЛАР КРИТЕРИЙЛЕРІ



 

Бірінші оқу жылында модуль бойынша тапсырмаларды бағалау критерийлеріне жататындар:

1) жұмыстың өзектілігі мен практикалық маңызы;

2) жұмыстың құрылымдылығы, баяндау логикасы, алынған нәтижелер менжасалған қорытындылардың негізделуі мен шынайылығы;

3) жұмыстың мақсаты, міндеттері, мазмұны мен зерттеу нәтижелері:

4) жұмысты рәсімдеу, дәйексөздер ережелері, библиографиялық сілтемелер мен тізімдердің талаптарының сақталуы;

5) жұмысты қорғау деңгейі: жұмысты ұсыну (баяндама мен презентацияның мазмұндылығы, үлестірмелі және иллюстративті материалдардың болуы), сұрақтарға жауапты бергенде түсіну және дәйектілігі, рецензенттің ескертпелері, жауап беру кезінде политологиялық терминологияларды білуі.

 

 

БАҒАЛАУ ӨЛШЕМІ

Модульдік оқыту және модульдік жүйені бағалаудың мақсаты: әрбір пәннің модулін оқыту үдерісінде жүйелі жұмыс жасауға студенттердің мотивациясын (қозғамдамасын) арттыру. Модульдің қорытынды бағасы қоротынды емтиханнан кейін «Платонус» жүйесіне енгізіледі.

Пән бойынша қорытынды баға қою ережесі:

1. Пән бойынша қорытынды емтихан тапсыруға жіберу модуль бойынша тапсырманы орындау бағасына байлапнысты.

2. Сонымен қатар міндетті түрде семинар, іс-тәжірибелік сабақтарға қатысу немесе экскурсияға бару, іс-тәжірибелік дағдыларды уақытында және сапалы меңгеру, теориялық білімді де уақытында және сапалы меңгеру керек; ғылыми жобалар бойынша жүлделі орындар алу және олимпиадаларға қатысу да қажет.

3. Студенттердің білімін бағалаудың аралық бақылауы үш негізгі көрсеткіштерге негізделеді:

3.1 Пән модульдері бағдарламасының жалпы көлеміне сәйкес ағымды үлгерім бойынша студенттің жинайтын ең жоғары балы 60:

Т1+Т1 = 30%+30%;

мұндағыТ1 –аралық бақылаудың жалпы саны;

3.2 Қорытынды емтихан бойынша студенттің жинайтын ең жоғары балы 40 (Т2), модуль бойынша тапсырма үшін алатын балы 20 (М1);



Т2+М1 = 40% + 20%

мұндағы, T2 –қорытынды емтихан;

M1 - модуль бойынша тапсырма.

3.3 Қосынды бақылау – кешенді көрсеткіш, ол оқытылатын пән модулінің кредиттері санына бойланысты оқу-білім алу модулінің барлық көлемі бойынша студенттің үлгерімін анықтайды:

2 кредитті пәндер үшін: T2 + M1= 80% + 20% = 100 = «Платонус»;

3 кредитті пәндер үшін: T1 + T2 + M1 = 30% + 50%(80%) + 20% = 100 = «Платонус»;

4 немесе одан да көп кредитті пәндер үшін: T1 + T2 + M1 = 30% + 50% + 20% = 100 = «Платонус»;

4. Егер студент оқу-білім беру модулін құрайтын пәндердің бірінен емтихан тапсыра алмай қалған жағдайда, бірақ модульдің басқа пәндерінен жақсы бағалары болса, онда оған академиялық жоспар бойынша оқу удерісінің оныншы аптасында бұл пәнді қайта тапсыруына рұқсат беріледі. Ал үшінші ретте де пәнді тапсыра алмай қалған жағдайда студентке бүкіл курс модульдерін қайта өтеуге тура келеді және екінші рет ақысын төлейді.

