Главная Обратная связь

Дисциплины:






Онақ үйлердің қызмет көрсетулеріне байланысты жіктелінуі



Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуымейрамхана шаруашылығын жүргізушілер арасында бәсекелестікті өзара реттеудің жолын іздестірген ғалымдар, мейрамхана бизнесінде бәсекелестікті жеңілдету үшін, әрбір тамақтандыру орталықтарының өзіндік бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын қызмет түрлерін ұйымдастыруы қажет деп тапқан. Осыған сәйке нарықта мейрамхана түрлерінің көптеген түрлері пайда бола бастаған. Оның біршама түрлері қазіргі кезеңде елімізде қолданыс табуда және мейрамханалар бәсекелестікті өзара реттемейінше, олардың қарқынды дамуына кері әсерін тигізуші факторлар ықпалы күннен – күнге арта түсетіні сөзсіз.Елдегі қызмет көрсету нарығының әлі де дамушы сипатта болуы және аталмыш түрдегі кәсіпорындарды басқаруда отандық менеджмент мамандарының тәжірибесі аз болуы әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында қазақстандық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың бәсекелік қабілеті төмендетеді. Бұл өз кезегінде аталған саланы басқару жүйесін толығырақ зерттеуді талап етеді.

БИЛЕТ

1. Қонақ үй қызмет көрсету сервисі. Қонақжайлылық - ұжымдық құбылыс. Егерде қонақжайлық қызметкер кадрлары нашар сүрыпталған, құрал-жабадықтары нашар жұмыс істейтін жерге келіп түссе, оның ол жақтан кетіп қалуы жаңалық емес.Қонақжайлылық көзқарасы тұрғысынан қонаққа ұсынылатын түрлі мэліметтік сұрау-анықтамалар жеткілікті болуы керек. Егер де қонақ дэретхана, сақтау камерасы, немесе қызмет көрсету бюросы қай жақта деген сауалдарды қою кезінде қызметшінің бет-әлпеті мүндай сүрақтарға күнделікті жауап беруден шаршағаны туралы айтып тұрса, онда қонақжайлылық бұзылды деген сөз. Қонақ үй әкімшілігі қонақжайлылықты ұйымдастыруда ең негізгі фактор болып табылады. Оның әр әрекеті, жүмыстан шығарудан бастап, клиенттермен қол алысу, сапа стандарттарын бекіту мен қамтамасыз етуге дейін, қонақжайлылыққа өз ықпалын тигізеді. Мысалы, АҚШ-тағы көптеген ірі қонақ үйлерінде әкімшілік өз қызметкерлеріне ірі қонақтардың аты-жөнін есте сақтауды міндеттеген. Ал кездескен кезде, аты-жөнін атап қаратпа жасағанды ескерткен. Бұл да қонақжайлықтың бір факторы болып табылады. Қонақ үйді басқарушы оның территориясын шолу барысында шылым тастандысын немесе қағаз байқаса, оларды қоқыс жәшігіне өзі апарып салады. Оның көзқарасы бойынша, мұны орындамаса, басқалар оны орындамауы мүмкін. Дегенмен де қонақжайлық жауапкершілігін тек қонақ үй басшылығы ғана артпайды. Басшылық онымен өзінің қызметкерлерімен бөліседі. Әр қызметкер белгілі ретте қонақжайлық деңгейіне ықпал етеді. Сонымен, қонақжайлылық нәтижесі қонақ үйдің тұрақты клиенттерінің өсуінен, ұжымдағы қатынастың нығаюынан көрінеді.



Негізінен қонақ үйлер (отель) төрт негізгі категорияларға топтастырылады:

150 номерге дейін;

150 номерден 300 номерге дейін;

300 номерден 600 номерге дейін;

600 номерден аса.

Мұндай жіктелу бірдей көлемді қонақ үйлерге өзінің операциялық нәтижелері мен сатистикалық мәліметтерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Қонақ үй құрылысын жүргізу кезінде ең алдымен «Онда кім турады? Ол кімге арналады?» - деген сауалдар туындайды. Яғни бұл ретте мақсатты нарықты анықтау мәселесі туындайды. Атаулы белгі бойынша кең қанат жайған қонақ үйлер санатына келесілер кіреді.

