Главная Обратная связь

Дисциплины:






Петр І мен Екатерина ІІ Ресейдегі саяхаттардың дамуына қандай ықпал жасады және оның себебін айтып беріңіз



Петр І 1718 жылғы 12 ақпан айындағы жарлығы бойынша Ресейдегі өлкетанудың негізі қаланды. Бұл жарлықта барлық табылған заттар мен жаңадан ашылған жерлер туралы хабар беріп отыру керектігі айтылған. Көп ұзамай Петербургте алғаш өлкетану мұражайы –Кунсткамера ашылды. І Петрдің өзіде саяхат жасауды ұнатушы болған. 1696 – 1697 жылдары І Петр Еуропаға өзінің алғаш саяхатын жасаған. 1716 – 1717 жылдары І Петр Голландия, Германия және Францияға екі жылдық сапарын шекті. Патшалық Ресейде емдеу мекемелерінің алғаш даму кезеңі ХVIII ғ. келеді. Оның құрылысын 1713 жылы І Петр бастаған. Көне орыс курорттарына Кавказдың минералды сулар курорттары (Пятигорск, Кисловодск, Есентуки, Железноводск,т.б.) жатады. Бұларға 1803 жылы жалпы Ресейлік атақ берілген. Ресейде саяхатқұмарлардың ең алғашқы қолдаушысы ІІ Екатарина болған.1765 жылы Екатарина дворяндарды міндетті қызметтен босататын «Жалобная грамота дворянству» деген жарғы шығарды. Осының нәтижесінде алыс сапарға шығу үшін жеткілкті бос уақыт пен қаржысы бар алғашқы адамдар пайда болды. ІІ Екатерина 1775 жылы Ресейге танымдық саяхаттардың дәуірін ашты. Князъ Григорий Потемкиннің ұсынысымен ІІ Екатерина уәзірлерімен шетелдік елшілермен империяның бүкіл батыс бөлігін кесіп өтіп, Днепр өзені бойымен жүзіп, салынып жатқан Херсон және Севостополь қалаларын көріп шықты. ХVІІІ ғасырдың өзінде – ақ шетелге саяхаттарды ұйымдастыруға алғашқы қадамдар жасала бастады.

65.Ресейдегі қандай алғашқы жолнамаларды атаңызПетербургтың алғашқы елу жылдық тарихы мен тұмысының бар қырларын толық ж/е дәл түрде суреттеген шығарма Андрей Богданов пен Василий Рубанның кітабы болды. Шығармасы 27 жыл мұрағатта жатқан негізгі автор Андрей Богданов өз еңбегін көре алмай кетті. Андрей Богданов жолнамасында Петербург салынған жердің тарихы жөніндегі мәліметтер жинақталған. Атағы кең жайылған тағы бір жолнама « Описание российско-императорского столичного города Санкт-Перебуа и дстопамятнностей в окрестностей оного с планом» . Оны Ғылым академиясының химиялық зертханасының меңгерушісі Иоганн Готлиб неміс тілінде жазған. Орыс тіліне П.Х.Безак аударған.Георги үлгі реінде Хрисфор-Фридрих Николаидің «Берлиің суеемесі» кіабын қолдады Геои жламасыың құылымы сы кіапқа ұқсас блып келедіыс іліде кіап Сак-Пеебуе 1794ж шықы Суеемеме біе қалаың жспаы да көсеіле Мәскеудіңалғашқы жолнамасы 1782 жылы Петербуогте сол дәуірге лайық өте ұзақ атауымен шықы.18 ғ жолнамаларының бір ортақ ерекшелігі –оладың балығы астаналар туралы мәліметтеді бүкіл Ресей мемлекетіне таратып,Ресей азаматтары мен шетел қонақтарының қызығуына ықпал ететін «әуес қылушыларға» арналған.



66.1871 жылы орнатылған саяхаттарды ұйымдастырған алғашқы орыс компаниясын атап беріңіз.Саяхатшыларға қызмет көрсету үшін жаңа арнайы фирмалар қалыптасады. Алғашқы орыс туристік компаниясы «Иматраның акциолнерлік қоғамы» болды. 2 Александр шешімі бойыша 1871ж. 28акпанда Финлядия Сенаты бекіткен қоғамның жағысы бойынша, қоғамның міндеті «жазғы айлада Выбр қаласы мен Иматра сарқыамасы арасыдағы қатынасады дұрыс ж/е жайлы турде ұстап осы жолда салыған ғимараттарда келушіледі күіп лайықы тамақадыу» болған.

