Главная Обратная связь

Дисциплины:






Туризмнің негізгі даму кезеңдерін атаңыз. (Сапрунова бойынша). 5 страница



53.Ұлы Жібек жолының пайда болуы.Көне дәуір мен орта ғаырлардағы адамзаттың ұлы жетістігі Ұлы Жібе Жолы болып табылады.Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы)-Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шыңжаң,Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдар Ф.фон Рихтгофен бен А.Херман (XIX) ұсынған.Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған.Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,себебі Хан патшалығынаң Хан Уди патшасы Жаң Чанды батыс өңірге екі рет жіберіп,Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған.Жаң Чян қазіргі Ферғана,Самақан және Балқаш көлі сияқты жеолерге барған.Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған.Осыған орай саудагерлерде «Жібек Жолында» ат ізін суытпаған.Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;а елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және ьатыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан.Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңірі мен Орта Азины түсінуіне мүмкіндік берді.Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті.Осылайша,бұл жол гүлденіп,көркейе бастады.Шығыс пен Батыстың аралығындағы дәнекерге айналып,өркениеттерді өзара тоғыстырды.Осы жолды қорғай және дамыту мақсатында,Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып,әскер ұстды.Жібек жолы іс жүзінде өзгермеәтіе тұрақты жол емес,қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған,бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген: жол шығыста Чаң-аннан басталып,Тарым ойпатынан өтіп,Памир үстіртінен асып,Орталық Азияны,Батыс Азияны кесіп өтіп,Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады,жалпы ұзындығы 7000км асады.Ерте кездегі жібек Жолы Шыңжанның 3айрыққа бөлінген,Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы:Жемсары,Шле өңірін басып,Балқаш өңіріне барады,онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің Шығыс жағалауына жетеді.. XIXғ.басында,Испанияның елшісі Қытайдың 800түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып,Самарқанның жағдайы туралы: «Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты.... Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға,Батыс Азияға және еуропаға толассыз тасылды,сонымен.тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады»,-деп жазады. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек,жақұт,экономикалық дақылдары және хош иісті заттары,дәрі материалдары,сондай-ақ Отқа табыну діні,Будда діні,ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды.Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық,мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материалдық мәдениеттін байытты.Шығыс пен батыстағ халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы әдениетті қабылдап,бұрынғыданда салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сада жолы болып қана қалмастан,дүниежүз өркениетін тоғыстырып,адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.



54.Ежелгі Римдегі жолдардың жолдар құрылысы.Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз. Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.Қазіргі Еуропалық теміржол табаны-143см.рим арбаларының дөңгелектерінің арасы дәл осындай болған.Осы стандарт б/ша Ежелгі Рим жолдарында арнайы сораптар төселген.
Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.

Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.

Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған

55. Александр ІІ реформасының саяхат жасаудағы маңызыБұқаралық саяхаттар дәуіріРесейде жаңа қатынастарға жол ашқан 2 Александр реформалары толқынында басталды.1861ж кресьтян реформасына сәйкес,1964ж помещиктерге кресьтяндарға берген жерлері үшін керемет үлкен көлемде ақшаларын өтеп береді.Осындай ақшаға ие болған дворяндар Еуропаны көріп,өздерін де елге көрсетем деп шетелге ұмтылады.70-80ж туристер санына 19ғ «жаңа орыстары»;реформа дәуірінің кәсіпкерлері,инжинерлер,өнеркәсіп пен сауда кәсіпорындарының қызметкерлері қосылады.Саяхатшыларға қызмет көрсету үшін жаңа арнайы фирмалар қалыптасады.Алғашқы орыс туристік компаниясы «Иматраның» акционерлік қоғамы» болды. 2 Александр шешімі бойынша,1871ж 28 ақпанда Финляндия Сенаты бекіткен қоғамның жарғысы бойынша,қоғамның міндеті «жазғы айларда Выборг қаласы мен Иматра сарқырамасы арасындағы қатынастарды дұрыс және жайлы түрде ұстап отыру,осы жолда салынған ғимараттарда келушілерді күтіп,лайықты тамақтандыру»болған.

56.Пролетарлық туризм қоғамы (ПТҚ)1927 ж. Мәскеуде революцияға дейінгі шамамен 500 адамды біріктірген туристердің Ресейлік қоғамы (РОТ) өзінің қызметін жаңартты. Әлеуметтік құрамы бойынша қоғам негізінен интеллегенция мен бұрынғы бай қалалықтардан тұрды, тек бір адам ғана жұмысшылар қатарынан болды. РОТ-тағы МК ВЛКСМ-нің туризм бюросының кеңесі бойынша кезектен тыс конференцияның шақырылуына талап етілген 1500 жас туристер жіберілді. Бұл конференцияда ескі басқарудың қызметін қанағаттанарлықсыз деп мойындады және жаңасын таңдады. Оның құрамына Крыленко Н.В. (төрағасы), Антонов-Саратовский В., Бархаш Л., Никитин В. және басқалар кірді. Қоғамға пролетарлық туризмнің қоғамы (ОПТ) деген атау берді.

