Главная Обратная связь

Дисциплины:






тоқты қосу және өшіруге рұқсат етіледі



АААААА

«Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңы қабылданды? 07 мамыр 1997 жыл;

«Ауыздан ауызға» әдісімен жасанды тыныс беру қандай жиілікпен қайталанады? минутына 10-12 рет;

«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай» туралы ҚР-ың заңы қандай қатынастарды реттейді?ТЖ кезіндегі құқықтық және ұйымдық қатынастарды;

Авария дегеніміз не? технологиялық үрдістердің бұзылуы, ғимараттар мен механизмдердің зақымдануы;

Адам суға батқанда көрсетілетін алғашқы дәрігерге дейінгі көмек? ауыз және мұрын қуыстарын тазартып, тыныс жолындағы суды шығарып, қажет жағдайда жасанды дем беру керек;

Адамдардың электр тоғымен зақымдануының қауіптілігі бойынша бөлмелер қандай класстарға бөлінеді? қауіптілігі жоқ, қауіптілігі жоғары және аса қауіпті бөлмелер;

Адамды қатты үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек? температураны біртіндеп көтеру арқылы денені жылыту, жылы шәй беру;

Адамның кез-келеген анализаторы неден тұрады? рецептордан, нерв жолдары және ми ұшынан;

Адамның кез-келеген анализаторы неден тұрады? рецептордан, нерв жолдары және ми ұшынан;

Адамның тіршілік ету әрекетінің мәні неде? қоршаған әлемді орынды пайдалану және оны дамытуда;

Азаматтық қорғаныс аумағындағы негізгі міндеттер қандай құжаттарда анықталады? ҚР-ның «АҚ туралы» заңында;

Азаматтық қорғаныс құрамдары қандай принциптер бойынша құрылады? территориялдық және өндірістік.

Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңы қабылданды? 07 мамыр 1997 жылы ;

Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты кім атқарады? премиер -министр;

Азынақ жел дегеніміз не ? ұзақ уақыт бойы жоғары температураның сақталуы;

АҚ құрамаларындағы құтқару құрамаларының негізгі міндеттері? барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету;



АҚ құрамдарын қалыптастыру тәртібі қандай құжаттармен анықталады? ҚР-ның «Азаматтық қорғаныс туралы» заңымен және АҚ құрамын қалып-тастыру ережесімен;

АҚ құрылымы еңбекке жарамды ер адамдар және әйел адамдармен іріктеледі, төмендегілерді қоспағанда:1,2,3 топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, 8 жасқа дейінгі баласт бар әйелдерді;

АҚ-ның территориальды құрамы келесідей түзіледі.облыстар, қалалар, аудандар әкімдерінің шешімдерімен;

Аммиактан қорғану құралдары? КД маркалы –торабы сұр түсті өнеркәсіптік газқағары;

Аммиакты қабылдау шегі? 0,037 мг/л (тұншықтыру әсері);

Аммиактың ауада шекті рұқсат етілген коэффициенті? бір тәулікте орташа және жоғары мөлшері -0,2 мг/м3;

Аммиактың жұмыс аймағындағы шекті рұқсат етілген коэффициенті? 0,02 мг/л;

Апаттық тасқын дегеніміз не ? қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті қайталануы жағынан сирек тасқын;

Аса қауіпті инфекция дегеніміз не ? уақыт пен кеңістікке күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін зақымдалу жағдайы;

Аталған бөлшектердің қайсысы өте радиоактивті өткір қабілетке ие? γ;

Аурумен кішкене ғана байланыста болған кездегі берілетін өте қауіпті жұқпалы ауру? чума, холера, оспа;

ӘӘӘӘӘӘ

Әлеуметтік қауіп-қатердің түрлерін атаңыз? шантаж, алаяқтық, бұзақылық, қарақшылық, зорлау, кепілге алу, террор, нашақорлық және маскүнемдік;

