Главная Обратная связь

Дисциплины:






Туристерді орналастыру орындарының стандартты жіктелуі



Туристерді орналастыру орындарының стандартты жіктелуі

Қонақ үй – қызметтерді (қонақ үй өнімін) өндіруге және көрсетуге арналған, күрделі шаруашылық және мүліктік кешен.Туристерді орналастыру орындары туристерге дүркін-дүркін және үнемі түнеу орнын ұсынатын кез келген объект болып табылады. Қосымша қызмет ретінде келесілер қабылданды:

- түнеу орындарының жалпы саны белгілі минимумнан асады;

- орналастыру объектісінің басшысы болады;

- объектіні басқару коммерциялық негізде салынады.

Қонақүйлердің екі негізгі тобы бөлінеді: әрдайым және уақытша тұруға арналған, өз кезегінде олар келесідей бөлінеді: қысқа уақыт тоқтау шартында кез келген контингентке қызмет көрсететін, транзиттік қонақүйлер; іс-сапарлардағы тұлғаларға қызмет көрсететін іскер бағыттағы қонақүйлер; демалысқа арналған қонақүйлер, яғни туристік, курорттық және т.б.

2. Қоғамдық тамақтандыру орындарындағы сервистік қызметтің деңгейін көтеру жолдары

Бүгінде мейрамхана бизнесі елімізде қарқынды түрде дамып келеді. Әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі саналады. Бұрынғы кеңестік кезеңдегі қоғамдық тамақтандыру орталықтары деңгейінен әлдеқайда өскен. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша дамыған салалардың бірінші сатысында тұр. Бәсекелесі көп сала болып саналғанымен табысы да айтарлықтай. Мейрамхана шаруашылығын жүргізушілердің тақырға отырғаны жоқ. Істің көзін таба білсе, келушілерге бармағын жалап жейтін дәмді асын ұсынса болғаны. Жайлы асмосферада, ырғақты әуенмен, дәмді ас ішкен тұтынушы айналып соғары анық. Тұтынушыларының тамырын тап басып, тұрақты клиентіне айналдыру үшін барын салатындар бар. Тіпті шетелдерден майталман аспаздар шақырып, шаруасын шалқытып жүргендер жетерлік. «Алаш айнасы» мейрамхана бизнесінің тамырын басып көрді. Осы салаға инвестиция салу да бүгінгі күні жанып тұрған сәнге айналғаны да шындық. Мейрамхана бизнесінің өзін өзі ақтауы 20 пайызды құрайды, орташа 25 пайыз деп саналса, жетістікке жеткен жағдайда 50-60-пайыздан да асып түсуі мүмкін. Кеңестік кезеңде мейрамханалар ГОСТ (Р 50762-95) стандарты бойынша үш класқа - люкс, одан кейін жоғары класты.



және бірінші класты болып бөлінетін-ді. Бүгінде бұл бизнесті заманауи түрде жаргоншаласақ, жоғары элиталы, ортаңқолды, фаст-фуд деп бөлуге болады. Элиталы мейрамхана белгілі, бағасы өте қымбат, соған сай жоғары санатты жайлылық, таңдаулы интерьер, ас мәзірінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Миддл-классты мейрамхана қолжетімді бағамен келушілерін жарылқайды. Фаст-фуд болса белгілі стандарттағы тағамдар ғана ұсынады әрі өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тура келеді. Ортаңқолды мейрамхана иесіне жылына 100-ден 350 мың долларға дейін табыс түсіреді. Қолы жүргенде тіпті 500–мың доллардан да асып жығылуы мүмкін. Сондықтан да табысы тұрақты осы салаға ден қоюшылар басым.

Тараз қаласында да мейрамхана бизнесі гүлдеп тұр. Нәпақасын осы саладан тауып отырғандар жетіп артылады. Маркетингтік зертеу жүргізбей-ақ бір көшенің өзінен бірнеше мәйрамхана табуға болады. Сыртқы, ішкі жабдықталуы әртүрлі болғанымен бағалары қымбатына қымбат. Статистиктердің мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыста қонақ үйде орналасқан жоғарғы санатты мейрамханалар 16 болса, оның 8-і Тараз қаласында. Күндіз қызмет көрсету ақысы 10 пайызды құраса, түнге қарай 15 пайызға көтеріледі... Бір қазақстандық жылына мейрамханаларға 25 доллар жұмсайды екен, ресейліктер 100, немістер 500, американдықтар – 1500 долларға дейін жұмсайтын көрінеді. Шетелдердік мейрамханаларда азық-түлік тағамдарының сертификаттары ілініп тұрады. Бұл халықаралық туризм стандарттарына сай келеді. Бұл туралы бізде әлі ауыз ашуға ерте сияқты. Өйткені азық-түлік арзан болған соң тек базардан сатып алынады. Оның сапасы жөнінде айту тым артық.. Сондай-ақ шетелдерде мейрамханалардың кіре берісінде қай класқа жататыны жөнінде сертификаттарын іліп қояды. Біздегі туристік қызмет көрсету саласының бір тармағына жататын мейрамхана бизнесі ақсап тұр. Көптігіне көп, алайда қызмет көрсету жағы сын тағарлықтай. Элиталы деген аты болғанымен соған сай қызмет көрсете алмайтындары да жоқ емес, қызметкерлерінің кәсібилігі төмендері басымырақ. Бейресми мәліметке сүйенсек, еліміздегі мейрамхана бизнесінен түсетін табыс 3 миллиард доллардан асып жығылады екен. Яғни жыл сайынғы өсім 30 пайызды құрайды. Ондағы азық-түліктің сапасын қадағалау кемшін, ал тағам бағалары құрық салдырмайды. Қожайын қайдан құлақ шығарса да өзі біледі. Осы жағына бұғалық салу керек сықылды Егер тамақтан уланған жағдайда ғана СЭС мамандары тексере алады. Ал оған дейін тек жоспарлы түрде ғана тексеруге мүмкіндіктері бар....

Мейрамхана бизнесінің көрігін қыздырғысы келетіндерге мамандардың айтар бірнеше ұсыныстары бар. Ең алдымен ас мәзірін ұсынғанда өте ыждағаттылықпен таңдауға кеңес береді. Бүгінде жұрттың бәрінің көзі ашық, көңілі ояу, сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанып, аса талғампаздықпен тамақтанғанды ұнатады. Оның ішінде калориясы аз, сіңімді, табиғи өнімдерден дайындалған тағамдарға тапсырыс беретіндер көп. Әрі үй асханасынан бөлекше болуын қалайтындар бұрын-соңды дәмін татып көрмеген ерекше тағамдарға әуес.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...