Главная Обратная связь

Дисциплины:






Азақстан Республикасындағы қонақүй сервисінің даму мәселелері



Қазақстанда қонақ үйдің даму ерекшелігіне тоқталатын болсақ, 2001жылы ірі қонақ үй өкілдерінің шешімдерімен «Қонақ үй және мейрамхананың Қазақстандық Қауымдастығы» (КАГиР) бірлестігі құрылды. Ол өз кезегінде маңызды сауалдар тізімін құрайды: жаңа технологиялармен қонақ үй бизнесінқамтамасыз ету, халықаралық ұйымдарға кіру, қызмет маркетингін жүргізу және тағы басқа. Қазақстанда әр түрлі категориялы 372 қонақ үй жұмысын жасайды, олардың біруақыттық сыйымдылығы – 32876 орын. Мәселен, Алматы қаласында шетел азаматтары «Алатау», «Қазақстан», «Достық», «Astana International Hotel», «Kumbel», «The Regent Almaty», «Hayat Regency Almaty», «Ambassador» сияқты қонақ үйлердің қызметтерін пайдаланады. Өйткені, олар үшін қызмет көрсетудің толық жиналымы ауадай қажет. Қонақ үй түрін, оның негізгі функционалдық белгіленуі, территориясына деген талаптар, қызметтер көлемі, нақты қонақ үй кешенінің мақсатты шарттарын анықтайтын саяхат мақсаты маңызды фактор болып саналады. Осыған орай мақсатты нарықты, яғни қонақ үйдің әлеуетті қонақтары ретіндегі нақты адамдар категориясына қызмет көрсету бойынша қонақ үйлер бірнеше түрлерге бөлінеді:

1. Туристтердің кәсіби ісінің негізгі мотиві мен мақсаты (коммерция, бизнес, кездесу, жиналыс, конференция, конгресс, оқу, презентация, тәжірибе алмасу, кәсіби жәрмеңкелер) саяхатына арналған қонақ үй.

Кәсіби белгіленген қонақ үй категорияларына : бизнес-отельдер, конгресс отельдер, конгресс-орталықтар,кәсіби клуб-отельдері кіреді. Қазақстанда конгресс-отельдің мысал ретінде «The Regent Almaty», «Hayat Regency Almaty» атты әлемдік желі бар отельдері кіреді.

2. Туристтердің негізгі мақсаты мен мотиві – демалыс және емделу (профилактикалық) саяхатына арналған қонақ үйлер:

курортты қонақ үйлер;

демалыс үйлер мен пансионаттар;



туристік-экскурсиялық қонақ үйлер (туркешендер);

туристтік-спорттық қонақ үйлер (туркешендер);

ойынхана-отельдер (азарт ойындарына қызығұшылар үшін);

арнайы;

Сапалы қызмет көрсету мәселесіне зор көңіл бөлетін көптеген шетел қонақ үйлерінде сапа белгісі ретінде жасалған шағымдарды санайды, бұл жалпы сапаның аталып кеткен үш құрамдас бөлігінің қайсысы жөнінде клиенттердің көбірек шағымдары түсетінін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандардың пікірінше, бұл қонақ үйлерде аталған жағдайлардың 70% -да клиенттер үрдіс пен мәдениеттің сапасына шағым жасайды. Мұнда потенциал сапасы жоғары деңгейге жетеді де, «баға-қызмет» арақатынасы клиенттерді қанағаттандыратын жағдайда болады.

Қазақстандағы қонақ үй мекемелерінің қызмет көрсету сапасының өз ерекшеліктері бар. Бұл қызмет көрсету аясындағы қызметшілердің кеңес дәуірінен кейінгі қалыптасқан менталитетіне байланысты болып отыр. Аталған қызметшілердің арасында жасы үлкен адамдарға қарағанда жастар көбірек икемділік танытады. Қызмет көрсету аясындағы қызметшілер «жұмсақ өнімнің» ерекше рөлі мен мағынасын жете білуі керек, ал оған, әрине, жылышырайлылық, коммуникабелдік және алдыналушылық жатады.

Басқару тәжірибесінде, сипаттамалары мен талаптары жоғарыда қарастырылып кеткен, «қонақ үй өнімі» термині кеңінен қолданып жүр. Бұдан бүгінде қонақ үй ұсынысының жалпы сипаттамасы, қазіргі туристік өнімді ұсыну шарттарымен – «көлік – орналастыру – тамақтандыру – ойын-сауық»-пен байланысты, ерекше өзектілік пен сұранысқа ие екендігі байқалады.

Қонақжайлық индустриясында туындайтын мәселелер Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайының ерекшеліктерімен байланысты. Маңызды мәселелер қатарында мыналарды атауға болады:

- ұсынылатын қызмет деңгейінің номенклатурасы мен сапасының дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келмеуі;

- материалды-техникалық жабдықталу деңгейінің төмендігі;

- ақпаратты-техникалық жаңалықтарды енгізу деңгейінің төмендігі (орын тағайындау жүйесінің тар қолданысы, компьютерлік картотекалар және т.б.);

- өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының болмауы;

- туристік өнімнің маусымдылығымен байланысты мәселелер, түрлі деңгейдегі қонақ үйлердің бөлме қорының шектен тыс пайдаланылуы;

- қазақстанның көпшілік қонақ үйлері төтенше жағдайларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің дүниедүзілік стандарттарына сәйкес келмеуі, мысалы, жер сілкінісі, өрт және т.б.

- іскер мақсаттармен ел аралап жүрген туристер үшін қонақ үйлерде тұруы мен қызмет алуының қымбаттылығы;

-амортизациялық мерзімі 10-15 жыл бұрын өтіп кеткен қонақ үй қорының, жабдықтарының тозушылығы;

- шағын орналастыру мекемелері күрделі жөндеуді талап етеді, олардың көбісі қалыптасқан санитарлық нормаларға сәйкес келмейді;

- жастар жатақханаларының шектен тыс орналастырылуы.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...