Әлсіздік дегеніміз? ағзаның жалпы әлсіз жағдайы;

 

БББББББ

Барынша ауқымды төтенше жағдайлар? егер апат, злізала, авария нәтижесінде ТЖ ҚР 3 немесе одан көп облыстарына тараса немесе көрші мемлекеттердің шекарасына шықса;

Бахилдер дегеніміз ? қардан, ылғалдан қорғау және аяқ жылылауға арналған аяқ киімнің сыртынан киілетін маталы құндақ;

Биологиялық қауіп дегеніміз? тірі объектілерден болатын қауіпті айтамыз;

Бофорт шкаласы бойынша жел бағытының максималды жылдамдығы қандай? 12 балл, желдің жылдамдығы 75 мил/сағ;

Бриз дегеніміз? күндіз теңізден жағалауға, ал кешке жағалаудан теңізге соғатын әлсіз жағалық жел;

Бұршақ дегеніміз не ? жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер;

Бір жасырынушыға шаққандағы ауа көлемі? таза режиммен-13 куб.м/сағ.дейін;

ВВВВВВ

Виадук дегеніміз? теміржолдар, жолдар терең жарлар арқылы өтетін көпір;

 

ГГГГГГГ

Геологиялық қауіпті құбылыстар? сырғымалар, селер, қар көшкіні, опырылмалар;

Геофизикалық қауіпті құбылыстар? жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы;

Гидрологиялық қауіпті құбылыстар? су басу, тасқындар, су деңгейінің көтерілуі;

ГП-5 газқағарының жұмыс істеу уақыты: 1 сағат;

 

ҒҒҒҒҒҒҒ

Ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділік дәрежесі нешеге бөлінеді. бес дәрежеге I, II, III, IV, V;

Ғимараттың ұзындығы бойынша, қанша эвакуациялық есіктерді орналастыру керек. әрбір 100 м сайын, бірақ 2 ден аз болмауы керек;

ғимаратындағы рұқсат етілген (адамға қауіпті) ең жоғары температура ? +340 С және одан жоғары;

ДДДДДД

Даладағы (егістіктердегі) өрттер ? құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады;

Дауылдың жақындағандығы туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет? бар баспаналарды, төлелерді, жер қоймаларды әзірлеп қою;

Дезинфекция дегеніміз не? токсиндердің химиялық жойылуы және құрамының залалсыздануы

Демеркуризация дегеніміз ? сынап пен оның қосылыстарын жою;

Дозиметрикалық бақылау? радиоактивті сәулелену дозасын анықтау;

ЕЕЕЕЕЕ

Електр қауіпсіздігі техникасын білмейтін жұмысшыға электр жабдығында не істеуге ған рұқсат етіледі

Естен тану дегеніміз не? адамның орталық нерв жүйесінің қызметінің нашарлауы, мас миына қанның жетпеуі;

ЖЖЖЖЖЖ

Жазғы уақытта күре тамырдан қан кеткен жағдайда тамырды таңғышпен қанша уақыт ұстау керек? 2 сағаттан артық ұстауға болмайды;

Жалпы көшіру дегеніміз? халықты барынша үйлестіріп, жаяу тәртіппен және көліктің барлық түрімен көшіру;

Жанартаулық жер сілкінісі дегеніміз? жанартаулардың басталуы кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуы;

Жаппай қырып-жоятын қару-жарақ түрлерін атап көрсетіңіз? ядролық, химиялық, бактериологиялық, қазіргі заманғы зақымдану құралдары;

Жарылыс дегеніміз не ? қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы;

Жарылыс, өрттенжарылыс және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс категорияларын атаңыз? А, Б, В, Г, Д;

Жедел әрекет отрядының саны? облыста-150 адам, қалада-100 адам, ауданда-50 адамнан кем емес;

Жедел құтқару отряды қандай көлемде құрылады? жоғары дайындықтағы күш ретінде, республикалық, аумақтық және жергілікті көлемде құрылады;