67.Леопольд Липсонның әлемнің барлық елдеріне саяхат ұйымдастыратын Ресейдегі алғашқы кәсіпорыны туралы айтып беріңіз. Алғашқы туристік және экскурсиялық ұйымдардың пайда болу кезеңінде Ресейдегі алғашқы туристік фирма Л.Липсонның кәсіпорны ашылды. Фирма туристерді саяхат кезінде барлық қызықты жерлермен таныстыру уәдесін берді. 1885ж.сәуірде Санкт-Петербург Цензура комитеті «В.Кенне мен компания» атты артистік шұғыл баспалық мекемеге «Л.Липсонның дүниенің барлық елдеріне қоғамдық саяхаттар жасауға арналған Ресейдегі алғашқы кәсіпорын» кітапшасын баспадан шығаруға рұқсат берді.

Бұл басылымның қызықтылығы неде? Біріншіден, туристік фирманың ұйымдастырылған жылын анықтауға болады. Екіншіден, мұнда саяхат ұйымдастырушысы өзіне алған міндеттері және осындай сапарға қатысатын туристерге көрсетілетін қызметтер тізімі берілген. Автор өзінің шетелде болған ауқымды тәжірибесі туралы баяндайды. Ол Италия, Франция, Испания, сондай-ақ Шығыс елдерін аралап шыққан. Дәл сол кезде автор таныстықтар мен байланыстар жасайды. Осыған орай, «Ел және оның халқымен ұзақ таныс болғандықтан менің кеңсем мәртебелі мырзалар мен ханымдарға ойдағыдай бағаға саяхат пен қалаулы жайлы қонақ үйлерде орналастыру мен күту ұсынады және шетелдіктерді ертіп жүретін және маза бермейтін мақтаншақтарға емес өз тәжірибемізге сүйеніп ең көрікті жерлерді сіздерді көрсете аламыз».

68.В.И.Ленин қол қойған декреттерінің кеңесодақтық туризм дамуында ойнаған рөлі туралы айтып беріңіз.1919 жылғы наурыз айында В:И: Ленин суықтыру туризмі мен шипалы суларға экскурсияларды ұйымдастыру ісіне септігін тигізген «Жалпы мемлекеттік маңызды сауықтыру жерлер туралы» декретке қол қойды. 1920 жылы Халық ағарту комисариатының жанынан пролетралық туризм мен экскурсияларды насихаттау мақсатында Бірікен дәрістік экскурсиялық бюро-қазіргк туристік экскурсиялық мекемелердің болашақ үлгісі құрылды.1920 жылдан бастап экскурсиялар мен туристік шығуларды кейбір ведомствалар мен мен мекемелер өткізе бастады. Жұмысшылар мен қызметкелер үшін оларды кәсіподақтар ұйымдастырған,оқушылар мен әскери қызметкерлерді Халық ағарту комисариаты мен Ресей жастарының комунистік одағы сапарға шығарған Қоғамдық мамандарды даярдау мәселесін шешу үшін жаңа құрылған экскурсиялық станциялар штаттан тыс белсенділерді-топтық экскурсия жүргізушілер мен туризм ұйымдастырушыларын даярлай бастады.

69.Наркомпрос (Ағарту халық комиссариаты) пен Н.К.Крупскаяның туризм мен экскурсияларды ұйымдастырудағы рөлі жөнінде әңгімелеп беріңіз.Бірмезетте туризм мен экскурсиялардың жаңа ұйымдастырушылық формасын іздестіру басталды. Кейбір мекемелерде қала сыртына туристік жорықтар мен экскурсияларды өткізу міндеті болып табылатын бөлімшелер де құрылды.

Бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып 1917 ж. қараша айында ағарту халық комиссариатының мектептен тыс бөлімі (Наркомпрос) жүргізді. Оны Н.К. Крупская басқарды. Бұндай бөлімшелер Наркомпростың губерндік желісінде ұйымдастырылды. 1918 ж. ел бойынша экскурсиялық станциялар құрылады, Наркомпростың тәжірибелік-көрсетімді экскурсиялық базасы құрылады.

1919 ж. наурыз айында В.И. Ленин емдік туризмнің дамуына және емдік көздерге экскурсияларды ұйымдастыруға қолғабыс еткен «жалпы мемлекеттік маңыздағы емдік жерлер туралы» декретке қол қойды.

