Главная Обратная связь

Дисциплины:






Туризмнің негізгі даму кезеңдерін атаңыз. (Сапрунова бойынша). 4 страница



40.В.Генш жоспары.Зертеушілердің көпшілігі ұйымдастырылған туризмнің бастауші жылы деп1777 ж есептейді осы жылды мәскеуде Веньямин Генш «План предпринимаемого путишествия в чужие края» деген кі табын шығарды, ал арнайы ұйымдастырылған Ресей н/се шетелге ұйымды саяхаттары жөніндегі бұдан ерте шыққан құжаттар қанша іздесе де табылған жок. Мәскеудегі бір пансионды басқарған В.Генш 20жылдан астам жастарды трбиелеуден айналысқан. Ол өзь дәуірінің білімі зор ғұламасы болған, ұзақ уақыт, өзі жазғандай «шетелдерінің талай академияларының мүшесі болған, Германия, Швейцария, Италия, Франция, Англия мен Голлландия елдерін бірнеше рет аралап шыққан ж/е саяхаттардың пайдалылығы мен жастар тәрбиесіндегі маңызын терең сезінген». Генш жоспары бойынша жас дворяндардың шағын тобы « жас адамға оның игілігіүшін,қажетті де пайдалы болуы мүмкін заттардыбіліп алу»үшін неміс, инальян н/е франциз университеттерінің біріне сапар жасаулары керек болған. Калай да болса, В. Генш «Жооспаы» 18 ғ-дың соңғы ширегіндегі шетелдік турисік саяхаттарды ұйымдастырудың алғашқы ұсынысатының ж/е осындай іс-әрекеттің алғашқы жарнамасының бірі.

 

41.Ежелгі римдіктердің шипалы жол жүрулері, ежелгі Италияның емдік орындары: Туристтік саяхаттардың ерекше формасы шипалы жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қаала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал шипалы жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды. Бұл курорттың айналасы өте көкем келген. Мұна Рим байлары өздерініңи жазғы резиденцияларын ұйымдастырған. Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae (қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария), Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.Шипалы жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.



42. «Крестік жорықтар» мақсаты:Түрлі әлемдік діндерді үстанушылардың қасиетті орындарға сапар шегуі батыс европалық феодалда дың шығыс Жерорта теңізі елдеріне әскери-отарлық қозғалыстарымен (1096 — 1270 жж.) байланысты болды. Бүл қозға тарихта «крест жорықтары» деп аталады. Крест жорықтары басты мақсаты батыстык феодалдар мен папалық топтар, жаңа иеліктер алып, байлықтарын арттыру еді. Сонымен қа, баска да себептері болды. Мәселен, 1071 жылы селжүк түркіі Иерусалимді басып алып, қасиетті орындарға келушілерц жолын тыйды. Сондықтан да II Урбан папа 1095 жылы Шіркеу соборында Иерусалимдегі Қүдіреттінің мәйітін күтқаруға қырған сӛз сӛйлеп, жорыққа қатысушыларды күнәсынан арытуға, бай табысты бӛліске салута, ал үрыста қаза болғандар жүмақ рақатын сыйлауға уәде берді. 1096-1270 жылдар аралығында сегіз крест жорығы болды. Онын ішінде ен қайғы-қасіретке толысы —1212 жылғы балалардын крест жорыгы. Олардың қолдарына карудың орнына крест туларын үстатты, мындаған бала қүрбан болды немесе күлдыкка сатылды. Крест жорықтарынын негізп нәтижелері: европалықтарды Шығыс мәдениетіне тарту, сауданың дамуы, Жерорта теңізін-де европалық саудагерлердің позициясының күшеюі, бүл өңірге саяхат жасаушылар толқынының көбеюі болды