Жеке қорғаныс топтарын топтау? белгісі бойынша, әрекет принципі бойынша, дайындау әдісі бойынша;

Жеке құрамалар мен АҚ құрамаларын жинақтау ҚР-ның қандай заңымен жүргізіледі? « Азаматтық қорғаныс туралы» заңымен;

Жеңіл бүлінген ғимараттар мен үйрмереттерді атаңыз? жеңіл-желпі жөндеуді талап етеді;

Жер бетіндегі жер-сілкінісі болуының негізгі себептері неде? жер қыртысының немесе мантияның кенеттен қозғалуынан және жарылыс нәтижесінде пайда болған жер асты дүмпуі;

Жер сілкіну аудандарының радиусы? орташа жер сілкіністерінде 5-15км, ал күшті жер сілкіністерінде 50-160 км болады;

Жер сілкінісі болған кезде адамдардың алдын ала дайындап қоятын ең маңызды заттары? радиоқабылдағыш, консервіленген тағамдар, 3-4 күндік су, дәрі дәрмек, электрлік шам, құжаттар, киім-кешек;

Жер сілкінісіне тап болатын региондар үшін АҚ жеке құрамдарының жалпы саны бір құтқарушыға неше адамнан келеді : 10 адамға 1 құтқарушы;

Жер сілкінісінен кейін арнайы құтқарушылар және көмекке келген еріктілердің тізімдерін қайнай жерде жүргізу керек? стадиондарда немесе қауіпсіз үлкен ашық алаңдарда;

Жер сілкінісінің гипоцентірі дегеніміз не? жер астында пайда болған жер сілкінісінің нүктесі;

Жер сілкінісінің кіндігі ? бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте;

Жер сілкінісінің қарқындылығы дегеніміз ? белгілі бір орындағы жер сілкінісінен болған шығындардың дәрежесі;

Жер сілкінісінің рихтер шкаласы бойынша максималдық мәні қанша? 9 балл;

Жұмыс аймағының шаңдану мен газдалу негативтік факторлардың қай тобына жатады? химиялық;

Жұтатын доза ? кез-келген жұтылған заттың маса бірлігінің иондағыш сәулелерінің энергиясын сипаттайды;

Жүрекке жанама массаж қатаң түрде мынадай ритмде жасалады: минутына 45-50 рет;

Жүрекке жасанды массаж жасау қандай жағдайда қолданылуы керек? адамның пульсі жоқ кезде;

 

ЗЗЗЗЗЗ

Зайсандағы жер сілкінісі болды ? 1990 жылы 14 маусымда 12 сағат 47 минутта;

Зардап шеккендердің саны қанша болған кезде, сәтсіз оқиғалар топталынған деп аталады? 2 және одан да көп жарақаттанушылар болған кезде.

Зарин уландырғыш заттардың қандай класына жатады? жүйке қоздырғыш әсерлі;

Зиянкестерден ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғау үшін қолданылатын, улы химикаттар қалай аталады? пестицидтер;

ИИИИИИ

 

Инсульт дегеніміз ? ми қан айналымының бұзылуы;

Интоксикация дегеніміз ? ағзаның улы заттармен улануы;

Инфаркт дегеніміз ? күре тамырдың түйілуі немесе тығындалуы кезінде қан ағысының тоқтауы;

Иондандыратын сәуле түрлерінің ең көп иондандыратын қабілеті қайсысында? γ –сәулелену;

КККККК

Катастрофа дегеніміз не? әлемдік және аймақтықты қамтитын төтенше жағдайдан туындаған қирау құбылысы;

Кез келген апат болғанда пайдаланатын Азаматтық қорғаныстың дабылы? «Баршаңыздың назарыңызға!»;

Кептеме дегеніміз не ? судың сығылысуын және осыған байланысты су деңгейінің көтерілуін туғызатын өзен арнасындағы майда мұздардың жиналып қалуы;