1920 ж. Наркомпроста Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюро - қазіргі кездегі туристік-экскурсиялық мекемелердің үлгісі құрылады. Оның мақсаты – пролетарлық туризм мен экскурсияларды кең түрде насихаттау еді.

1920 ж. бастап экскурсияларды бірнеше ведомствалар мен мекемелер өткізе бастады. Жұмысшылар мен қызметкерлер үшін олардың ұйымдастырушылары кәсіподақтар болды. Оқушылар мен әскери қызметкерлер саяхатқа Наркомпрос пен РКСМмен бағытталып отырған.

Бұл жұмысты негізінен штаттан тыс негіздегі энтузиастар жүргізді. Олар туристік бағдарламалар мен маршруттар әзірледі. Халықтың туризм мен экскурсияға қызығушылығының өсуімен оларды мәдени жұмыстарда қолдану қажеттілігі айқын бола түсті.

70.Мәскеу мен Ленинградта туристік-экскурсиялық іс-әрекетпен айналысқан мекемелер мен ұйымдарды атап шығыңыз.1899 жылдан бастап Мәскеу педагогикалық қоғамының жанында гимназиялар мен коммерциялық және реальдық училишелер мен мектеп оқушылары үшін жалпы білімдік экскурсияларды ұйымдастыру комиссиясы жұмыс істеген.1901 жылы Мәскеуде Орыс тау қоғамы құрылды. Владикавказда, Пятигорскіде, Сочиде қоғамның бөлімшелері жұмыс істеді. Қоғам өз алдыда таудағы әсіресе Кавказдың саяхаттардың дамуына қолдау жасау мақсатын қойған.Қоғам ұсынысы бойынша бірнеше тау лашығы мен қонақүйлер, Красная Поляна маңындағы Ачишиха мен Анчхо тауларында тау саяхаттарының әуеқойлары үшін баспаналар тұрғызған. Алғашқы тау баспанасы 1903 Қазбек беткейінде салынды. Орыс тау қоғамының кавказ бөлімшесінің мүшелері тауға, асуларға жорық жасаған. 1927 жылы Мәскеуде төңкеріске дейін 500 мүшесі бар Орыс туристер қоғамы өз іс-әрекетін қайта жалғастырған.Әлеуметтік құрылымы бойынша қоғам мүшелері толығымен дерлік интеллегенция мен бұрынғы бай азаматтардан тұрған, тек арасында біреуі ғана жұмысшы болған. Мәскеу мен кейбір басқа қалаларда қоғам мүшелеріне шағын жеңілдіктер жасайтын «Турист» дүкендері ашылды.

71.Пролетарлық туризм мен экскурсиялар қоғамы (ОПТЭ) жұмысы жөнінде айтып беріңіз:Халық комиссарларының кеңесінің қаулысына сәйкес, Совтур мен ПТҚ бір ұйымға –Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық ерікті қоғамына біріктірілді. Оны бұрынғы ПТҚ төрағасы Н.В. Крыленк басқарды.Құрылған жылы ПТЭҚ 300 мың адам үшін саяхат ұйымдастырса ,келесі жылдың өзінде бұл көрсеткішті 3 миллионға жеткізді. Туристердің кәсіби құрамы да өзгерді: 1930 жылдың соңына қарай жұмысшылар саны 49% болса ,келесі жылы 52% –ға жетті , қызметкерлер 19 %–ға ,оқушылар 23%-ға ,колхозшылар мен шаруалар 6%-ға жетті. ПТЭҚ бірнеше бағытта қаржы қорын жинақтау жұмысын жүргізді. Қордың негізгі көзі-ұжымдық және жекелік мүшелердің жаранларына түскен. Қолға түскен қаржы туризмнің материалдық-техникалықбазасын дамытуға жұмсалды. Туристік лагерлер,кемпингтер,базалар, баспаналар, тау лашықтары, шатыр лагерлер, туристік материалдық өндіріс кәсіпорындары салынды және әртүрлі ұйымдардан жалға алынды. Екінші бесжылдық басталғанда ПТЭҚ жүйесіндк өз меншігіндегі және жалға алыгған 300 база, фабрика, жөндеу шеберханалары мен туристік құрал-жабдықтар дүкендері болғанЕкінші бесжылдық басталысымен ПТЭҚ жылына бір жарым миллион еңбекшіге туристік қызмет көрсеткен. Осы жетістік себептерінің бірі халыққа қызмет көрсету бағасының төмендеуі болған. Туристік топтар үшін теміржолмен жүруге, туристік базаларда ПТЭҚ мүшелеріне жеңілдіктер жасалған.

