Главная Обратная связь

Дисциплины:






Азақстан Республикасындағы қонақүй сервисінің даму перспективалары



Қазақстан Республикасындағы қонақүй сервисі мемлекеттегі қызмет көрсету сферасының бір бөлігі болып табылады. Осы қызметтің қорытындысы бойынша демалуды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер, мәдени спорттық шаралар және де басқа да қызмет көрсетулердің көрсеткіштері маңызды болып табылды. Бұл өте дұрыс шешім болып табылады, себебі қонақүйлер күрделі және көп салалық шаруашылық жүргізеді, яғни қонақүйдегі қызмет көрсету ретінде тек ұйықтау орнымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар демалу, тамақтану, ойын – сауықты ұйымдастыру, басқа елдермен араласу сияқты өз клиенттеріне қызмет көрсетеді.

Қонақүй қызметі тек төсектермен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар жалпы территориямен де қамтамасыз етеді. Сондықтан қонақүй қызметінің нәтижесін бағалау кезінде барлық қызмет көрсету формаларын, әсіресе басқа салаға жататын қызмет көрсету формаларын ескеру қажет.

Қазақстанда 450 жуық қонақүй қызмет жасайды. Жалпы мемлекет терриориясы бойынша тең мөлшерде орналаспаған, олар көбінесе авиа, теміржол, автомодельдер бекеттерінде және облыс орталықтарында, туристер көп жиналатын жерде орналасқан. Мысалы, Алматы қаласы мен Алматы облысының ірі жерлерінде 43 астам қонақүй бар.

Көптеген қонақүйлер рентабельді болып табылады, бірақ көбінесе халықаралық стандарттар талабына сәйкес жасалған интерьер мен қолайлы жағдай жасайтын қонақүйлер көп пайда табады. Қазақсан Республикасындағы қонақүйлердің негізгі бөлігі 3 және 4 жұлдызды қонақүйлерге жатады. Сонымен қатар 2 жұлдыздыға жататын отельдер бар, олар көп емес, себебі көбінесе ауылды жерлерде орналасқан. Олар отельмен салыстырғанда пансионатқа ұқсайды. Жалпы жылына қонақүй бизнесінен түсетін пайда мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының 0,5% құрайды. Бұл өте аз көрсеткіш, яғни бизнестің бұл түрі елімізде нашар дамығандығын көрсетеді.



Қазақстан қонақүйлері бұрында жоспарлы шаруашылық жағдайында қызмет жасағаны бәріне мәлім. Нәтижесінде олардың арасында жасанды түрде шектеу пайда болып, бәсекелестік мүлдем жойылды. Кейбір қонақүйлер қаржылық артықшылықтарға ие болса, ал кейбіреулері жоспар бойынша ешбір қаржылық мәселесіз жұмыс жасады. Бүгінгі таңда бұл қонақүйлер басқа экономикалық және қаржылық жағдайда жұмыс жасап жатыр. Жеткіліксіз дамыған қонақүй желісі Қазақстан экономикасын инвестициясын тартуда қиындықтар туғызып тұр. Осыған байланысты кейінгі жылдары Алматы мен Астана қалаларында көптеген жоғары категориялы қонақүйлер салынды және мемлекет бойынша басқа да ірі қалалардағы қонақүйлер жөндеуден өткізілді. Нарықтық экономикаға көшкеннен бері Қазақстандағы қонақүй бизнесі өзгеріске ұшырады. Қонақүй бизнесі түсінігі бойынша бірінші жоспарға пайда табу, орнын толтыру сияқты категориялар шықты. Пайда табу, сервис, клиенттерді тарту әдістері, аз шығын шығару арқылы берілген тапсырма дұрыс шешім, менеджменттік факторлар тарапынан әртүрлі дәрежедегі басқарудағы тәуелділікті азайту қазіргі кезде қонақүй бизнесіндегі маңызды мәселеге айналды.

Қазақстандағы кейінгі жылдардағы қонақүй сервисінің тәжірибесі бойынша нарықтағы қонақүйлердің экономикалық жағдайы таңдап алынған даму мақсатына байланысты. Бірақ қонақүй сервисіндегі қызмет көрсету сапасын бағалау дұрыс жолға қойылған жоқ, олардың мәселелері әлі толық көтерілмеген. Қонақүй кешендерінің қызметі талданып жатыр. Қазіргі кезде Қазақстанда 50 жуық жоғары класты қонақүйлер бар. Қонақүй сервисі шаруашылық – экономикалық қызметінің бір түрі болып табылады. Ол тура және жанама түрде жұмыс орнын береді және бюджетті шетел валютасынмен толтыратын маңызды әдіс болып табылады. Дүниежүзінде қонақүй сервисінің жаңа концепциясын игеру және ескілерді модернизациялап кластер түрінде кешенді дамыту, ақпараттық байланысты ғаламдау мәселелері көтеріліп жатыр. Қазақстандағы қонақүй бизнесі жоғарыда ататлған әдістер бойынша даму үстінде. Қонақүй бизнесіндегі рекреациялық желінің дамуы еліміздегі саяси – экономикалық жағдайға байланысты болды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...