Комендаттық қызметті ұйымдастыру ? комендаттық қызмет АҚ бастығының шешіміне сәйкес жүргізіледі;

Көліктік авариялар дегеніміз ? темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты;

Күйдіру дегеніміз не ? тірек алабынан алдын-ала қарама-қарсы от жіберу;

ҚҚҚҚҚҚҚ

 

Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпті аймақтарға жататындары? Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда;

Қандай қаружарақтың жарылу кезіндегі қауіпті әсер аймағы картада қоңыр түспен белгіленеді? Ядролық қаружарақтың жарылуы;

Қар көшкіні - дегеніміз? ауыр қар массасының әсерімен, тау бөктерінен қардың сырғуы;

Қар көшікін дегеніміз не ? қардың жиналу тұрақтылығының бұзылуына байланысты қар массасының тау беткейімен төмен қарай тез құлауы;

Қатқақ дегеніміз не ? ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіндегі жер бетіндегі ауа температурасы 00С-ге дейін және одан да төмендеуі;

Қатты дүмпудің ұзақтығы? орташа жер сілкіністерінде 3-секундтан 5-секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90-секундқа дейін болуы мүмкін;

Қатты көк тайғақ дегеніміз не ? салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты;

Қатты тұман дегеніміз не ? 12 сағат және одан ұзақ уақыта 100 м-ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкнідігінің айтарлықтай нашарлауы;

Қауіпсіздік дегеніміз не? қауіпті ортадан адамның, материалдық құндылықтардың және табиғаттың қорғалған күйі;

Қауіпсіздікті болдырмаудың мәні неде? бұл – қауіптің пайда болу ықтималдығын азайтатын әрекет жағдайы немесе шамадан тыс қауіптің жоқтығы;

Қауіпті фактор дегеніміз не ? адам денсаулығының кенеттен нашарлануына немесе жарақатқа алып келетін, фактор;

Қорғаныс ғимараттарына қанша жылда кешенді тексеру жұмыстары жүргізіледі? бес жылда бір рет;

Қорғаныс ғимараттарындағы паналаушыларға тиым салынатын әрекеттер? темекі тарту, ішімдік ішу, үй жануарларын әкелуге және май шамдарды қолдануға;

Қорғаныс ғимаратындағы рұқсат етілген (адамға қауіпті) ауадағы оттегінің пайыздық өлшемі? 14 % және одан төмен;

Қоршаған ортаның радиобелсенді зақымдау (ластану) ошақтарына келесілерді жатқызуға болады: уранды өнеркәсіп, ядролық реакторлар, түрлі қондырғылар, радиохимиялық өнеркәсіп;

ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы қабылданды ? 22 қараша 1996 жылы;

ҚР-ның Азаматтық қорғанысын жалпы басқаруды кім атқарады? ҚР-ның премьер-министрі

ҚР-ның АҚ-ын тікелей басқару жөніндегі орындаушы орган? ҚР-ның ТЖА (төтенше жағдай агенттігі);

ҚР-сы және шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың міндеттері мен құқықтары қандай заңмен анықталған? «Азаматтық қорғаныс туралы»;

Құйын дегеніміз не ? айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын;

Құрамалардың дайындығы келесі көрсеткіштермен бағаланады? құрылымдардың ішкі құраманың негізгі мамандардың жинақтығымен;

Құтқару жасақтарының дайындығының дер кезінде жүргізілуіне кім жауап береді? құтқару жасақтарының бастығы;

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстардың негізгі міндеттеріне нені жатқызамыз? адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару жұмыстары;

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстардың ішіндегі, қосалқы жұмыстарға кіретін міндеттерді атаңыз? алаңдарды тазарту, техника орнату, қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

Құтқару жилеті дегеніміз ? өзін-өзі сақтандырудың жеке құралы;

Құтқару жұмыстарына жататындары? қозғалыс бағыты мен жұмыс учаскелерін барлау, өрттерді жою мен сөндіру;