72.Әліби Жангелдин саяхаты туралы әңгімелеп беріңіз:1910-1912 жылдары Әліби Жангелдин жаяу «Жерді айналып шығу» саяхатын жасағанын көпшілік жұрт біле бермейді. Осы саяхаттың мақсаты өз еркімен білім алу, басқа елдерді ,онда тұрған халықтарының өмірі мен салттарын білу тұғын. 1910 ж, 9 маусымдаөзінің 3 серіктерімен бірге Мәскеуден жолға шығыпты. Осы жылдың тамыз айында Петербург,Псков, Варшава мен бүкіл Польшадан өтіп, Жангелдин Австро-Венгрияның шекарасына жетті.Варшавада серіктері одан бөлініп кетті, бірақ жаңа жолдас табылды да, Жангелдин Львов үстімен Венаға бағытталды. Венаға жетпей , оның соңғы серігі кетіп қалады да, бұдан әрі Әліби саяхатын жалғыз өзі жалғастырады. Оның осыдан жүрген жолы мынадай: Вена-София, Белгаград, Мұстафа-Паша, Андрианополь, Киркенс, Константинополь, одан кейін Кіші Азиядан өтіп,Палестина, Египет, Судан, Абиссиния-барлығы, теңіз бен теміржолды есептемегенде 12 мың шақырым. Қайтарда-Арабия түбегі,Мадагаскар, Месопатамия,Персия, Үндістан, Цейлон, Малай архипелагы, Зонд аралдары, Үндіқытай, Қытайдың оңтүстігі,Формоза аралы,Жапония, Сібір ,Еуропалық Ресей болды.

73.Республикалық алпинистер клубының жұмысы туралы айтып беріңіз: 1936 жылы «Горельник» лагерінің жанында республикалық альпинистер клубы құрыды. Альпинизмнің белсенді ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары Г.Белоглазов, В.Зимин, Е. Колокольников. П.Попков, М. Погребецкий, О. Үсенов және т.б. болған.1935 жылдан бастап альпинистер көпшілік шыңға шығу ,ал 1954 жыладн бастап клуб біріншілігін өткізген.1960 жылдан бастап клубальпинизм бойынша Қазақстан чемпионаттарында қатысқан. Жартастарға өрмелеу спорты 1948 жылдан бастап дамыған, ал 1952 жылдан бастап Орта Азия республикалары мен Краснаярск өлкесінің командаларымен дәстүрлі жолдастық жарыстар өткізілген.Сонымен қатар клуб ғылыми-тәжірибелік маңызы бар экспедицияларын да ұйымдастырған. 20-30 жылдарда Алматы альпинистері Иянь-Шаньның онша белгілі емес шыңдарына шығып, ауданның географиялық карталарын түзеткен,1935 жылы В,Зимин Талғар шыңына ,1936 жылы Е.Колокольников Хан Тәңіріне шықты.Уақыт өте бере клуб түлектері КСРО-ның еің биік жеті мыңдық : Ленин,Коммунизм,Жеңіс шыңдарын бағындырды.Қазақстан құрама командасы әлемде алғаш рет8 мың метрден асқан 14 шыңды бағындырды Қазақстандық Денис Урубко ТМД елдерінде 14 «сегізмыңдықтарға» шыққан жалғыз альпинист.

74. 1990-шы жылдарындағы Қазақстан туризміне сипаттама беріңіз:1990 жылдары қазақстандағы туризм коммерциялық бағытта дами бастады. Алматы, кейін басқа қалаларда көбінесе туристерді шетелге жіберетін туристік фирмалар пайда болды. Туристік фирмаларды бұрын туризммен айналыспаған кең қалталы азаматтар басқарғандықтан, олар туристерді лайықты сапаны қабылдап қала алмады..Туризмнің қиын жағдайының бірі республикамызда кәсіби дайындығы бар мамандардың жетіспеуі еді. Оларды дайындайтын қазақстанда бір де бір мамандандырылған оқу орны болмады. Туристік базалардың, туристік клубтардың жабылуына және туристердің белсенді түрлерінң жойылуына байланысты, тіпті, қоғамдық туристік мамандарды даярлау үрдісінің өзі тоқтатылды. Негізінен адамдар демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Кеңес өкіметі кезеңінде жеңілдік жағдайында туристік жолдамаларды бөлу жүйесі жемқорлықтанған болғанын атап өткен жөн. Туристік жолдамаларға қолдары жететін шенеуніктердің оларды қолдануға мүмкіндіктері болды. Барлық халықтың әлеуметтік теңдігін насихаттау шындыққа қайшы келді. Қазақстанның тәуелсіздікке өтуі қызметтің барлық сфераларында реформалық өзгерістерге ұшырады, оның ішінде туризмде. Қазақстанда нарықтық экономикаға өтумен туристік саладағы экономикалық аспектілер әлеуметтік аспектілерді асып кетті. Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды. Жағымды жағдайларды құрған кезде Қазақстанда туристік сала экономикалық тұрақтылық пен республикалық экономиканың дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Жүргізіліп отырған реформалар мен өзгерітер жағдайында әдістемелік жоспарда туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше маңыздылық алады. Осы мақсатпен туристік бизнестің дамуының, динамикада жекелеген сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті және жағдайлық талдауын жүргізу маңызды