5. Егер студент растайтын құжаттарсыз модуль пәндері сабақтарының 25%-дан артығын жіберсе, онда ол пән бойынша қорытынды емтиханға және модуль бойынша тапсырманы қорғауға жіберілмейді, сонымен қатар пәнді қайта оқуға міндетті болады. Міндетті түрде қатысуы керек:

a. Семинарларды;;

b. Іс-тәжірибелік сабақтарды;

c. Зертханалық сабақтарды;

d. экскурсияларды;

e. қонақтық дәрістерді;

f. модуль тапсырмасы бойынша кеңестерді;

 

«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0; 95-100%; А-; 3,67; 90-94%) студент бағдарламалық материалды толығымен меңгергенін көрсеткен және ешқандай қателер жібермеген, бақылау тапсырмаларын, жұмыстарды, үй тапсырмаларын өз уақытында және дұрыс орындаған жағдайда қойылады, сонымен қатар тың төл ойлар қосқан жағдайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқаны, пәнді оқып үйренген кезде өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттермен де айналысқаны, өздігінен бағдарламалық материалдарды жүйелеуді үйренгені де ескеріледі.

«Жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) студент бағдарламалық материалды 75%-дан кем меңгермеген, мұнымен қатар, жауаптарында не есептеулерінде дөрекі қателер жібермеген, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын өз уақытында аса қатты ескертпелерсіз орындаған жағдайда, сонымен қатар, оқытушының кеңесі бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, студент өзі жіберген елеусіз қаталер мен өзгертулерін жөндеген жағдайда және оқытушының көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей білетін кезде қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) студент бағдарламалық материалды 50%-дан кем меңгермеген, бақылау және зертханалық жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындаған уақытта оқытушының көмегіне мұқтаж болған, коллоквиум тапсырған кезде дәлсіздіктер мен елеулі қателер жіберген, зерттеу жұмыстарын орындау барысында белсенділік танытпаған, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектелген. Оқу материалдарын жүйелеуде қатты қиналған жағдайларда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы (F; 0; 0-49%) студент бағдарламада қарастырылған негізгі материалды оқып үйрену барысында олқылықтар кездестірсе, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауаптарында қағидаға қарсы қателер жіберген, ағымды, аралық және қорытынды бақылауларда жеке тапсырмалар орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс істемеген жағдайда қойылады.

 

 

Апелляция барысы

Қорытынды бақылаудың нәтижесіне келіспеген студент емтихан тапсырған күннің ертеңгі жұмыс күнінен қалмай апелляцияға өтініш білдіреді.

Емтихан сессиясы (аралық аттестация) мерзімінде ректордың бұйрығымен біліктілігі апелляциялық пәннің профилімен сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

Студенттің өтініші апелляциялық комиссияда өтініш түскен уақыттан 2 күн мерзімінде студенттің және емтихан алушы оқытушының қатысуымен қарастырылады.

Апелляция нәтижесі хаттамада толтырылады және комиссия шешімі негізінде студентке жеке емтихан жинақ қағазы құрастырылады, ол кейіннен негізгі емтихан жинақ қағазына тіркеледі.

Студент апелляция нәтижесімен (ауызша немесе жазбаша) танысуы керек

Апелляцияға жіберілмеген пәннің бағасын өзгертуге болмайды.

 

Аттестациялыәріптікбаға Балдардың сандық эквиваленті Оқу пәндерін меңгеру дәрежесін %-бен мазмұндау Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94  
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84  
В- 2,67 75-79  
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69  
С- 1,67 60,64  
D+ 1,33 55-59  
D 1,0 50-54  
F 0-49   қанағаттанарлықсыз

 

ОСЫМША 1

БАСҚЫ ПАРАҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРІП ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

 

 

 

МОДУЛЬДІКТАПСЫРМА

ЖОБА

ТАҚЫРЫБЫ: _________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Топ студенті ____________

_________________________

(Т.А.Ж.)

 

Координатор

_________________________

(лауазымы, атағы, Т.А.Ж.)

 

Астана

ОСЫМША2

ABSTRACT





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...