43.19-20 ғ.ғ. туризмнің дамуына әсер еткен факторлар:ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды.ХІХ-ХХ ғасырлардағы туризм дамуында сәнге айналған гранд-турлардан басталды.Ең алғашқы туристер Ла-Манш арқылы континентальді Еуропаға Англиядан өтті.1888 жылы кейбір деректер бойыншаәлемде жарты миллионға турист тіркелген.Туризм жағдайында ең алғашқы қозғалыс ХІХ ғасыр ортасына дейінгі ақсүйектік туризм аяқталғаннан кейін ғана басталды.Бұл кезең 16 ғасыр соңы мен 20 ғасыр 20-жылдары туризмнің демократияланумен сәйкес келеді.19-20ғғ. туризмнің дамуына әсер еткен оқиғалардың бірі-бұл 1829 жылы әлемдегі ең алғашқы жолнаманың шығуы.Оның авторы Карл Бедекер болды.1829 жылы ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:1)көлік құралдарының дамуы:Карл Либеренің айтуынша:салт аттың,желкенді кеменің оронына теміржол көлігі және бумен жүретін кемелердің пайда болуы туризмнің дамуында жаңа кезеңді бастады.Олар жолды қысқартты,арзандатты және жайлы қылды.Көліктегі дамудың келесі кезеңі-автомобиль көлігі мен ұшақтардың пайда болуымен байланысты.Әуе көлігін 1839 жылы АҚШ-тағы "Pan American" әуе компаниясы ең алғашқы әуе туристік тасымалында қолданды.ХХ ғасыр 20-30 жылдары туристік қозғалыста автомобиль көлігі пайда болды.ең алғашқы автокөліктік саяхат Швейцарияға жасалынды.2)өнеркәсіптің дамуы және соған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы; 3)урбандалудың дамуы-Халықаралық,аймақтық,жергілікті деңгейде туризмнің дамуы,өнеркәсібі жоғары дамыған,индутрияланған аймақтарда урбандалу процесі жылдам қарқынмен дамыды.ХІХ ғасыр басында әлем халқы санының өсуіне қарағанда,әлемдегі қала халқының өсуі әлі күнге дейін жалғасуда.Осыған байланысты туризм қарқындылығы ірі қала ошақтарында жылдам қарқынмен дамыды.Курортты шағын қалалардың орнына туризм үшін маңызды барлық қызмет түрлері қамтылды.4)бос уақыттың артуы.1Ницца курортында 1890 жылы 12000 тұрғыннан 1912 жылы 35000 тұрғынға дейін өсті. Ең ірі көрсеткішті "Биариц" курорты көрсетті.Мұнда 1851 жылы 2048 тұрғыннан 1912 жылы 18260 адамға дейін өсті.;5)қоғамның мәдени деңгейінің жоғарлауы-бұл қоршаған ортаға мән беру.1872 жылы АҚШ-та Йеллоустон ұлттық паркі ашылды.1895 жылы Англияда табиғи және тарихи жерлерді қорғау қоғамы құрылды.1906 жылы Францияда табиғи және тарихи ескерткіштерді қорғау заңы қабылданды.;6)Туризмді мемлекет тарапынан қолдау-1901 жылы Жаңа Зеландияда қоғамдық мәселелер жөніндегі министрліктің жанынан мемлекеттік туризм органы пайда болды.1910 жылы Фрацияда осындай туризм басқармасы құрылды.1911 жылы Испанияда туризм комиссириаты құрылды.І дүниежүзілік соғыстан кейін паспорттық-визалық жүйе енгізілді;7)Туристік бюролардың пайда болуы-Томас Куктың есімімен байланысты.Ол 1841 жылы Лейстерден Лафбораға мерекелік поезд ұйымдастырды.1851 жылы Т.Куктың "Томас Кук және оның баласы"деген туристік бюросы ашылды1872 жылы Томас Куктың ұйымдастырылуымен жер шарын айналу саяхаты 220 күнде жерді айналып шығады.

 

44. XVIII ғ. Студенттер саяхатының басталуы:ХІІІ ғасырдан бастап ғылым дамып, университеттер ұйымдастырылды. Еуропадағы студенттер саяхаты көбіне итальян университеттеріне және басқа елдерге бағытталды. Діни қастерлі орындар мен университет орталықтарымен байланысты миграция кейінгі орта ғасырлар дәуірінде саяхаттаушылардың дені болды.