коммерциялық;

әуежай жанындағы;

люкс отельдері;

курорт отельдері;

жол жанындағы;

ойынхана (казино) – отельдері.

Сонымен қатар, қонақ үй типіне байланысты басқа да, белгілер қалыптасқан. Оларға біз ұсынылған қызмет көрсетулердің санымен сапасын жатқызамыз. Осы белгі бойынша қонақ үйлер келесідей бөлінеді:

Қызмет көрсетулердің жоғарғы деңгейі – жоғарғы, саяси, басқарушы тұлғаларды, ғұламаларды, ауқатты адамдарға арналған қонақ үйлер; Қызмет көрсетулерді орта деңгейі – олар неғұрлым көпшілікке арналған көп жағдайда олар 150 – 200 номерлі болып келеді.

Қызмет көрсетулердің шектеулі деңгейі – бұлар шағын табысты тұлғаларға арналған. Мұндай қонақ үйлерді шағын ауылдарда, ірі көшелердің боында кездестіруге болады. Олардың негізгі мақсаты – «уақытша баспана беру».

Менеджмент классигі Анри Файоль жақсы ұйымды құрудың келесі негізгі ұстанымдарын қалыптастырды:

- Басқару бірлігі. Ұйым құрылымынан дербес түрде кәсіпорын қызметінің дұрыс жүруіне барлық жауапкершілік бір тұлғаға артылады.

- Өкілеттілікті берудің скалярлық әдісі. Толық және абсалютты жауапкершілік тек басқару ғана емес, сонымен қатар, басшылық тізбегі бойынша басқа тұлғаларға да билікті беруді қарастырады.

- Бағыну бірлігі. Кез келген қызметкерлердің бір – ақ ғана басшысы болады.

- Байланыс жүйесі мен коммуникация. Формальді және формальді емес байланыс жолдары орнатылып, тұрақты қамтамасыз етулері тиіс.

- Икемділік. Ұйым құрылымы коммерциялық қызметтің көлемінің, әдісінің, мақсытының өзгеруіне, жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты кейбір өзгертулерді енгізуге жағдай жасау керек.

- Ұйымның барлық деңгейінің қол жетерлігі. Ұйымның кез келген қызметкері арыз беруге, сәйкес келген басқарушыға рекламация беруге мүмкіндік пен құқықты иеленуі тиіс.

2. Қонақ үйдегі маркетинг бөлімі. Маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімі қонақ үйдің неғұрлым жасырын бөлімшесі болып табылады. Дегенмен де клиенттің қонақ үймен алғаш танысуы осы бөлімнен басталады. Атаулы бөлімшеде қызмет атқарған қызметкерлердің қызметін төртке бөлуге болады: сату, конференциялар мен бизнес семинар бойынша қызмет көрсетулер, жарнама және қоғаммен байланыс. Маркетинг бөлімінің негізгі міндеті қонақ үй өнімімен қызметін сатудан табылады. Алғашқы кезеңде маркетологтар нарықты зерттей отырып, бағдар алатын негізгі сегменті іздестіреді. Артынша бәсекелестерінің қызметін зерттей отырып, олардың мықты және әлсіз жақтарын анықтайды. Әкімшілік қызмет қонақтардың қажеттіліктері туралы тек өтеуші бөлімдерді ғана емес, атаулы бөлімді де хабардар етеді. Қоғаммен байланыс қонақ үй қызметі туралы тартымды мәліметті беру үрдісін қарастырады. Бұл бөлімнің міндеттеріне келесілер кіреді:

- болашақ қонақтарды қонақ үй мен оның қызметтерімен таныстыру;

- проспектілер макеті мен басқа да жарнамалық және мәліметтік басылымдарды жасап шығару мен қабылдау;

- бұқаралық ақпаратпен байданыс;

- пресс – конференцияларды ұйымдастыру





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...