Осылай, 1928 ж. шілдесінде ОПТ ең алдыменен, еңбекшілердің қалау-тілектеріне қарай тәжірибелік туристік-экскурсиялық жұмысқа кірісті. Тек қызметінің бірінші жылы қоғам 300 мың адамға қызмет көрсетті. 1929 ж. ОПТ қаулысы бекітілді. Басқа ведомствалық туризмнің ұйымдарымен салыстырғанда ОПТ еңбекшілер арасында белгілілігі және жұмысының көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Ол елде туристік-экскурсиялық жұмыстың 90%-ін орындады. ПТҚ іс-әрекеті тек ересектерді ғана қамтыған жоқ.1929ж.бастап қоғамның жанында туристік-экскурсиялық балалар станциялары ашылды.Пролетарлық туризм қоғамының бөлімшелері Украина,Беларусь,Азірбайжан мен басқа республикаларда дамып,туризм географиясын бүкіл Кеңес Одағына таратты.

57. Қазақстандағы туризмнің дамуы .КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде дами бастады.Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу «жер дүниесін айналып өтетін» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің білімін арттыру, әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы. Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов болатын. 1925 жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. 1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды. 1955 жылы Алматыда «Интурист» Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25 шетелдік турист келді, келесі жылы олардың саны 157-ге, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды. Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына бастайды: Баян аул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында, Қарқаралы – Қарағанды облысының тау-орман көгалды алқабында, Алтай – қойнау – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор – Көкшетаудың тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық - Көлінің жағалауында.Туризмнің дамуына серпінді күш берген «Елдегі туризм мен экскурсиялардың ары қарай дамуы жөніндегі шаралар туралы» қаулы болды (1969 ж). Қазақстанда туризм және экскурсиялар бойынша облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхат және экскурсия бюролары ашыла бастады. Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы облыста «Алматы» турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты.

58.Пролетарлық туризм мен экскурсиялық қоғамның (ОПТЕ) Қазақстандағы бастауыш ұйымы.1931 ж. қаңтар айында В.М.Зимин Алматы –Ұзынағаш-Қордай асуы маршруты б/ша алғашқы қысқы шаңғы жорығын ұйымдастырды. Дәл осы жылы республика астанасында Жетісу губерниялық мұражай жанында пролетарлық туризм мен экскурсиялардың Бүкілодақтық ерікті қоғамының (ПТЭҚ) алғашқы бастауыш ұйымы құрылды. Оның құрамына 10 адам кірді. Г.И.Белоглазов, В.Д.Городецкий, Н.Н.Дублицкий және т.б.-дың ықпалымен ПТЭҚ-ның Қазақстандық өлкелік кеңесі ұйымдастырылды.Оның мүшелері Ф.Л.Савин, А.П.Берггрин, Н.Н.Дублицкий, А.Н.Ионов, В.Д.Городецкий болды. ПТЭҚ құрамына Ресей географиялық қоғамының бөлімшесі де кірді. Қоғам мүшелері бір күндік жаяу және салт атты жорықтарды ұйымдастырған. Өз меншіктеріндегі 7 атты жалға берген, тау көріністері бейнеленген ашық хаттарды сатқан.Туризм белсенділері Алматы маңындағы Күйгенсай шатқалында туристерге арналған лашық салынған. Ол 1936 жылы 50 түнеу орынды «Горельник» туристік базасына айналды.1936ж.8 қыркүйек күні ПТЭҚ жұмысы тоқтатылды, оның орнына кәсіподақтар жанында Қазақстандық туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭБ,орысшасы - ТЭУ) ұйымдастырылды. 1938ж. алғашқы бұхаралық туристік шара жолға қойылды:200 қатысушы Көкжайлауда жиналды.

