Главная Обратная связь

Дисциплины:






Онақүй шаруашылығының функциялары мен мақсаты



Қонақжайлылық индустрияның бірден-бір құраушысы қонақ уйде орналастыру құралдары болып табылады. Қонақ уй-ол жиһаздалған уй, қонақтарды қабылдау мен олардың қонуына арналған, келесі мақсаттардың біреуіне байланысты баруға болады: іскерлік, конгрестік, демалыс, ойын-сауық, тану, саудалық миссия, этникалық, діни-таным, емделу және спорттық мақсаттар. Қонақ уйдің негізгі белгілері нөмірлердің болуы мен қосымша қызметтермен бірге жүретін қызметтер болып табылады.

Қонақ уйдің негізгі функциялары:

1.Қонақтарды жатын орынмен қамтамасыз ету.

2.Қонақтарды тамақпен қамтамасыз ету.

3.Толыққанды демалу үшін жағдай жасау.

4.Клиенттін тұруына байланысты қосымша қызметтер көрсету. Қонақ үйлерде қосымша қызметтерге спорттық залдар мен құралдар, сауықтану комплекстері, шаштараздық қызметтер, хмимиялық тазалау қызметтері, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтері жатады.

Қонақ үй келесі жағдайларға сәйкес болуы керек:

- эргономиялық яғни, жайлылық пен ыңғайлылық, қызметтің адам қажеттілігіне психикалық және психологиялық сәйкес келуі;

- эстетикалығы яғни, ғимарат сәнді безендірілуі керек, қазіргі заманға сән мен тұтынушылардың талаптарын ескеруі;

- қонақ үй қала мен мекенжайдың жалпы ансамблін сақтай отырып, қоршаған ортамен үйлесімді болуы керек;

- қонақ үй мәртебесін ерекшелейтін безендірілген қонақ үйдің алды, жарнаманың орналасуы, қонақ үйлік сауда орталықтарының көрмелері, жарықтандыруды қамтамасыздандыру арқылы жарнама жасау;

- қонақ үй ғимараты техникалық, санитарлы-гигиеналық, экологиялық нормативтер мен ұсыныстарға сәйкес болуы;

- қонақ үй персоналды қонақжайлы, білікті және дәлелді болуы керек. Қонақ үй ғимаратын көптеген белгіге байланысты айырады: қонақ үй түрі, сыйымдылығы, қабаттығы, бағытталығы, пайдаланымдылығы. Функционалды бағытына қарай қонақ үйде вестибюльдің орналасу тобын; қонақтардың тамақтану орны, сайда-тұрмыстық қызмет көрсету орындары, спортпен шұғылдану орны, ойын-сауық, қонақтардың қызметі; қызметтік және тұрмыстық орындар;техникалық орындармен бөліп көрсетеді. Вестибюль орындарының тобы-ол қонақ үйдің ең маңызды орындарының бірі. Вестибюль ол қонақтардың кездесулеріне бағытталған, ол жерде кейбір жұмыстарды бөлуфункциялары жүзеге асады.



Қонақ үйдің тұрғын бөлігі келушілердің қонатын орнын құрайды, яғни бұл нөмірлер жайлы және ыңғайлы тұруға және тазалықты ұстануға арналған. Мейрамханаларда, барларда, кафелерде және басты тамақтанатын орындарда тамақтанумен қоса қонақтар думандата және аңгмелесе алады. Ойын-сауық орындарына келесілер кіруі мүмкін: киноконцерттік залдар, банкеттік және бейлейтін залдар, дискотекалар, бассейндер, теннистік корттар, спорттық залдар, кегельбан, сонымен қатар ойын бизнесінің кәсіпорындары, және казино ойнау автоматтары, одан басқа іскерлік кездесулерге арналған орындар, оларға конферец-залдар кіреді, іскерлік және банктік операцияларға арналған бөлмелер, көрмелік залдар. Саудалық-тұрмыстық қызмет көрсету орындар тобына жататындар: клинеттерге саудалық қызметте көрсететін кәсіпорындар, шаштараз, сән салондары, химиялық тазалау, суретке түсіру, ателье қызметтері. Іскерлік-тұрмыстық қызмет көрсету орындары жұмыстық, тұрмыстық, персоналдың тамақтануы, шаруашылық және қосалқы қажеттіктерін қамтамасыз етеді.

Техникалық орналасуларда кондиционердің техникалық жағдайын бақылайтын, қоқысты орталақтандырып шығару, телефон, сигнолизация және басқа да өмірді қамтамасыз ететін жүйелер қызметі орналасады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...