Главная Обратная связь

Дисциплины:






Көлік қызметінің сапасын арттыру



Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Көліктің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минаралдық тыңайтқыштар. Көліктің барлық түрлерінің республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. Көлік құрылысы - темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту (құралымдау) жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған темір жол мен автомобус жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлықтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, темір жол жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады. Көліктік саяхат – бұл саяхат әртүрлі көлікте туристік топтардың саяхаттау болып табылады. Көліктік саяхаттың негізгі міндеттеріне:

маршруттық тасымалдау (теміржол, теңіз, автобус, өзен, әуе);

транспорт түрлерін қолдану (поезд, самолет, автобус, теплоходтар, велосипед, әуе шарлары);

маршрут трассасының тұру (сызықтық, радиалды, домалақ, аралас);

саяхаттың ұзақтылығы (қысқа мерзімді, көп күндік);

маусымдық (жыл бойы, маусымдық, әртүрлі).

Көбіне автобус, әуе және теміржол көліктерін қолданады.

Турист өзінің саяхатты жоспарлаған кезде келесі факторларды ескереді:

– саяхат мақсатына дейінгі жеткізу жылдамдығын;

– саяхат қолайлығын;

– құнын;

– жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін мен оның массасын;

– тамақтандыру жағдайы;

– шу мен вибрация деңгейін;

– демалу мен ұйықтау жағдайын;

– жағымсыз экологиялық факторлардың бар болуын;

– қауіпсіздікті.

Онақүйде көрсетілетін негізгі және қосымша қызметтер.

Қонақтарға қызмет көрсетудідің технологиялық циклдің жүзеге асыруына қонақ үйде негізгі қызметтер қарастырылған:



— брондау;

— қызмет көрсету;

— қабылдау және есептесу бөлмесі;

— номерлер қорының эксплуатациялау қызметі.

Бұл қонақ үй қызметінің негізгі минимальды қызметтер түрі.

Түрлі типті және түрлі сиымдылығы бар қонақ үй кәсіпорындарында қызмет саны жоғарыда айтылғандай көп немесе аздау болуы мүмкін. Олардың функциялары түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ірі қонақ үй комплексінің құрамындағы брондау және қызмет көрсету қызметі — өзбетінше құрамдас бөлімі. Кіші және орта кәсіпорындарындағы клиенттерге қызмет көрсету мен брондау функциясы қабылдау және орналастыру қызметінің қызметкерлері атқарады. Сонымен қатар, ол маркетинг, инженер-эксплуатациялық, қаржы-бухгалтерлік, коммерциялық бөлімдеріне де қатысты.

Қонақпен қатынасуына байланысты қонақ үй қызметі екі сатыда орналасады (Қосымша Ж қараңыз). Бірінші сатыда қонақпен тікелей қатынаста болатын персоналдар қызметі (қатынас қызметі), екінші сатыда – қонақпен қатынасы жоқ персоналдар қызметі (қатынасы жоқ қызмет). Қызметке шектеу қою қонақ үй индустриясында маңызды орын алады, себебі, персоналдарға қойылған талаптар үлкен әсер көрсетеді. Ол талаптар келесілер:

— сырт пішіні тартымды және таза (сәйкес прическа, маникюр, макияж, киім, әшекей және т.б.);

— жүріс-тұрыс манерасы;

— этика мен қарым-қатынас психологиясының білімі;

— коммуникабельді;

— шет тілінің білімі;

— адам жасына шектеу қою (мысалыға, қабылдау портьсіне 30 жасқа дейін).





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...