Главная Обратная связь

Дисциплины:






Таймшер жүйесінің тиімді жақтары



Таймшер – демалыс үйінің бөлмесін сол жерде немесе басқа жерде бір немесе одан да көп аптаға ұзақ уақыт бойы қолдану құқығы.Сонымен қоса,демалыс орындарын айырбастауға арналған жағдайлар жасалады,бұл таймшер иелеріне үніме ауыстырып отыруларына мүмкіндік береді.Өкінішке орай,Қазақстанда таймшер нарығының таралуы нашар дамыған.Қазіргі кезде ең өзекті мәселе – демалыстың осы түрін реттейтін құқықтық база мәселесі болып табылады. Бірақ осы сала бойынша ақпараттың шектеулігі бұл мәселеге аз назар аудартады.Таймшерді қолданудың басты құрамдық элементі артықшылықтарды, кемшіліктерді, сатып алу, иелік ету мен өкімдік ету кезінде болатын қауіп,мүмкіндіктері жайлы ақпаратты білу болып табылады.Таймшер жүйесі бойынша қазақстандық және шетелдік азаматтарының демалысын ұйымдастырудың қосымша жұмыс орын санын көбейтуге үлкен мағынасы бар,өйткені оның жұмысына банктер,сақтандыру,трасттық және туристік компаниялары,әуе компаниялары,заң агенттіктері, қонақ үйлер, құрылыс компаниялары және тағы басқалары қатысады.

БИЛЕТ

Мейрамхана сервистік қызмет көрсетулерді жақсарту жолдары.

Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуымейрамхана шаруашылығын жүргізушілер арасында бәсекелестікті өзара реттеудің жолын іздестірген ғалымдар, мейрамхана бизнесінде бәсекелестікті жеңілдету үшін, әрбір тамақтандыру орталықтарының өзіндік бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын қызмет түрлерін ұйымдастыруы қажет деп тапқан. Осыған сәйке нарықта мейрамхана түрлерінің көптеген түрлері пайда бола бастаған. Оның біршама түрлері қазіргі кезеңде елімізде қолданыс табуда және мейрамханалар бәсекелестікті өзара реттемейінше, олардың қарқынды дамуына кері әсерін тигізуші факторлар ықпалы күннен – күнге арта түсетіні сөзсіз.Елдегі қызмет көрсету нарығының әлі де дамушы сипатта болуы және аталмыш түрдегі кәсіпорындарды басқаруда отандық менеджмент мамандарының тәжірибесі аз болуы әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында қазақстандық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың бәсекелік қабілеті төмендетеді. Бұл өз кезегінде аталған саланы басқару жүйесін толығырақ зерттеуді талап етеді.



Онақүйдің инженерлік жүйемен жабдықталуы.

Конак уйди инженерлік кызметпен қамтамасыз етуге- жылу мен суық сумен жабдықтау, кондиционерлеу электро-техникалық құралдар жуйелеріне әрі байланыспен телехабар және т.б жуйелер қызмет көрсету жатады.Ақпараттық бұл қызмет нөмерлік қорды басқару қызметімен байланысты болуы керек, онда әдетте нөмерлік қордағы пайда болған техникалық ақаулар туралы ақпараттар түседі.

Шетел хостелдері.

Хостел (ағылш.Hotel): арзанырақ түнек беретін студенттік қонақүй. Бұл әжетханасы, жуыну орыны жалпыға бірдеу, дәліздік жүйені құрайды, тоңазытқышы бар асхана, әр этажда жылытқыш пештері бар, жалпыға бірдей теледидар қойылған демалу бөлмесі бар қонақ үйден тұрады. Тамақтандыру асханада немесе кафелерді ұйымдастырылады. Хостелдегі комнаталар екі немесе алты адамға арналған. Жастар хостел ассоциациясы – ұйымы, жас туристерге қонақ үйден, жатақханалардан және турбазалардан арзан бағамен орына алып беруді қамтамасыз етеді.1934 жылы АҚШ – та American Youth Hostels ассоциациясы құрылған. 1932 The International Youth Hostels Federation Халықаралық хостел федерациясы құрылған. IYHF мақсаты жастарға сапалы сервистік қызмет көрсетудің жаңа әдістерін өңдеуде. IYHF жыл сайын екі каталогтарды жарыққа шығарады – «Америка, Азия және Африка» және «Тынық мухит мемлекеттерінің аудандары және Еуропа».400 – ге жуық IYHF хостелі жалпыға бірдей компьютерлік брондау жүйелерін біріктіреді.

БИЛЕТ





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...