Главная Обратная связь

Дисциплины:






Туризмнің негізгі даму кезеңдерін атаңыз. (Сапрунова бойынша). 1 страница



Туризм тарихын зерттеушілердің кӛпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен же-тістіктерін үйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметгік-экономикалық себептерімен байланыстырмады. В.Б.Сапрунованың [186] басқалардан басты ерекшелігі - туризм тарихын 4 кезеңге бӛлді: 1-кезең (көне замандардан XIX ғасырдың басынаа дейін) немесе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды; 2-кезең (XIX ғ.-ХХ ғасырдын басы) — элитарлык туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер кӛрсететін арнайы кәсібі туындауы; 3-кезең (XX ғасырдың басы — II дүниежузілік соғыстың I жарты жылының басталуына дейін) — бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы; 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) — бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы, Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтер негізгі критерийлер етіп алған.

11. 19-20 ғ.ғ. туризмнің дамуына ықпал еткен негізгі факторлардың біреуі-көліктің дамуы:Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.Ең 1-ші темір жол желісі – Манчестер – Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристтік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.Ең алғашқы теміржол жолаушыларының өзі осы құралдың жайлылығын, селкілдеп-шайқалмауын мақтап айтқан.Жолдағы қызмет көрсету сапасы да артты.Клиентті өзіне тарту мақсатындағы теміржол компаниялары арасындағы қызу бәсекелеске байланысты XIX ғасырдың 70 ж. Көркем безендірілген,жолда тамақ берілетін бірінші класты жатын вагондар пайда болды. Теңіз техникасының дамуы әсіресе желкенді кемелер орнына пароходтардың қолданысқа енуі континент аралық саяхаттарды жақсартты. Атлант мухитін кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль – Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20 - 25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды.Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық теңіздер әсересе Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды.Өткен ғасырдың 20-шы, әсіресе 30-шы жылдары көптеген елдердің туристтік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың шетелдіктер, бүкіл шетелдік туристтердің 47,8 % құрады.Барлық дамыған елдерде жолдар кеңейтілді және жаңартылды. Автострада деп аталатын тек қана автокөлікке арналғанжолдар салына бастады. Алғашқы автосрадалардың бірі1923 ж. Италияда бой көтерді.Ал әуе қатынастары 20-30 ж. Аралығында пайда болғанмен ,авиация туристік тасмалдауларда әзірше маңызды орындарға ие болған жоқ.Құрлық аралық байланыстарда туристік мақсаттағы әуе қатынастары 1939 ж. Pan American Airways Еуропаға туристердің алғашқы тобын жеткізген.



12.Орта ғасырда туристік қозғалыстың баяулауының себептері:Орта ғасрларда туристік қозғалыс қарқындылығы алдеқайда төмендеді.Ішкі жағдайы тұрақсыз көптеген мемлекеттердің пайда болуы бұрын жұрт білмеген саяси толқуларды тудырды. Еуропа аймақтарының феодал жүйесіне байланысты саябыр тартуы, бұрынғы жолдар торабы мен түнеу орындарының ыдырауы, саяхатшылардың қауіпсіздік деңгейінің күрт төмендеуі, көптеген қалалардың қирауы туристік саяхаттардың тоқырауына акеліп соқты.Тек III-IV ғасырларда зиярат ету қайта қалпына келе бастап, діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.Осындай мінажат етуге Еуропаның көптеген елдерінің тұрғындары қатысқан, олар қасиетті жерлерге ең алдымен, Италиядағы Римге, Испаниядағы Сантьяго де Компастелаға және Палестинаға аттанған.Саяхаттардың бұл түрі ешқашан маңызын жоғалтпаған және сол дәуірдегі туристік қозғалыс құрылымында маңызды рөл ойнаған құлшылық етуді дүниені тану шабытымен үйлемтіретін туризм формасы.