59. Қазақстанда ашылған турбазалар.Қазақстанда ең алғашқы болып 1936ж. «Горельник» туристік базасы ашылады. 1959ж. Алматыда қалалық туристік база ашылды. 1961ж.бастап Қарағанды облысындағы «Қарқаралы» турбазасы туристерді қабылдауда. Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына бастайды: Баянаул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында, Қарқаралы – Қарағанды облысының тау-орман көгалды алқабында, Алтай – қойнау – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор – Көкшетаудың тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық - Көлінің жағалауында. 1962ж.Бұқтырма «теңізінің» шығанағында Зырянов қорғасын комбинаты екі балықшылар үйін салды. 1963ж.олар «Алтайская Бухта» турбазасына айналды. 1963ж.Ыстық көл жағалауындағы Бозтери кентінің жанындағы туристердің шатыр лагері кейін «Қазақстан» турбазасына айналды. Республикамыздың басқада көрікті жерлерінде: Орал қаласының маңында Жайықтың жағасында «Уральская», Қостанай маңындағы «Лесная», Көкшетаудағы «Золотой бор» және т.б. турбазалар салынды. Қандай турбазаны алсақта, өзінің қайталанбас қасиеттері бар: «Золотой бор» қарағай ормандары ішінде, «Южная»-Альпілік жайылымдар мен баубақшалар арасында, «Уральская» үлкен дария жағасында орналасқан, «Қарқаралы» турбазасы өзінің тау оазисіндіге велосипед маршруттарымен әйгілі, «Алтайская бухта» турбазасынан Алтай тайгасына,Марқакөл мен Рахман бұлақтарына апаратын маршруттар басталады. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, тағы кейбір басқа облыстарда жаңа базалар мен қонақүйлер, сонымен қатар Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында «Қазақстан» турбазасы салынды. 1973-1975ж.ж барлық облыстарда туриз мен экскурсиялар б/ша кеңестерін құру,ірі қалаларда экскурсиялық ұйымдарды қалыптастыру, Алматыда «Алатау» мен «Медеу» қонақүйлерін салу және іске енгізу, Ақтөбе, Өскемен, Жамбыл,Қарағанды, Қостанай мен Орал қалаларында қонақүйлерді «Алматау» турбазасында клуб-асхана салу жоспарланды. 1973ж. апатты сел «Горельник» турбазасын жойып кеткенін айтпасқа болмайды. 1959ж.қала ішінде орналасқан «Алма-Атинская» турбазасы ашылды. 1972ж.Алматының маңайында Талғар ауд. Горныйсадовод ауылынан жоғары орналасқан «Алматау» турбазасы іске қосылды. 1970ж.бастап туристік ұйымдарға қызмет көрсететін Алматы автобазасы қызмет көрсетті.

60.БОКОК (ВЦСПС) 1962ж «Туризмнің одан әрі дамуы туралы» және 1969ж «Елдегі туризм мен экскурсиялардың одан әрі дамуына арналған шаралары туралы» қаулысының Қазақстан туризміндегі өзгерістері.1962 ж. 20 маусымда БОКОК-тің «Туризмнің одан әрі дамуы туралы» қаулысы шықты. Онда туристік жорықтар мен саяхаттарға 10миллион адам қатысады деп айтылған. Туризмді одан әрі дамыту және басқару мақсатында, КСРО спорттық қоғамдар мен ұйымдар одағының орталық кеңесі туризм федерациялары мен секцияларын жою шешімін қабылдағанын ескере тұра, БОКОК Президиумы Орталық, республикалық және облыстық туристік-экскурсиялық басқармаларын Орталық, республикалық, өлкелік және облыстық туризм б/ша кеңестеріне ауыстыру шешімін қабылдады. Осыған орай, облыстық ТЭБ туризм мен экскурсиялар б/ша кеңестерге айналды. Облыстық кеңес қарамағында Алматы қалалық туристер клубы жұмыс істей бастады. Оның 1-ші төрағасы Н.Лапшин болды. Клубты: 1963-1964 ж.– Ю.Накатков, 1964-1967 ж. – Г.Гурьенков, 1968-1969ж.- А.Иванов, 1969-1971ж.-А.Чукреев, 1971-1977ж.- Т.Попова, 1977-1978ж.-В.Гутмахер, 1978-1979ж. – А.Көпжанов, 1987-1988ж. – О.Симанович, 1988-1990ж. – С.Бабрашинова, 1990-1995ж.-А.Ким басқарды.

1965ж.Шығыс Қазақстан,Қарағанды,Орал,(қазіргі Батыс Қазақстан) және Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облыстық туризм б/ша кеңестері және осы облыстардағы экскурсиялық бюролар ұйымдастырылды. Турист клубтары да ашыла бастаған. 1962ж. мамыр айында Кіші Алматы шатқалындағы «Просвещенец» демалыс үйінің маңайында бірнеше жүз оқушылар қатысқан Алматы мектептерінің жасөспірім туристері мен өлкетанушылардың үлкен жиыны өткізілді.