Басқа елдер өкілдерімен болған түйіспелер сауда-экономика тұрғысымен қатар ғылыми-білім алу мақсатында жасалған."Білім алу саяхаттары" орта ғасырларда жиі көрінген құбылыс.Еуропадағы алғашқы университет ХІ ғасырдың соңында Болоньяда ашылды.Ұзақ уақыт өтпей ХІІ ғасырдың басында 1200 жылы Сарбонна университеті Францияда ашылды.ХІІІ ғасырда Англияда Оксфорд,Кембридж университтері,Испанияда Саламанка университеті ашылды.Кейіннен Неаполь,Прада,Кракофф университеттері ашылды.1565 жылға қарай Еуропада 65 университет ашылды."Туризм" мен "турист" түсініктері әдебиетте ХVIII ғасырдың соңында пайда болып,ХІХ ғасырда,әсіресе,ХХ ғасырда кең қолданыла бастады."Туризм" және "турист" түсініктері француз тілінен келген.олай болса да,алғашқы бұл түсініктер ХVIII ғасырда Британ аралында континнентке баратын ағылшын жастарының саяхатын атау үшін қолданылды.Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз,итальян,неміс мектептеріне жіберіліп тұрды.Бұндай саяхаттар "grand tour" деп,саяхатшыларды туристер деп атай бастады.Негізінен гранд-тур ұғымы ХVI ғасырда пайда бола бастады.Оған тек ақсүйек адамдардың балалары ғана білім алу мақсатында саяхат жасай алды.Граннд-тур,әрине,ағылшын жұртының көпшілгіне қол жетерлік болмаған.Континентке,әсіресе ұзақ уақытқа сапар жасау қыруар ақшаны қажет еткен. VI ғасырдың екінші жартысында гранд-тур саяхаттарының әлеуметтік базасы қалыптаса бастады.Яғни шетелге білім алуға тек ақсүйек адамдардың балалары ғана емес,жай ұарапайым адамдардың балалары да баруларына мүмкіндіктері болды.Ал гранд-турдың "Алтын ғасыры" ХVIII ғасыр соңына келеді.Гранд-тур саяхаттары негізінен Италияға бағытталған болатын.Өйткені көркем өнерінің үлгісі деп саналатын Италияда эстетикалық талғам мен білім қалыптасты.Италия сапарының бағдарламасы кең ауқымды болған:Рим,Флоренция,Милан,Верона,Туриннің қызықты жерлерін тамашалаған;Помпеи қабырғаларын,Неаполь операсын сүйсіне тыңдаған,Венеция карнавалына қатысқан.Саяхаттар тарихының бұл кезеңі туралы 1976 жылы баспадан шыққан "Туризм:өткен шағы,бүгінгі таңы және болашағы" деген кітабында ағылшын авторлары А.Буркарт пен С.Медлик өте тиянақты жазған.

45. 8 сағаттық жұмыс күнді енгізу және туристік қозғалыстың өсуі:Көбінесе , қалалар мен өнеркәсіп аудандарының тұрғындары қатысатын туристік қозғалыстың өсуіне жұмыстан бос уақытының бірте-бірте кобеюі өзінің ықпалын тигізді. Бұл ересектердің де , кәмелетке толмағандардың да жұмыс уақытын қысқартқан әлеуметтік заңнаманың жетілдірілуі нәтижесі болған. XIX ғасырдың басында өнеркәсіп жұмысшылары жексенбілеріне қоса, күніне 14-16 сағат жұмыс істеуге міндетті болған.Жұмыскерлік және кәсіподақ ұйымдары іс-әрекетінің нәтижесінде көптегенелдерде күндегі және аптадағы жұмыс уақытын қысқартатын үкімет заңдары қабылданды. Осындай ең алғашқы заңдар әуелі Англияда (1933,1844,1848 ж. Заңдары) одан кейін Францияда (1848,1898ж.), Германияда және Құрама Штатарында қабылданған.Жалпы экономикасы жақсы дамыған елдерде орташа есептегі жұмыс уақыты 1850-1950 ж, дейінгі кезеңде аптасындағы 80-90сағаттан 40-48 сағатқа дейін қысқарды.І дүниежүзілік срғыстың алдында сегіз сағаттық жұмыс күні экономиканың кейбір салаларында Құрама Штаттарында. Ұлыбритания мен Германияда енгізілді, ал соғыстан кейін барлық мемлекеттерде қабылданды деп айтуға болады. Кейбір санаулы кәсіпорындарда демалысқа ақы берілетін болды. Демалыс пен рекреация үшін құқықтық актілер маңызды болды. Күннен күнге күшейіп келе жатқан туристік қозғалыс және оған байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелердің пайла болуы бұл салада тиімді саясат жүргізуге беретін ұйымдастырушылық формалардф қалфптастыруға итермеледі.