13.Ресейдегі туризмнің дамуы:Петр І 1718 жылғы 12 ақпан айындағы жарлығы бойынша Ресейдегі өлкетанудың негізі қаланды. Бұл жарлықта барлық табылған заттар мен жаңадан ашылған жерлер туралы хабар беріп отыру керектігі айтылған. Көп ұзамай Петербургте алғаш өлкетану мұражайы –Кунсткамера ашылды. І Петрдің өзіде саяхат жасауды ұнатушы болған. 1696 – 1697 жылдары І Петр Еуропаға өзінің алғаш саяхатын жасаған. 1716 – 1717 жылдары І Петр Голландия, Германия және Францияға екі жылдық сапарын шекті. Патшалық Ресейде емдеу мекемелерінің алғаш даму кезеңі ХVIII ғ. келеді. Оның құрылысын 1713 жылы І Петр бастаған. Көне орыс курорттарына Кавказдың минералды сулар курорттары (Пятигорск, Кисловодск, Есентуки, Железноводск,т.б.) жатады. Бұларға 1803 жылы жалпы Ресейлік атақ берілген. Ресейде саяхатқұмарлардың ең алғашқы қолдаушысы ІІ Екатарина болған.1765 жылы Екатарина дворяндарды міндетті қызметтен босататын «Жалобная грамота дворянству» деген жарғы шығарды. Осының нәтижесінде алыс сапарға шығу үшін жеткілкті бос уақыт пен қаржысы бар алғашқы адамдар пайда болды. ІІ Екатерина 1775 жылы Ресейге танымдық саяхаттардың дәуірін ашты. Князъ Григорий Потемкиннің ұсынысымен ІІ Екатерина уәзірлерімен шетелдік елшілермен империяның бүкіл батыс бөлігін кесіп өтіп, Днепр өзені бойымен жүзіп, салынып жатқан Херсон және Севостополь қалаларын көріп шықты. ХVІІІ ғасырдың өзінде – ақ шетелге саяхаттарды ұйымдастыруға алғашқы қадамдар жасала бастады. Петербургтың алғашқы елу жылдық тарихы мен тұмысының бар қырларын толық ж/е дәл түрде суреттеген шығарма Андрей Богданов пен Василий Рубанның кітабы болды. Шығармасы 27 жыл мұрағатта жатқан негізгі автор Андрей Богданов өз еңбегін көре алмай кетті. Андрей Богданов жолнамасында Петербург салынған жердің тарихы жөніндегі мәліметтер жинақталған. Атағы кең жайылған тағы бір жолнама « Описание российско-императорского столичного города Санкт-Перебуа и дстопамятнностей в окрестностей оного с планом» . Оны Ғылым академиясының химиялық зертханасының меңгерушісі Иоганн Готлиб неміс тілінде жазған. Орыс тіліне П.Х.Безак аударған.Георги үлгі реінде Хрисфор-Фридрих Николаидің «Берлиің суеемесі» кіабын қолдады Геои жламасыың құылымы сы кіапқа ұқсас блып келедіыс іліде кіап Сак-Пеебуе 1794ж шықы Суеемеме біе қалаың жспаы да көсеіле Мәскеудіңалғашқы жолнамасы 1782 жылы Петербуогте сол дәуірге лайық өте ұзақ атауымен шықы.18 ғ жолнамаларының бір ортақ ерекшелігі –оладың балығы астаналар туралы мәліметтеді бүкіл Ресей мемлекетіне таратып,Ресей азаматтары мен шетел қонақтарының қызығуына ықпал ететін «әуес қылушыларға» арналған. 1885 ж сәуірде Сакнт-Петербург Цензура комитеі «В. Кенне мен компания « атты артистік шұғыл баспалық и мекемеге «Леопольд Липсонның дүниенің барлық елднріне қоғамдық саяхаттар жасауға арналған Ресейдегі алғашқы кәсіпаоын» кітапшасын баспадан шығаруға рұқсат берді. Автор өзінің шетелде болған ауқымды тәжірбиесі туалы баяндайды. Ол Италия, Франция Испания сондай-ак Шығыс елднрін аралап шыққан

14.Ежелгі Грециядағы туризмнің дамуы:Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Гректер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде V - VІ ғасырларды біздің заманға дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды.Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын. Олимпия – ойындарды өткізу жер, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпияға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналады. Олардың ішінде сыйлы қонақтарда болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырады. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40 мыңға дейін адам сыйды. Ойын – сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиядаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды. Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды.

