Главная Обратная связь

Дисциплины:






Р мейрамхана шаруашылығындағы мәселелер



Қазақстанның ірі қалаларында мейрамхана бизнесі класстарға бөлінген. Осылайша, оларды бірнеше топқа жарып бөлуге болады. Біріншісі - премиум санатынды түрлері, кейінгі орында орта деңгейі мейрамханалар, фаст-фуд, бар, кафе мен кафеханалар тұр. Бұдан бөлек, қазір арнайы тамақтандыру орталықтары жиі кездеседі. Сала мамандары жоғары деңгейлі мейрамханалар нарығы әлі қанық емес. Шынайы экономика бағдарламасы журнилистерінің санауы бойынша, қазір Қазақстанда жақсы еңбек етіп отырған жоғары сапалы мейрамханаларының саны 10-нан асып отырған жоқ. Элиталы мейрамханалар дағдарыс кезінде және одан кейін тұтынушысыз қалған жоқ, алайда нарықтағы бәсекелестік артты. Премиум-классында баяғыша еуропалық және италияның ас мәзірлері сұраныста. Сарапшылар, қазір осындай жерлерге баратын тұтынушылардың саны 10-15 пайызбен шектеліп отыр дегенді айтуда. Бай адамдар осындай жерлерге барудан ұялама, әлде қаржысын үнемдеп жүрма дейді сала мамандары. Айта кететін жайт, Алматы мен Астана нарығында ас мәзірінің барлық түрі бар. Бұл танымал болып отырған Еуропалық түрінен бастап, Азиялық түрімен аяқтағандағы көрсеткіш. Ақтау мен Атырауда олардың кірісі өте жоғары. Мұнай газ саласының дамуы әл-ауқатты халықтың көбеюіне әсер етіп отыр. Сондықтан, осы орталықтардың кірістері астаналық көрсеткіштерден төмен болып отырған жоқ. Орта деңгейлі мейрамханалар дағдарыстан аз зардап шекті. Қазір барлығы өз орнына келді. Айта кететін жайт, елде дәл осы салаға сұраныс бар. Себебі, мұнда асхана баға жағынан тартымды болып, тағамдардың құны жоғары болып отырған жоқ. Қазір мейрамхана саласындағы дағдарыс артта қалып, тұтынушыларға деген бәсекелестік артты. Қазақстандық жерорта теңізі мейрамханаларына келушілер саны жалпы тұтынушылардың 25 пайызын құрап отыр. Бұл 45 жасқа дейін әйелдер мен ер азаматтар. Түскі астан бөлек, пиццериялардың 2/3 бөлігі өнімді үйге және жұмысқа жеткізумен айналысып келеді. Арнайы пиццаны онлайн сатып жүрген жүйелер де бар. Сондықтан, саладағы бәсекелестік жоғары. Инвесторларды мейрамхана бизнесінің тез арада өзін-өзі ақтап алуы қызықтырып отыр. Орташа есеппен алар болсақ, елде мейрамхана салына салынған инвестиция өзін 2-2,5 жылда ақтап алады екен. Дегенмен, елдегі мейрамханалар аз ғана уақыт еңбек етеді. Олар өзін ашылған күнінде ақтап алатындықтан, инвесторлар оған қаржы салып отыруға дайын. Қызмет көрсету саласындағы стандарттар - өндіріс саласындағы түрлерінен гөрі жылдам жаңарып отырады. Себебі, ойды жүзеге асыру әлде қайда жеңіл. Одан түсетін пайда да көп. Бір жұмсаған қаржыны бір аптада ақтап алуға болады. Мейрамхана бизнесінде мамандар бір орында көп отырмайды. Бармендер мен даяшылардың басым бөліші жұмысын бір жылда бірнеше рет өзгертуі мүмкін. Бас аспаз, директор мен басқарушыларға сұраныс жоғары. Соңғы бірнеше жылда отандық орта деңгейлі мейрамханалар халық арасында жоғары сұранысқа ие бола бастады. Қазіргі таңда туындап отырған тағы бір мәселе бұл сапалы демалыс орындарының жетіспеушілігі. Себебі, мейрамхананың орналасқан жеріне орай онда баратын тұтынушылардың саны байланысты. Қазір және бұған дейін Қазақстанның орталық қалаларындағы көшелерге сұраныс бар. Осы жердегі бәсеке де біршама өскен.

Заманауи мейрамханаларда пайда болған бір ерекшелелік балалар ас мәзірі. Қазір қоғамдық тамақтану орындарының басым бөлігі жастар мен балаларға арналған ас мәзірін жасақтап отыр. Мейрамханаларда балаларға арналған бөлмелер мен ойыншықтарды жиі кездестіруге болады. Осы шараның басты мақсаты барлық адамдарға қызмет ету болып табылады. Қазақстандықтар түрлі елдің ас мәзірін жегенді ұнатады. Бұл бірнеше елдің тағамдар. Осындай жүйелерге келушілер саны да көп болады. Қазақстанның жылдам тамақтану нарығы мейрамхана бизнесінің ең тиімді саласы болып табылады. Мұнда халыққа тамақ беру саласының барлығындағыдай бәсеке жоғары болып отыр. Алайда, бұл ірі құрылымдар үшін тиімді. Себебі, мұнда түскі асын жеуге келген адамдардан бөлек, достарымен көңіл көтеруге келген тұтынушылардың саны да көп болып отырады. Осыған орай, fast-food компаниялары балаларға арналған арнайы демалыс бөлмелерін ашып, онда ойыншықтарды беріп отырады. Қазір Қазақстанда еңбек етіп отырған Батыс компаниялары өздерінің мейрамхана санын арттырып жатыр. Шетелдіктерді елдегі орта чектың жоғары болуы қызықтырып келеді. Қазақстанда оның ауқымы 8-11 доллардан асады. Бұл шетелдік компаниялардың болашаққа деген жоспарларының жоғары болып отыруына жағдай жасап отыр.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...