46. Бұрынғы КСРО мен қазіргі ТМД-да туризм дамуының төрт кезеңдері (2 кезең):(1937-1969) –басқарудың жаңа формаларының енгізілу кезеңі. ПТЭҚ барлық меншігі БОКОК-не берілді. БОКОК-де туристік экскурсиялық басқарма құрылып, оған бүкілодақтық маңызды туристік маршруттарды басқару және туризм мен экскурсиялар арасындағы іс-әрекетті жүргізу міндеті артылған. 1937 ж. Қараша айында БОКОК ТЭБ жарғысы бекітілді. Әкімшілік-бұйрық жүйесіне бағынған туризмнің дамуы жалғаса берді. 1939 ж, наурыз айында ОАК жанындағы Бүкілодақтық дене шынықтыру мен спорт шаруалар комитеті «КСРО турисі» белгісі туралы ережелерді енгізгеннен кейін спорттық туризм қарқынды дами бастады. Біліктілікті растайтын осы құжатты алу комплекс нормативтерін орындау науқаны басталды. Нәтижесінде 1941 ж. Наурыз айында КСРО-да «КСРО турисі» белгісі 5000 туриске берілді.Ұлы Отан соғысы кезінде туристік-экскурсиялық іс-әрекет толығымен тоқтатылды. Дегенмен,жылдан-жылға халықтың әртүрлі топтарының : еңбекшілердің мектеп оқушыларының,студенттердің туризмге деген қызығуы өсе берді. Туризмге қойылатын талаптардың өсуіне байланысты,1949 жылы туризм спорт түрі ретінде біріңғай спорттық квалификациясына енгізілді. Туризмнің белсенді түрлері : жаяу, су, шаңғы, велосипед үшін туризм спорттық дәрежелік талаптар және туризм бойынша «КСРо спорт шебері» атағын орындауға қойылатын талаптар орындалды.1950 ж. Мәскеу туризм клубы ашылды.1960 ж. Кәсіподақтардың туристік-экскурсиялық мекемелері 13 мыңнан астам сызықтық, айналмалы, радиалдық маршруттарды әзірледі. Бүкілодақтық және жергілікті маршруттар бүкіл ел аумағын қамтыған және Кеңес Одағының ең қызықты қалалары мен Камчатка, Курил аралдары, Кавказ, Қырым, Памир, Алтай сияқты көрікті жерлерін көру мүмкіндігін берген.Бүкілодақтық жоспарланған маршруттардың 50%-дан астамы Кеңес Одағының бес аймағында : С.Кавказ,Закавказье, Қырым, Карпат, Кавказдың Қара теңіз жағалауында өткен.Осы аймақтарда елдің туристік базаларының, кемпингтерінің, туристік қонақүйлерінің жартысы шоғырланған. 1970-1980 жылдар шегінде «Экскурсиятану» мамандығын екінші мамандық ретінде елдің көптеген ЖОО даярлады.1964 жылы Абхазияда туризм бойынша ғылыми-зерттеу институты ашылды. Онда спелогтар мен альпенистер, өнер-танушылар мен тарихшылар, сәулетшілер мен экономистер және т.б. даярланды.

47.Біздің дәуіріміздің XII-XIII ғ.ғ. қажылықтың қайта пайда болуы, Италияда, Испанияда Палестинада қасиетті жерлер:Орта ғасырлардағы (У-ХУ ғғ.) экономикалық тоқырауларға байланысты танымдық және денсаулық мақсатьшдағы саяхат-тардьщ саны азайды. Европа елдеріндегі тайпалар арасындағы кӛптеген соғыстар бүрын қалыптасқан жол желілері мен қонақ үйлерін қиратып, саяхат жасау ӛмірге кауіпті және қолайсыз бола бастады. VI-VIII ғасырларда ғана қажылык саяхаттар қайта жандана бастады. Орта ғасырлардағы Европада адамдардың жаппай орын ауыстырулары крест жорықтары кезінде, яғни европалык рыцарьлар мен саудагерлердің басқалардың байлықтары мен жерлерін оасып алу максатындағы қимылдарымен байланысты болды. Шығысқа қарай кезбелер тобыры ілескен священ-никтер мен қажылар қозғалды. Орта ғасырлардағы саяхаттардың діни негізі мүсылмандар мен христиандардын қасиетті орындарьша тәу етуде жатыр еді. Алғашқы қажылық саяхатгардың ұйымдастырылуы әлем тӛрт діннің қалыптасуына қатысты. Әуелде жеке-дара, келесі топ-топ болып қажылық саяхат жасау соңғы 1300 жылда л қаралық туризмнің ерекше бір түріне — қажылыққа айналды. Бұл процестін ерекше қарқындауына ислам дінінің пайда болуы әсер етті. VII ғасырда Аравияда пайда болу мезгілі жағынан үшінші (будда, христиандыктан соң) әлемдік дін пайда болды.