15.Әлемдегі саяхат бюроларының пайда болуы және «туристік өнеркәсіптің» маңызды буынына бірте-бірте айналуы:Әлемде әлемдік сипаттағы 200-дей халықаралық туристік үйым бар. Оларды ең атақтыларына Туристік агентстволар ассо-циасының бүкіләлемдік федерациясы, Туристік агентстволар-дың бүкіләлемдік үйымы жатады, бүлар туристік фирмалар-дың коммерциялық бірлестігі — кооперативтік негізде жүмыс істейтін белгілі үйымдар, ал Халықаралық туристік альянс — автомобильдік туризміе қоғамдык кӛмек үйымы, Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы жӛніндегі халықаралық бюро, Жастардың туристік үйымдарының халықаралық феде-рациясы, Туризм жӛніндегі халыкаралық академия, Туризм боиынша жазушылар мен журналистердің халықаралық федерациясы, Туризм саласындағы қүжаттау, хабарлау және мәдениет бойынша халықаралық ассоциация, Халықаралық айырбас бойынша ассоциация, Туризм бойынша парламентаралық туризм бойынща эксперттердің халықаралық ассоциациясы, туризм саласында және қонақ үйлік басқару бойынша оқытудың халықаралық үйымы, Халыкаралык автомобильдік үйым, Кедендік тарифтер жӛніндегі халықаралык бюро, Әуе транспортының халықаралық ассоциациясы, Туристік| дәрігерлік кемек бойынша халықаралық ассоциация, Халықаралық қонақ үй ассоциациясы, Мүражайлардың халықаралық кеңесі және т. б. XX ғасырдьщ басына қарай елдің түрлі тұрмыстық деңгейдегі азаматтарының экскурсияға деген қызылғушылығы кейбір қоғамдардың жанынан экскурсиялық бюро және комитеттердің қүрылуына түрткі болды. Олар жекелеген экскурсиялық топтарға, экскурсанттарға, губерниялық қалалармен таныстыруда ӛз қолғабыс кӛрсетгі. 1915-жылдарда экскурсиялық комиссиялар мен қоғамның түрлі бюроларының саны ӛсіп, 1915 жылдың аяғына қарай Ре сейде 100- тарта ұйымдар болды. 1895 жылы Ресей жерінде Қырым-Кавказ тау клубының Ялта экскурсияның бюросы күрылды 1929 жылы жазда Қызыл әскердің Орталық үйі жанындағы әскери турбюро Кавказда күндіз-түні жүмыс істейтін база ашты. 1935 жылы бүл бюро туризм бӛлімі болып кайта құрылып, осы жылдан бастап әскери округтердегі туризмнін дамуымен туризм және альпинизм секциясы шүғылдана бастады. Елде жастар саяхатын үйымдастыру үшін комсомолдардың комитетінде 1958 жылы маусымда «Спутник» деген орталык комитетінің туризмнің бюросы қүрылды. Бүл бюро шет ел халыкаралык туристік топтарын қабылдау, КСРО-дан тыс туризмді ұйымдастыру қыздар мен жігіттерді Кеңестер Одағы туризмді қыдырту істермен шүғылданды. 1962 жылы 20 шілдеде «Туризмді одан әрі дамытудың» қаулысы қабылданды, онда туризм бойынша кеңестер кайта құрылып, жаппай туризмді дамыту мақсатында туристік клубтар жасақталды. Туристік базалар 1965 жылы 1962 жылмен салыстырғанда 1, 5 есеге артып, 450-ге жетгі. Кӛпте-ген ірі калаларда саяхат және экскурсия бюролары ашылды. Туризм мен экскур-сия жӛніндегі орталық кеңес (1969 жылдың тамызынан бастап осылай аталды) туристік-экскурсиялық қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін орталық туристік курстар ашылып, туризм мен экскурсия істері жӛніндегі әдістемелік әдебиеттер шығаратын «Турист» орталық жарнамалық-информациялық бюросы қүрылды. 1985 жылы турбазалар мен қонақ үйлерінде 28 млн. 148 мың адам, 900-ден аса саяхат және экскурсия бюросы 209 млн болды.

