Главная Обратная связь

Дисциплины:






Туристік қызмет



Туристік қызмет – ол қызмет көрсету саласындағы мақсатты іс-әрекет жиынтығы олар туристі қамсыздандыруға немесе оның және экскурсанттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, туристік өнімнің, турдың және туристік қызметтің бағытталуымен сипатымен туризмнің мақсаттарына жауап береді, жалпы адамзаттың жақсы тәртіп пен моральдық принциптерге қарама - қайшы келмеуге бағытталған. Туристік қызметтердің құрамына кіретіндер: орналастыруды, тасымалдау және басқа қызметтердің түрлері, оларды рәсімдеу, тасымалдау, қарсы алу, шығарып салу, трансфер, орналастыру, тамақтандыру, экскурсия мен аттракциялар, медициналық қолдау және сақтандыру, аудармашы-гидтердің қызметтерінің және басқа да қамсыздандырудың барлық түрлерін брондау қызметтері. Қызметтердің құрамына туристік топтың басшысы, аудармашы – гид қосылып, олар экскурсоводтың ролін атқаруы мүмкін. Егер жергілікті экскурсияны ұйымдастырудың ережелеріне қарама – қайшы келмесе, бизнес-туристер үшін арнайы бағдарлаушы маман жолдауларына болады. Егер туризмді туристік пакеттің жалпы принциптері бойынша қарастырсақ, онда минимумды түрде 2 – тасымалдау мен түнеу қызметтерінің, міндетті түрде болуы тиіс. Тасымалдау қызметі бірнеше этаптан тұрады: -трансфер-ол туристік топтың жиналған жерінен негізгі тасымалдаушының терминалына және белгіленген орынға келгеннен кейін туристерді отельге, курортқа дейін тасымалдау және тағы басқа. -Тасымалдау туристі үлкен қашықтыққа оны тұрғылықты жерінен белгіленген жерге дейін тасымалдау. Тамақтандыру. Тамақтану қызметі сауық және танымдық іс – шаралармен қатар және маңызды. Әдетте тамақтану туристердің көңіл-көтеруі болып табылады. Экскурсиялар және экскурсиялық қызмет көрсету. Экскурсия ол көрнекілік жерлерді немесе туристік қызығушылықты, объектілерді көру мақсатындағы қысқа мерзімдер тақырыптық бағыт, экскурсияның функционалды бағытталуы – демалыс және бос уақыт pleqsure and leisure, мәдени тілдесу деңгейінің жоғарылауы. Аттракциялар, ойындар, сауықты шаралар, ойын бизнесі. Аттракция жүйесінде үлкен орынға ие балаларға арналған автоматты ойындар, ал ересектерге бильярд, кегми, карталар, рулетка және тағы басқада ойын индустриясына жататындарды қалайды. Туристік тауарлар.Туристік тауарлар – туризм мақсатында турист немесе экскурсанттың қажеттіліктеріне жататын материалдық құралдар, сувенирлер, тауарлы өнім, тікелей және жанама туристік қызметі. Сауда. Кейбір елдер туристердің сатып алған тауарларын шет елге шығаратын кезде Tax Free льготын енгізуде. Сонымен қатар туристке оның Value Added Tax – VAT арнайы дүкендері мен сауда орталықтарынан, құнынын жартысы шекарадан өткен кезде қайтарылады. Мұндай қайтарылым тауардың құнының 20% құрайды. Мұндай іс – шаралар туристің тауарларды сатып алуға деген қызығушылығын тудыруға бағытталған. Шоппинг. Туристердің қайта сатуы үшін емес, жеке қажеттіліктері үшін сатып алған тауарлары жұмсақ шоппинг деп аталады. Шоппинг – турлар. Тауарды шетелде жүріп, елге келгенде оны сату туризмнің толықтай бір – шоппинг – туризм саласына айналды. Шын мәнінде олар әрдайым саяхат көзін іздестірушілер, яғни рахаттану үшін емес, тауар үшін ізденісте жүрген кішігірім бөлшектік саудагерлер. Туристік өнім. Туристік қызметті бір жағынан туристік өнімнің - тұтынушыға өңдеп жеткізушісі туризмді ұйымдастырушының қызметі ретінде, ал екінші жағынан осы өнімді тұтынушы туристердің қызметі ретінде қарастырсақ болады. Туристік өнім тур мен туристік ұсыныстың негізгі болып табылады. Туристік өнім - минумды түрде бір екі немесе одан да көп туристік қызметтерден, жұмыстардан, тауарлардан және қамсыздандыру құралдарынан, басқада туристік ресурстардан тұратын, яғни туризм мақсаты мен процесіндегі туристің қажеттліктерін қанағаттандыруға жеткілікті қызметтердің, жұмыстардың, тауарлардың туристік қызметтерінің реттелген мақсаттың жиынтығы. Туристік өнім (турпакет) көрсетілген қызметтер мен шығындарын қосатын, ал тұтынушылық қасиеттері келісім шартқа сай келетін жалпыға бірдей бағамен ұсынылады. Туристік өнімнің деңгейі.Ол жалғыз 1) өндірушінің қызметтері, жұмыстары немесе тауарлары – тұтынушы өнімдері 2) өнімді өндірушілердің бір түрлі және көп тұрлі топтары 3) туристік саланың өнім 4) дестинация өнім 5) алдындағы елге немесе мекенге аналогты. Туристік өнім оны құраушы 3 компаненттен тұрады.: а) туристік қызмет; б) туристік қызметтерді тұтынушы кезінде қатар жүретін жұмыстар; в) тур кезінде және турдан тыс тұтынылатын тауарлар.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...