Туризмнің дамуына «Елдегі туризм мен экскурсиялардың одан әрі дамуына арналған шаралары туралы» қаулысы (1969) зор ықпал жасады. Қазақстанда туризм мен экскурсиялар б/ша жаңа облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхаттар мен экскурсия бюролары ашыла бастады. Республикамызда туризмнің материалдық базасын: мейрамханалары, кинотеатрлары, басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтері бар жаңа туристік базалар мен қонақүйлердің құрылысын жеңілдетуге ерекше көңіл аударылды. Туристік құрал-жабдықтарды жалдау пункттері, моторлық-қайықтық станциялар,мамандандырылған автобазалар ашылды.

Республиканың облыстық орталықтарында еліміздің елді мекендерінен, достас республикалардан, шетелден келген туристерді қабылдауға дайын туристік кешендер жұмыс істеді. Ддемалыс күндік маршруттарға еңбекшілер мен олардың жанұялары белсенді қатысты, қажет болса, оларға «Денсаулық пойыздары» қызмет етті.

61.Томас Куктың ісі.Туристтік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, «туристтік индустрияның» маңызды тірегіне айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер – Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады.Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды. Томас Кук Египетке, Палестинаға, ақшқа тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен компаниондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания – барлық континенттегі туристік іс - әрекетпен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Қазір «Томас Кук » компаниясының 12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке қызмет көрсетеді.Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады.

62.Бұрынғы КСРО-дағы туризм дамуының бес кезеңіне сипаттама беріңіз. Бұрынғы КСРО-да туризмнің дамуы Ресей мен бұрыңғы КСРО-дағы туризмнің даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және кемелдену процестерінің сатысы.Бұрынғы КСРО-да туризмнің дамуы негізінен 5 кезеңді қамтиды:Ағартушылық (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)Кәсіпкерлік кезең (1890 – 1927 жж.)Ұйымдастырушылық орталықтанған кезең (1927 – 1969 жж. соңына дейін)Әкімшілік – нормативті кезең (1969 – 1990 жж.)Өтпелі кезең (1990 жылдан бері) Ағартушылық-бұл кезеңде саны көп емес экскурсиялар, жорықтар, саяхаттар ең алдымен білім беру мен әр түрді аймақтар мен туған өлке туралы ғылыми-географиядық, өлкетанулық ақпаратты жинау мақсатында өткізілген. , ағартушылық кезеңдегі туризм келесі бағыттарда дамыған:Қажылық саяхаттар; Емдік және сауықтыру мақсатындағы сапарлар;Танымдық сипаттағы жеке саяхаттар;Экскурсия сипатындағы саяхаттар;Туризм дамуының басты бағыты – танымдық-рекреациялық сипат алуы. Кәсіпкерлік-Ресейде капитализмнің дамуымен бірге басталды. Бұл кезде туристік мнфрақұрылымның шапшаң дамуымен бірге туристік нарық қалыптаса бастады. Оның екі сегменті-ел дегдарларының туризм мен интелегенцияның экскурсиялық және рекреациялық туризмі мен анық байқалады. Көптеген туристік фирма, бюро, компания, клуб , қоғам пайда болды. Ұйымдастырушылық орталықтанған –бұл кезеңнің басты ерекшелігі идеологиялық функциялардың шаруашылық функциялардан басым болып келуі.Туризмнің әлеуметтендіру, саясилану мен иделогиялануымен бірге осыған ұқсас үрдістер денсаулық сақтауда, мектеп білімін беруде, ғылым мен қоғам өмірінің басқа да аяларында белес алған. Әкімшілік – нормативті-әлеуметтік туризмнің қарқынды дамуымен бірге батыс елдердегі туризм ндустриясының қызмет көрсету стандарттарынан артта қалуы одан сайын айқын болумен сипатталады.Осы кезеңнің оң нәтижелеріне ғылымнығ туризм мәселелеріне көңіл бөлуін, рекреациялық жобалау жүйесінің қалыптасуын. Жаңа мамандық біліктік құрылымен туризм аясының мамандарын даярлау жүйесінің қалыптасуын жатқызуға болады. Өтпелі кезең-экономикалық реформалар жағдайында туристік шаруашылықтың жаңа тенденциялары :рекреациялық қажеттіліктер құрылымының өзгеруі мен туристік нарық сегментациясының басталуы;монополиялық туристік шаруашылықтың көпсалалы шаруашылыққы айналуы; шағын және орташа туристік кәсіпорынлардың қарқынды дамуы; табиғи ресурстар мен мәдени мұраны экономикалық қатынастар негізінде қолдануға көшу; туристік шаруашылық функцияларын әкімшілік тарапынан реттеуде туристік нарықты жаңа заңнамалық негізінде экономикалық ынталандыруға көшу белең алды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...