16.Фернан Магеланның саяхаты: Ең белгілі саяхатшылардың қатарына Ф.Магеллан жатады. 1519 ж. 29 қыркүйегінде Магеллан Сан-Лукардан теңізге шықты. Магелланның флотилиясы: Адмиралдың жалауы желбіреген су ығыстырғыштығы 110 тонналық «Тринидад»; су ығыстырғыштығы 120 тонналық «Сан-Антонио»; су ығыстырғыштығы 90 тонналық «Кансепсьон»;флот қазынашысы Луиса де Мендоса басқарған су ығыстырғыштығы 85 тонналық «Виктория»;су ығыстырғыштығы 75 тонналық «Сант-Яго» сияқты бес кемеден тұрды. Бес капитанның төртеуіжәне штурмандары барлығы дерлік португалдықтар тұғын.265 кісіден тұрған экспедиция құрамында 37 португал,30 итальян,19 француз,бірнеше фламанд,неміс,сицичлық, ағылшын,негр және басқалары болған.Кемелер ашық теңізге шығып, оңтүстік-батысқа бағыт алған.Алты-ақ күнде олар Канар аралдарына ,кейін экваторға жетіп, Магеллан қасиетті Крест жеріне бұрды, 1519 жылдың 10 қаңтарында экспедиция Ла-Плата деген үлкен өзенде тоқтайды. Болашақта бұл жерде қазіргі Уругвай астанасы Монтевидео орналасады. 21 желтоқсанда Магеллан кейінірек өзінің атын алатын бұғазға жетеді. Бұғаздан өтіп, саяхатшылар өздерінің алдында шексіз мұхитты көрді, оны Магеллан Тынық мұхиты деп атады. Осы мұхитты 4 ай шамасында аралап,жүзген. 1521 ж. Наурыз айында ғана экспедиция тығыз мекендеген аралдарға жетті. Жергілікті жабайы халық жеке меншік деген ұғыммен таныс емес-ті. Сондықтан өздеріне ұнап қалғанын тартып алып, алыстан келген бөгде адамдарға қалағандарын бере берген. Бірақ Магеллан оларға қарсы жазалаушы жасақ жіберді. Бұл аралдар кецінен «Қарақшылар» аралдары деп аталып аталды. Одан кейін саяхатшылар Филиппин аралына кетті.Филиппин аралдары XIX ғасырдың со4ына дейін Испания отаршылдықында болды. Екі тайпа көсемдерінің арасында ұрыс керіс араласып 1521 ж. сәуірінде ұлы теңізші қаза тапты. Дегенмен, Магеллан экспедициячы аман қалған бір капитанының басқаруымен өз мақсатына жетеді. 1522 ж. 6 қыркүйек күні Элькано басқарған «Виктория» каравелласы саяхат басталған Сан-Лукар де Баррамеда айлағына кіреді. Команданың 265 адамынан 17 ғана аман оралады.

17.Ежелгі Римдегі туризмнің дамуы:Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз. Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған. Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қаала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae (қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария), Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.

18.XIX ғ. Екінші жартысында «уикендтердің» және «екінші пәтер үйлердің» пайда болуы:Қала тұрғындарының мерзімдік демалчсқа немесе курорттарға баруымен бірге XIX ғасырдың екінші жартысында апта сайын болатын демалысқа (уикенд) байланысты рекреацияның жаңа формасы дүниеге келген. Ол кездің өзінде қалалық буржуазияның үйлеріне онша алыс емес ауылды жерде орналасқан меншікті резиденциялар болғпн. Осындай объектілерде кейде каникул өткізген , бірақ олар, ең алдымен ,сенбі-жексенбі күндеріндегі демалысқа арналған XX ғасырдың басында осындай нысандардың саны тез өскен және иелерінің әлеуметтік ауқымының кеңеюіне байланысты, олардың көбі бұрынғыдан қарапайым болған. Францияда осындай объектілер, әсіресе, Альпі аймағында кең тараған. «екінші баспанаға» ие болу үрдісіне жол ашқан.

