Главная Обратная связь

Дисциплины:






Онақүй шаруашылығының функциялары мен мақсаты



Қонақүй шаруашылығының функциялары мен мақсаты. Функциясына байланысты қонақүй мекемесін келесідей бөлуге болады: вестибюль, тұрғын бөлімі, тамақтану бөлмелері, тұрмыстық – сауда бөлімшелері, спортпен шұғылдануға арналған бөлімшелер, ойын сауық орындары, қызметшілер бөлімшелері, тұрмыстық бөлімдер мен техникалық бөлімшелер.

Вестибюль бұл – қонақүйдің өте жауапты және маңызды бөлімдерінің бірі. Онда қонақтарды қарсы алады, шығарып салады.

Қонақүйдің тұрғын бөлігі қонақтарға қонатын номерлерді қамтиды. Сонымен қатар, оған қонақ үйдегі мейрамханалар, барлар, кафелер мен ойын сауық кешендер кіреді. Ойын сауық орындарына кино концерттік алаңдар, банкеттік орындар, би алаңдары, спорттық кешендері т.б. жатады. Іскерлік кездесулерге арналған орындарға түрлі конференц залдар, іскерлік банктік қызметтерге арналған залдар, көрме залдары кіреді.

Саудалы тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелер тобы клиенттерге сауда орындарын, химиялық тазалау, фотосурет, ателье т.б. қызметтерді ұсынады. Қонақүйдің тұрмыстық техникалық бөлімшелері техникалық құралдардың жұмысын, желдеткіштер, қызмет көрсетушілердің тамақтануын, шаруашылықты орталықтандырылған қоқыс жинауды, байланыс құралдарын, сигнализацияны және басқада қызметтерді қамтамасыз етеді.

Қонақүйдің функционалдыаймағына ғимаратына кіретін территориясы жатады. Ол қонақүй клиенттерін сыртқы ортадан бөлектеуін қамтамасыз етеді. Қонақүйдің көлік жүретін жол бойында орналасуы өте ыңғайлы. Қонақүйдің жанында қонақтар үшін қажеттідемалысорындары, автотұрақ болуы қажет. Сонымен қатар, транспортты жерасты тұрақтарға орналастыру өте қолайлы.

Қонақтардың регистрациясы, олардың келуі мен кетуін басқару, тұрушыларға түрлі қызметтерді ұсыну қонақүйдің қоғамдық аймағында жүргізіледі. Клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы басты қиыншылығы бұл түрлі жұмыстарды орындаудағы санаудың болуы. Қызметтердің басты қасиеті бұл қайталануы және олардың көптігі. Сонымен бірге қонақүйдің кеткен қонақтар мен келушілерге қатысты міндеттемелері. Қонақтар ағымынқарсы алу, қабылдау қонақүй қызметшілерінің жүйке жүйесін психологиялық ауыртпашылықпен тоздырады. Қонақүйдің клиенттері тұратын тұрғын бөлігінде номерлер, горизонталды конфигурациялар, қонақ күту бөлмесі; баспалдақты, лифтті холдар, кезекші персоналдар бөлмесі жатады. Қонақтар үшін номерлер көп функционалды қызмет атқарады. Ол түнеудің, демалудың, тамақ ішу орнын, жеке гигиенаны, жұмыс орнын, хабарласудың орны болып табылады. Номерді қонақтың жеке заттары сақталады. Номерлер орын саны бойынша, бөлмелер саны бойынша, көлемі бойынша, жиһаздануы бойынша классификацияланады. Дүние жүзі бойынша номерлер көбінесе бір бөлмелі болып келеді. Ал кейбір қонақ үйлерде бір қонаққа номерлік фондтың 60-100% келеді.