Қысқы уақытта күре тамырдан қан кеткен жағдайда тамырды таңғышпен қанша уақыт ұстау керек? 0,5-1 сағаттан артық ұстауға болмайды;

ЛЛЛ-МММММ

Ландшафты өрт дегеніміз не ? географиялық ландшафтың әртүрлі бөлігін қамтитын өрт;

Мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау органдары міндетті? өрт қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі тиісті нормативті және құқықтық актілердің орындалуын қадағалауға;

Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар? дауылдар, далей құйындар, қуаңшылық, қатты аяз;

Механикалық қауіп дегеніміз? кинетикалық энергияның немесе гравитациялық күшінің әсерінен адамға келтіретін қауіптер;

Микроорганизмдер дегеніміз? тек қана микроскопта байқалатын өте ұсақ, бір жасушалы организмдер;

 

НННННН

Найзағай қандай ағаштарға көп түседі? емен, терек, талшын, шегершін;

Невроз дегеніміз ? жасанды естен тандыру;

Негізгі құрылымдарға жататындары? барлау, құтқару, медицианалық, инженерлік, өртке қарсы, авариялық техникалық;

Нервті - жансыздандыру әрекеттіне байланысты улы заттарды атаңыз? зарин, зоман, V-газы;

Нөсер дегеніміз не ? үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде жауады;

Нысандық төтенше жағдай дегеніміз? егер апат, зілзала авария нәтижесінде ТЖ аймағында өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса;

ООООООО

Объектілерде авария болғанда ҚжБШЖ-ды жүргізудің реттілігі мен мерзімін кім бекітеді? Азаматтық қорғаныстың бастығы;

Опырылмалық жер сілкінісі? жердің опырылуынан, қопарылуынан болған қозғалыс;

Орманның жоғарғы жағындағы өрт дегеніміз не? қылқан жапырақты орман өрттері;

Отқа төзімділік дегеніміз не? ғимараттар, үймереттер мен құрылмдардың отқа кедергілік қабілеті;

 

ӨӨӨӨӨӨӨ

Өндірістегі сәтсіз жағдайларды дұрыс және дер кезінде тексеру мен есепке алу жауапкершілігі кімге жүктеледі? кәсіпорын басшысына.

Өндірістік зиянды факторларды атаңыз? адамдарға ауру (созылмалы) алып келетін және жұмыс қабілеттілігін төмендететін факторлар;

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндеттері қандай заңмен анықталған? «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы».

Өртке төзімділік жағынан ғимараттар мен құрылыстар қанша топқа бөлінеді? 5 топқа;

Өртті жайылтпау дегеніміз не ? жанудың ары қарай жайылу мүмкіндігін болдырмау;

 

ППППППППП

Панаханадағы ауыз су қоры бір адамға тәулігіне қандай есеппен жасалады? тәулігіне 3 литр есеппен;

Панаханадағы негізгі жасырыну бөлмелері: жасырынуға арналған бөлме, желдетілетін бөлме, санитарлық бөлме, тамбур-шлюз,қорғалған кіре берістер мен шыға берістер;

Панаханалар сиымдылығы бойынша қандай түрлерге бөлінеді? шағын, орта, үлкен;

Панфитотия дегеніміз ? өсімдіктер мен зиянкестердің жаппай аруы;

РРРР-ССССССС

Радиацияның пайдалы әсері? рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу;

Салалық өрт сөндіру қызметі? меншік иесіне қарамастан мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына құрылған өрт сөндіру қызмет;

Саңырауқұлақтар дегеніміз? дайын органикалық заттармен қоректенетін және хлорофильден айырылған, төменгі өсімдіктердің жекелеген тобы;

Сел ағыныны кезінде не істеу керек ? жақындап қалған сел ағынының шуын ести сала алқаптан жоғары қарай қыратпен 50-100 м көтерілу керек;

Селге қарсы күресті қандай арнайы ұйым жүргізеді? мемлекеттік «Қазселдеңқорғау» кәсіпорыны;