Замандар ӛте келе жер бетіндегі мүсылмандар саны ӛсе түс қажылыққа барушылардың саны да арта берді. Ал казіргі кезде әлемдегі мүсылмандардың саны 1 млрд. 126 мың адам (соні ішінде Қазақстанда 8 млн. жуық), бүл қажылык туризмнің; мүмкіншілігін қазіргі туристік істің теориясы мен практикасында қарастыруға әбден болады.

 

48.І дүниежүзілік соғыстан кейін туризмнің маңызды демократизациялануы:Бірінші дүнижүзілік соғыстан кейін әлем туризмі «демократияланды», яғни ол екі соғыс арасындағы кезеңде көпшілік, бұқаралық сипатқа ие болды. Туристік қозғалыстың ең жоғары қарқындылығы 1929 жылы байқалды. Туритердің белсенділігіне отызыншы жылдардың басында болған экономикалық дағдарыс өзінің кері әсерін тигізді. Дағдарыстың салдары әсіресе , Австрияның туристік аясында орын алды: 1928 жылмен салыстырғанда,1934 жылы бұл елге туристер саны 70% төмендеді. Францияға 1933 жылы 1929 жылдан 50%дан аз шетел туристі келді. Швейцария (1928-1932 жылдары шетел туристерінің саны 32 %-ға азайды), Италия (1928-1931 жылдары төмендеуі 36%) мен Югославияда экономикалық дағдарыстың әсері төмен болды деп айтуға болады. Дағдарыстың кейінгі жылдары туристердің саны едәуір өссе де, жиырмасыншы жылдардың соңындағы көрсеткішке жете алмады. Гитлершіл Германия, Италия, мен Жапония туғызған саяси тұрақсыздық та халықаралық туризм ахуалына өзінің кері әсерін тигізді.

49. Бұрынғы КСРО мен қазіргі ТМД-да туризм дамуының төрт кезеңдері (4 кезең):1991 жылдан бастап КСРО туризмінің даму тарихының жаңа, посткеңестік кезкңі басталды. 80 жылдардың екінші жартысында Горбачевтың қайта құру саясаты КСРО-ның құлауына және оның салдары ретінде, Кеңес одағының біртұтас экскурсиялық жүйесінің ыдырауына әкеліп соқты. Бұрынғы одақтық республикалардың орнына саяси тәуелсіз мемлекеттердің және ұлттық туристік экскурсиялық ұйымдардың пайда болу үрдісі басталды.КСРО ыдырауымен бірге туризм басқару жүйесі де жойылды. Кәсіподақтық туризм өмірі де үзілді. Өзіндік туризм мемлекеттік саясат қарауынан шығып бар мен жоқтың арасында ілініп қалды. Мемлекеттік бюджеттен «туризм» бабы тіпті, жоғалып кетті. Жұрт табысының төмендеуімен бірге ішкі туризм күрт қысқарды. Оның материалдық базасы жоққа айнала бастады.Жағдайды қалай болса да түзеп, құрылымды сақтап қалу үшін 1992 жылы шілде айында 1 құрылтай конгресінде Халықаралық туристік-спорттық одақ құрылды. Оның құрушылары: Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан, Армения , Молдова, Литва, Мәскеу мен Санкт-Петербург туристік-спорттық ұйымдары болды. Бұрынғы КСРО-ның өзіндік және спорттық туризмінің көптеген жылдар бойы жинақталған жақсылықтары мен құндылықтарын сақтап қалу шешімі қабылданды. Осы мезеттен туризм тарихының жаңа кезеңі басталды. Қазіргі таңда туристік фирмалардың көпшілігі басқа елдерге бағытталған шығу туризмімен айналысады.