75.1993 жылы әзірленген Қ.Р. туризмді дамыту бойынша ұлттық бағдарламаның мақсаты:Қ.Р. туризмді дамыту бойынша ұлттық бағдарламаның мақсаттары: халықаралық туритік нарықтағы тенденцияларды талдау ; Республикамыздың туристік рекреациялық ресурстарынының бағалануы; Қазақстанда күрілген туристік ағымның болжамы ; Туристерді оранластыру орындарының қажеттілігі мен жаңа құрылыстардың қажетті көлемі; туризмді дамытудың ең лайықты аудандары ; құрылысы жоспарланған нысандардың тізімі ; құрылыстың бірінші кезегіне жоспарланған қаржыландыру көлемі ; бағдарламалық шаралар мен орындаушылар анықталған. 2001 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту кон-цепциясы» деген №333 қаулысы қабылданды, бүл қаулыны дай-ындауга Қазақтың спорт және туризм академиясының маман-дары да атсалысты. Бүл концепцияның мән-маңызы мынада.

Әлемдік туристік үйымның үсыныстары жинақталған тәжірибелерді талдаудың негізінде қазақстандық туристік ӛнімнің 2 базалық компонентін, яғни ¥лы жібек жолына мәде-ни туризм (қажылық және дәстүрлі) және сонымен тікелей байланысты экохикаялы туризм (сафари, рафтинг, орнитоло-гиялық, треккинг, альпинизм, аң және балық аулау). Бүл жерде экохикаялы туризм ресурстары бар Жібек жолы ӛтетін ӛңірлерді айқындап алуымыз керек. Олар: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары. «Концепция» Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаттарын тӛмендегідей сипатта айқындайды:

а) тиімділігі жоғары туризм индустриясын жасай отырып, туризмді экономиканьщ кірісті саласына айналдырып, халы-

қаралық туристік рынок ӛнімдерімен бәсекелестікке түсе

алатын, сапалы қызметтерді жасауға және шығаруға қабі-

летті іске айналдыру керек;

ә) республиканың туристік потенциалын арттыру;

б) мәдени-тарихи және табиғи-рекреациялық ресурстарды сак-тау және тиімді пайдалану;

в) халықтың барлық топтары туристік ресурстарға қол жеткізе алатындығын қамтамасыз етіп, туристік қызметтегі қызмет-тердің барынша қанағаттанарлық болуы;

г) Халықтың жүмыс істеуге деген ынтасын арттыру; туризм аясындағы мемлекеттік және жеке меншік қүрылымдардың ӛзара әрекетінің тиімділігін кӛтеру;

д) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

 