СИ жүйесіндегі радиоактивтік заттардың активтілігін өлшеу бірлігі? Беккерель (Бк);

Соғыс кезінде тұрғындарды эвакуациялаудың негізгі тәсілдері қандай? ұжымдық көшіру;

Стихиялық апат дегеніміз не? төтенше жағдайдың салдарынын пайда болған апат;

Су басудан кейін не істеу керек? ғимараттың және қандай да бір заттардың құлау қаупі жоқтығын тексеру;

Су тасқыны деп нені айтамыз? үлкен көлемді жерге судың жайылуын;

Сыныққа көрсетілетін алғашқы көмек қалай жасалу керек? мүмкіндігінше сынған жерді медицина қызметкері келгенше қозғамау керек;

ТТТТТТТТ

Табиғи және техногенді сипаттағы апаттардың таралу масштабын атаңыз? объектілік, жергілікті, аумақты, әлемдік;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды атаңыз? дүлей зілзала, орман өрттері, індеттер мен жануарлардың жұқпалы аурулары, найзағайдан болған өрт;

Тектоникалық жер сілкінісі дегеніміз? жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуы;

Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар? теңіз деңгейінің қатты ауытқулары, мұздықтар;

Теріні қорғайтын арнайы заттар қалай жіктеледі? оқшаулағыш және филтрлеуші.

ТЖ жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды қандай құжатқа сүйене отырып жасайды? ҚР-ның «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы туралы» заңымен;

ТЖ кезінде тұрғындарды, қоршаған ортаны және шаруашылық объекттерін қорғау принциптері қай заңда анықталған? ҚР-ның «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай» туралы заңында;

ТЖ мен АҚ күші мен құралдары топтамасына жататындары? АҚ әскери бөлімдері, аумақтық, нысандық құрылым және ТЖ мен АҚ қызметі құрылымы;

Токсикоз дегеніміз ? ағзаның уланған кезіндегі жағдайы;

тоқты қосу және өшіруге рұқсат етіледі.

Төтенше жағдай болған кезде АҚ құрамаларының шұғыл әрекетті жасақты дайындау уақыты қанша болу керек? 2 сағаттан көп емес;

Төтенше жағдай дегеніміз не? техногенді және табиғи апаттар нәтижесінде, белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Төтенше жағдай кезінде АҚ жұмыстарын атқару жауапкершілігін кім атқарады? АҚ жасақтарының командирлері;

Төтенше жағдай кезінде арнайы жасақтар келгенше кімдер құтқару жұмыстарын бастайды? жергілікті тұрғындар;

Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды қорғаудың ең негізгі тәсілдері қандай? Арнайы панаханаларға жасырыну, эвакуация жасау және таратып орналастыру, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;

Төтенше жағдай негізгі жіктелінуі бойынша қалай бөлінеді? ведомствалық тиімділігі бойынша, таралу масштабы мен жылдамдығы бойынша;

Төтенше жағдайдың негізгі жіктелуі: ведомстволық тиімділігі бойынша, таралу масштабы мен жылдамдығы бойынша;

Төтенше жағдайларды жою дегеніміз?ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін, денсаулығын сақтап және материалдық шығын көлемін азайтуға бағытталған құтқару жұмыстары;

Тұншығу дегеніміз ? тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын патологиялық жағдай;

Тұрғындарды ұжымдық қорғау құралдарына немесе нысандарына нені жатқызамыз? Радияцияға қауіпті панаханалар және қарапайым жасырыну орындары мен баспана және жертөлелер;

Тіршілік әрекеті пәнінің негізін не қалайды?адам;

Тіршілік әрекетіндегі ең басты болып саналатын ұғым қандай? қауіпсіздік;

УУУУУУУ-ФФФФФ

 

Уақытша көшіру дегеніміз? табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай қауіпі болғанда халықты қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа көшіру;

Фарватер дегеніміз ? кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы;