50. КСРО-дағы туристік индустрияда кадрлар даярлау ерекшелігі:Жергілкті туристік ұйымдарда штаттық басқару аппараттары құрылды. Оқыту мен біліктілікті арттыру және мамандар резервін дайындау мақсатында ПТЭҚ белсенділері үшін қысқа мерзімда орталық туристік курстар ашқан. Бірнеше жылда оқытудың осындай түріне 10 мың адамнан астамы өтті. Осымен бірге саяси ағарту ЖОО мен техникумдарда туризм мен экскурсиялар бөлімшелер мен цикалдарды ашу, бірқатар ЖОО-ның география мен этнография факультетерінде туризм бойынша факультативтік курстар енгізу мәселелері талқыланды. Орталық кеңес алдында Мәскеуде басқару мамандарынның біліктілігін арттыру мақсатында Орталық туристік курстарды, онда оқитындар санын жылына мың адамға жеткізіп, ашу; туристік қызметкерлер мен белсенділерді оқытатын оқытушылар мен инструкторлардың біліктілігін көтеру мақсатында жүйелі түрде зоналық семинарлар өткізу міндеттері қойылды. 1979 ж. 7 мамыр күні Туризм мен экскурсиялар бойынша Орталық кеңес Президиумы « Туристік қоғамдық кадрлар туралы» жаңа қаулысын бекітті. Инструкторлық атақтар: туризмнің бір түрінің кіші инструкторы, туризмнің бір немесе бірнеше түрінің инструкторы, аға инструктор, аға инструктор методист енгізілді.

51.1960-70 жж халықаралық туризмдегі туристік орталықтардың пайда болуы. 1960 жылдан кейін әлемдік туризм одан ары қарқынды дамыды. Бір жағынан, мұның себебі халықтың табыстарының өсуі, сонымен қатар, туристер алмасуы жөніндегі халықаралық келісімдерді жасау мен, әсіресе, паспорттық-визалық рәсімдердің жеңілдеуі арқылы жасанды саяси тосқауылдарды жою болды. Көптеген жағдайларда туристік ұсынысты қалыптастыру аясындағы үкіметтік және шаруашылық органдардың арнаулы іс-әрекеті де өз ықпалын тигізді.

Халықаралық туризмінің дамуымен бірге ұлттық туризм де қайта өркендеп, өте ауқымды көлемге жайылды.

1960-1970 жылдары туристік миграциялардың өсуіне туризмнің оқтын-оқтын ғана пайда болып жүрегн формаларының дамуы әсер еткені сөзсіз. Ең алдымен, қысқы туризмді (1960 жылдан бері шаңғы туризмімен шұғылданатын адамдар саны жылына орташа есеппен 15%-ға өскен), конгрестер мен съездерге (конгрестік туризм) және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге, спорттық жарыстарға, фестивальдарға іссапар жасауды атап айту керек. Туристік қозғалыс құрылымында әртүрлі тарихи нысандар мен кешендерге бағытталған өлкетанулық миграциялардың және апта соңындағы (уик-энд) демалыс сапарларының рөлі күннен-күнге өсті.

Туристік миграциялардың өсуіне байланысты жаңа аумақтарды жабдықтау қажеттілігі пайда болды, олар ұзақ уақыт өтпей туристердің шоғырлану аудандарына айналды. Мысал ретінде, Францияның Лангедок-Руссильон жағалауын, Испанияның Коста-Бравасын, Югославияның Адриатика жағалауын, социалистік елдердің Қара теңіз жағалауларын келтіруге болады. Таулы аймақтарда туристердің ең көп келуі альпілік елдердің қысқы спорт базаларында, Жартасты тауларда (АҚШ, социалистік елдерде – Кавказ бен Карпат тауларында байқалды.

Туристерді қабылдау аясында алдыңғы қатарда тұрған Еуропа елдерімен, АҚШ пен Канадамен бірге дамушы елдердің де маңызы жоғарылады, бұл Үшінші Әлемде шетелдік туризм басым болды.

52. Франция бойынша де Сен Мористың алғашќы жолкөрсеткіші.Туристіксаяхаттардың саны көбейсе де, бірқатар елдер, қалалар және ондағы көрікті жерлері туралы дұрыс өңделген ақпарат жетіспеген. Аз да болса, осындай басылымдарға Франция туралы 1672 жылы де Сен Морис баспадан шығарған алғашқы жолнамасын атауға болады. Бұл жолнамада, мысалы, Франция шекараларынан Парижге апаратын жолдар жөнінде, ел астанасы мен айналасы туралы қысқаша ақпарат берілген. Сонымен қатар, шығарылымда екі жол жүйесінің толық сипаттамасы ұсынылған: біріншісі Оңтүстік Францияны, екіншісі Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Францияны қамтыған.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...