Главная Обратная связь

Дисциплины:






Р қонақ үй шаруашылығының даму тарихы



Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс,Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек. Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады. Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.



Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық(Талдықорған).

Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты.

Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетсек. Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...