Қонақүй түрлі инженерлік құралдармен қамтылған су құбырлары мекемені ішуге жарамды және тұрмысқа қажетті сумен қамтамасыз етеді. Қонақүйдің жылуын сақтау үшін түрлі су, бу және ауа жылытқыштарын пайдалану. Бақылау жүйесі қонақүйге бөтен адам кіруіне жол бермейді. Қонақүйдің теледидарлық жүйесі қолдануына байланысты келесідей бөлінеді: бақылау, күзету, ақпараттық, қонақтарға арналған, тамақтануға арналған, конференц залдарға арналған. Қонақүйдің есептік жүйесі номерлерді резервтеу үшін және билеттерді ьрондау үшін қажет. Ол қонақүйдің ішкі жұмыстары және сыптқы ортамен байланысжасау үшін қажет.

Қонақпен қатынасуына байланысты қонақ үй қызметі екі сатыда орналасады . Бірінші сатыда қонақпен тікелей қатынаста болатын персоналдар қызметі (қатынас қызметі), екінші сатыда – қонақпен қатынасы жоқ персоналдар қызметі (қатынасы жоқ қызмет). Қызметке шектеу қою қонақ үй индустриясында маңызды орын алады, себебі, персоналдарға қойылған талаптар үлкен әсер көрсетеді. Ол талаптар келесілер:

— сырт пішіні тартымды және таза (сәйкес прическа, маникюр, макияж, киім, әшекей және т.б.);

— жүріс-тұрыс манерасы;

— этика мен қарым-қатынас психологиясының білімі;

— коммуникабельді;

— шет тілінің білімі;

— адам жасына шектеу қою (мысалыға, қабылдау портьсіне 30 жасқа дейін).

Брондау қызметінің міндеттері келесідей:

— қабылдау мәлімдемесі және оларды өңдеу;

— қажетті құжаттарды құрастыру: күнделікті кесте құру (апта, ай, квартал, жыл) – номер қорының жылжу картасы.

Мәлімдеуді қабылдау сымтетік, факс, телекс, пошта, хат немесе телеграмма, компьютерлік жүйемен брондау арқылы жүзеге асырылады.

Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек:

— келушілердің күні мен уақыты;

— кетудің күні мен уақыты;

— қонақтар саны;

— номер категориясы (люкс, апартамент, эконом-класс, бизнес-класс);

— номер қызметі (ванна, душ, теледидар, мұздатқыш, сейф, мини-бар және т.б.);

— тамақтандыру қызметі (тек теңғы ас, жартылау пансион, толық пансион);

— баға (бағаны көрсеткенде, қонақ неге төлегенін анықтап көрсету керек);

— есептесушісінің аты жөні (немесе фирманық аты);

— төлем түрі (қолма-қол ақшасыз есеп);

— ерекше жағдай (мейрамханада столды алдын-ала брондау, трансферт, номерде жануарды алып келуге мүмкіндік беру және т.б.).

Брондау қызметіндегі қызметкердің мәлімдемені өңдегеннен кейін қонаққа растау немесе қабыл алмау жіберіледі.

Мәлімдемені растау – ол арнайы хабарламандыру, қонақтың қонақ үйде орналасуына мүмкіндігі. Әдетте, хабарламада растаудың номері, қонақтың келетін және кететін күні, тапсырыс берген номердің категориясы, қонақ саны, кровать саны және арнайы келісілген талаптар көрсетіледі.

Брондау жасаған қонақтардың келмеуінен шеккен зиянын төмендету үшін, қонақ үй келесі шешімді қабылдады:

1. Қонақтың келмеуі қосалқы шығын болып есептеліп баға саясаты есепке алады;

2. Есептің айып төлеуін қонақ үй көрсетеді (номерге кеткен шығынның бағасы);

3. Брондаған кезде алдын ала төлеу немесе кредиттік карта номері туралы хабарламаны талап етеді;

4. «Қос брондау» -ды қонақ үй қолданады, басқаша айтқанда брондалған бар орынды үстінен қайта брондау (5%, 10%, 15%).





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...