Главная Обратная связь

Дисциплины:






Мейрамхана классификациясы



Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы.Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсетунарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді. мейрамхана шаруашылығын жүргізушілер арасында бәсекелестікті өзара реттеудің жолын іздестірген ғалымдар, мейрамхана бизнесінде бәсекелестікті жеңілдету үшін, әрбір тамақтандыру орталықтарының өзіндік бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын қызмет түрлерін ұйымдастыруы қажет деп тапқан. Осыған сәйке нарықта мейрамхана түрлерінің көптеген түрлері пайда бола бастаған. Оның біршама түрлері қазіргі кезеңде елімізде қолданыс табуда және мейрамханалар бәсекелестікті өзара реттемейінше, олардың қарқынды дамуына кері әсерін тигізуші факторлар ықпалы күннен – күнге арта түсетіні сөзсіз. Мейрамханалар орналасқан жеріне сәйкес келесідей классификацияланады: Қалалық мейрамханалар. Қала ішінде орналасады, олар әдетте әр қилы,Келушілер өздеріне өздері қызмет көрсететін мейрамханалар. Вокзалдық мейрамханалар. Темір жол, автобус вокзалдарында және әуежайларда орналасады, Вагон-мейрамханалар. Негізінен ұзақ сапар шегетін поездарда болады. Теплоходтағы мейрамханалар. Пассажирлер сапар шегетін класқа байланысты әр түрлі мейраханалар,Мототуристерге арналған мейрамханалар. Машина ішінен шыққысы келмейтіндерге арналған,Әуе ұшақтарындағы мейрамханалар. Сонымен қатар тамақтандыру кәсіпорындарының түріне кафе, кафетерий, диско-барлар, асхана,дәмханалар болып та бөлінеді.

2. Қонақ үй бизнесіндегі қызмет көрсету сапасын-бағалау ерекшеліктері

Қонақ үй қызмет көрсетулерін өндіру мен тұтынуда сапа аса үлкен маңызға ие болады. Сапалы қызмет көрсетусіз қонақ үй езінің мақсат-мүдделеріне жете алмайды. Тарихқа үңілетін болсақ, түрлі ірі кэсіпорындар мен қонақ үйлер табысы сапаның нәтижелі болуына байланысты екенін көрсетеді.Сапаны бағалау мен басқару. Қызмет көрсету стандарттарының орындалуын қатаң бағалау өте маңызды болып келеді. Мұндай бағалау қүжаттануды жүргізуді, есеп беруді жүргізу, бағалауды, қосымша шараларды жасауды, тәртіпті жоғарылатуды, қызметкерлерді оқыту, бірккен ұжымды құруды қарастырады.Қонақ үй кәсіпорынында сапаны басқару кездескен кемшіліктерді жоюға жүмсалатын шығындармен байланысты болып келеді. Сол себептен қонақ үй қызметтерінің тұрақты және сапалы өндірілуіне кедергі жасаушы консерваторлық көзқарас кәсіпорынның табысты болуына кері ықпалын тигізеді.Қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігі.Олардың жедел, сапалы және мәдени қызмет көрсетулері.Қызмет көрсетуді басқару. Оның ішіне сапа стандарттарын жасап шығару мен іске енгізу, қызметкерлерді оқыту және т.б. кіреді.Сонымен бірге қонак үй кәсіпорындары қызмет көрсету сапасының төмендеу мүмкіндігінің алдын алу шараларына қатысты шығын шығарады. Радикалды стартегиялы кәсіпорындарда ондай шығындар жоғары болады, себебі өндіріс мәдениті үнемі жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылады. Кемшілктердің алдын алуға үлкен назар аударылса, сапа тұрақты сипатта болып қонақтардың көңілінен шықпақ.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...