19.Орта ғасырдағы қажылық саяхаттың пайда болуы:IV ғасырда қасиетті жерге қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.VІІ ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.VІІІ ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы-қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған. Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-ші қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдында жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Қажылар арасында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.Қажылық үшін ең қолайлы жағдайлар Абастар әулетінен шыққан Халифа Гарун әл Рашид (786-809) кезінде туды. Халифа мен император Ұлы Карл (768-814) арасында түсінушілік қатынастары орнатылып, оның дәлелі ретінде Гарун әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың табыты-Храмының және ең қасиетті қаланың қақпаларының кілтін сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар үшін арнайы қонақ күтетін үй салынады.Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VІІІ ғасырдың өзінде-ақ салдырған. Кейбір серілік қауымдардың басты шаруасы пилигримдерді қорғау және оларға қасиетті жерлерге жол жүру барысында қонақжайлылық көрсету болды. Мұндай үйлердің бірі-Ронсеваль шатқалындағы аббаттығы қақпа алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан, цирюльник және етікші қызметтерін, жеміс-жидек, жаңғақтар ұсынып, аурулар үшін екі хоспис, ал мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу орнын да ұсынып отырды.

20. XVII-XVIII ғ.ғ. шекарасында Еуропа континентіне Англиядан саяхат жасаушылардың ерекше әйгілісі, «турист» терминінің пайда болуы:Англиядағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің, ақсүйектердің өмір салтына еліккен жаңадан байығандардың пайда болуы нәтижесінде XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырда саяхаттың әлеуметтік базасы кеңейді. Экономикалық жағынан нығайған буржуазия мен дәрменді шығармашылық ителлигенция өкілдері континентке ағылды. Осы заманның куәсі, ағылшын тарихшысы Э.Гиббоның айтуынша ,1785 жылы континенталдық Еуропаға 45 мыңға жуық ағылшындар барып қайтқан. XVIII ғасыр соңында Еуропадағы негізгі туристік ағымдардың тұманды Альбион өкілдері құрған.Олардың сапарға деген ынтасы ағылшын және француз ағарту философиясында орын тапқан. Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо адамның дұрыс тәрбиесіндегі алыс сапрлардың қажеттіліг мен маңыздылығын дәлелдеген. XVIII-XIX ғасырлар қиылысында «тур» сөзінен шыққан «турист» және «туризм» ұғымдары дәл осы Англияда пайда болған. Бұл түсініктер алғаш Францияда, кейін басқа Еуропа елдерінде бекітілді.

21.КСРО- дегі шетелдік туризмнің дамуы.Шетелдік туризм дамуы шетелдік қонақтарды КСРО-да қабылдауын реттеу шараларын қажет етті. 1929 жылы мамыр айында Еңбек пен қорғаныс кеңесінің шешімімен “ Интурист” Бүкіл одақтық акционерлік қоғамы құрылды. Делегациялар мен туристік топтарды қабылдау және оларға қызмет көрсету мен бірге, “Интурист” отандастардың шетелге баруын жолға қойды. 1930 – 1931 жылдары бірінші бесжылдық ,еңбек озықтарының “Абхазия” мен “Украина” кемелерінде Еуропаны айналып шыққан алғашқы бұқаралық круиз саяхаттары ұйымдастырылды. Қатысушылары Германия, Италия мен Түркияда (Англия мен Франция өз жеріне кіруге рұқсат бермеді) кеңес өкілдері қарсы алған. Неапольде “Абхазия” тұрған кезде оған жазушы М. Горький арнайы келіп кеткен. Саяхатты бірнеше кітап пен кинофильм бейнелейді.30 – жылдардың ортасында туристерге өлкетану, индустрия, ауыл шаруашылық және басқа тақырыптар бойынша 200 – ден астам теміржол, жаяу және құрамалы маршруттар ұсынылған. Туристер мен экскурсанттар саны көбейген. Екінші бесжылдық басталуына қарай ПТЭҚ – ның өзі жылына бір жарым миллион еңбекшіге туристік қызмет көрсеткен.Осы жетістік себептерінің бірі халыққа қызмет көрсету бағасының төмендеуі болған. Туристік топтар үшін теміржолмен жүруге, туристік базаларда ПТЭҚ мүшелеріне жеңілдіктер жасалған.Іс – әрекет көлемінің, туристік ұйымдар мен бастауыш ұйымдар санының өсуі (аудандық кеңес санының өзі 1 мыңға жуық болған), жаңа маршруттардың әзірленуі, материалдық – техникалық базаның жақсаруы мамандарды даярлау мәселесін шешуді қажет етті. Туристік басқару қызметкерлерін, қызмет көрсету кәсіпорындарының мамандарын, білікті гид – экскурсия жүргізушілерін, жетекшілерді, қоғамдық ұйымдастырушыларды даярлау қажет болды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...