ХХХХХХХХХ

Халықты зиянды заттардан қорғауға арналған кең тараған газқағарлар? ГП-5, ГП-7 газқағары;

Халықты су тасқынынан алдын ала қорғау шаралары неден тұрады? су ағынына қарсы су қоймаларын салу арқылы реттеу;

Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті ? жасырына отырып, транзисторларды радиоқабылдағышты үнемі қосулы ұстау керек

Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті? жасырына отырып, транзисторларды радиоқабылдағыштарды үнемі қосып қою;

Химиялық қауіпті объект дегеніміз не? халық шаруашылық өндірісіндегі апат салдарынан адамдардың жануарлдардың және өсімдіктердің ҚӘУЗ-мен зақымдануы;

Хлордан қорғану құралдары? сүзгіш газқағарлар, қорабы сары түсті В-маркалы өнеркәсіптік газқағары;

Хлорды қабылдау шегі? 0,003 мг/л (тұншықтыру әсері);

Хлордың ауада шекті рұқсат етілген коэффициенті? бір тәулікте орташа және жоғары мөлшері -0,1 мг/м3;

Хлордың жұмыс аймағындағы шекті рұқсат етілген коэффициенті? 0,001 мг/л;

Хлордың жұмыс аймағындағы шекті рұқсат етілген көэффициенті? 0,001 мг/л;

Хлормен зақымдану жағдайында қандай жолдар аса тиімді? арнайы газқағарлар;

 

ЦЦЦЦЦЦЦ

Цунами дегеніміз не ? су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары;

ШШШШШ

 

Шұғыл жұмыстарға жататындары? қираған және зақымданған учаскелерге колонналық жолдық құбыры, канализация және технологиялық жүйелердегі аварияларды жою;

Шылым шегетін адамдардың қандай мүшесі рак ауруымен зақымданады? өкпесі;

Шымтезекті өрт дегеніміз не ? күн сәулесінің қыздыруы кезінде немесе адамдардың отты абайсыз пайдалану нәтижесінде шым батпақтың үстіңгі қабатаның жануы;

ІІІІІІІІІ

 

І-ші дәрежелі күйік дегеніміз не? терінің қызаруы және аздаған ісік;

Ішінара көшіру дегеніміз? өндірісте және қызмет көрсету сферасында жұмыс жасамайтын, көліктің жұмысының кестеін бұзбай жалпы көшіру;

 

ЭЭЭЭЭЭЭЭ

Эвакуация дегеніміз не? жаппай ұйымдасқан түрде апат болған қаладан, қала шетіндегі қауіпсіз жерге көшіру;

Эвакуация кезіндегі жаяу жүретін колонна саны? 500 – 1000 адамға дейін;

Эвакуациялық комиссиялар қайда құрылады? республикада, облыстарда, қалалық аудандарда, министрліктерде, ведомстволарда, ұжымдарда;

Эвакуациялық қабылдау комиссиялары қандай жерлерде құрылады ? аудандарда елді мекендерде аумақтарында эвакуацияланған халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық түріндегі ауылшаруашылық ұйымдарында;

Электр қондырғыларына арналған өрт сөндіру құралдары? көбікті өрт сөндіргіштер;

Электр тоғымен зақымдалған кездегі алғашқы көмек көрсетудің, ең алғашқы әрекеттері? тоқ көзін ажырату, тоқтың әсерінен зақымдалушыны босату;

Эпизотиялар дегеніміз ? ауылшаруышылық малдарының жұқпалы аурулармен ауруы;

Эпифитотиялар дегеніміз ? ауылшаруашылық өсімдіктерінің аурулармен ауру;

Эрозия дегеніміз ? жер беті топырағының толығымен немесе бір бөлігінің зақымдалуы;

ЯЯЯЯЯЯЯЯ

 

Ядролық қаружарақтың жарылу кезіндегі қауіпті әсер аймағы картада қандай түспен белгіленеді? қоңырмен;





sdamzavas.net - 2021 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...