76.1991 жылы құрылған туризмді басқару мемлекеттік органының міндеттері мен маңызы туралы айтып беріңіз:1990-1991 жылдары КСРО Геодезия мен картография бойынша бас басқарманың қазақ агрогеодезиялықкәсіпорны солтүстік тянь шаньмен жоңғария бойынша бірнеше маршуруттық туристік карталарды басып шығарды. Бұған тәжірибелі туристер Артемев пен Вуколов көмек берді.Осы кезеңде Қазақстандағы барлық туристік республикалық , шығыс қазақстандық және шымкенттік бақылау құтқару қызметтері жойылды. Апат жағдайына қшыраған туристер енді жәрдемсіз қалды. 1991 жылға дейін бүкіл КСРО республикаларындағыдай Қазақстанда да әлеуметтік туризм қарқындап дамыды. Ол кез-дегі әлеуметгік туризмді бүкіл әлемдегідей мемлекет ғана емес, кәсіподақ та қаржыландырды, сондықтан да турбазаға 20 күндік жолдаманың бағасы орташа айлықтың мӛлшерінен асқан жоқ. Кәсіподақтар сонымен қатар туризм жӛніндегі облыстық, рес-пуоликалық кеңестер арқылы мыңдаған адам шүғылданған спортгық туризмнің дамуьш қаржыландырды. Қазақстандықтардың туризмнің спорттық және басқа да белсенді түрлерінен елеулі жетістіктерге жетуінің тӛркіні де осында жатыр.Қазіргі кезеңде Қазақстандағы әлеуметгік туризмнің орнын эномикалық туризм басты, сондықтан да туризмнің бұл түрін жоғары дамыған индустрияға және үлттық экономиканың басым бөлігіне айналдыруымыз қажет.Сонымен қатар біз өз еліміздегі, шет елдердегі туризмнің дамуын білу арқылы, оның адамзат тарихындағы ӛзекті мәселелерін білу арқылы қазіргі туризмді дамытудың тиімді жолын аламыз.

77. 90-шы жылдарда Қазақстандағы кіру және шығу туризміне әсер еткен факторлар: Қазақстанның туристік шығу нарығындағы жағдайға әсер ететін факторлар : кейінге қалдырылған сұраныстың үлкен көлемі. Шетелге шығудың шектелмеуі, шығу құжаттарының рәсімделуінің жеңілденуі нәтижесінде шетелге бару тек қана адамның қаражатына байланыста болды ; шетелдік сапар жасауға қаражаты жеткілікті адамдардың саны өсті .Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша қазақстандықтардың 10 % -н табысы жоғары тобына жатқызуға болады.;халықтың тұтыну құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер үлесінің өсуі . Экономистердің тұжырымы бойынша 19 атаудан тұратын минималды азық-түлік жинағына алынған айлық табыстың 90%құраса ,1996 жылдың соңында 26% болды; жергілікті курорттарға жолдамалар бағасының көлік тарифінің өсуіне және ТМД елдеріндегі көлік қозғалысының реттелмеуіне бұрын демелыстың таңдаулы болып есептелген аудандарға қауіпті жағдайға байланысты азаматтар ішкі туристік нарықтың орнына сырқы нарықты таңдайтын болды; шетелдік сапарларды материалдық тұрмыстық мәселелерді шешу үшін пайдалану. Көптеген қазақстандықтар үшін шопинг шетел сапарларының басты мақсаты болып табылады; іс байланыстары мен ынтымақтастықтың кеңеюі. Келу туризміне әсер ететін факторлар:қажетті инфрақұрылымның нашар дамуы (қызмет көрсету сапасының халықаралық нормаларына сәйкес келмеуі) және материалдық техникалық базаның нашар күйі;экономикалық және саяси тұрақсыздық; әлеуметтік қайшылықтардың өсуі; қылмыс қаупі.

78.Қ.Р. туризм дамуының негізгі міндеттерін атап беріңіз: Ағымдағы және болашаққа жоспарланған аумақтық туристік баланстар республикмыздың барлық аймақтары үшін құрастырылуы тиіс. Онда бір жағынан халықтың әлеуметтік және жас мөлшерлік топтары анықталған демалысты тұтыну аудандары, екіншіден туризм формалары мен түрлеріне топтастырылған демалысты өндіру аудандары жөніндегі мәліметтер болу керек.1. Туризм инфрақұрылымын дамыту,2. Туризмді мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін талдау,3. Тартымды туристік имджді қалыптастыру, 4. Туристік әлеуетті арттыру,5.шаруашылығы рекреациялық тарапынан мамандандырылған зоналарды қалпына келтіру.,халықаралық ынтымақтастықты дамыту кадрлық білім беру мен аймақтық саясатты жетілдіру, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әрекеттер. Жасалуы керек.

79.Еліміздегі туризмде қазіргі кездегі өзгерістер жөнінде айтып беріңіз:Қ.Р. Үкімет деңгейінде республика территориясында апатқа ұшыраған туристерге жәрдем беретін мамандарылған қызметтердің тізімі бекілген. 54 мемлекет азаматтары үшін визалық рәсімдер жеңілдетілген. Туризмнің одан әрі дамуы үшін үлкен маңызы бар жолдардың бірі : Ташкент-Тараз-Алматы-Қорғас жолы салында Бұл жол бойындағы Түркістан қаласында қонақүйлер мен керуен сарайлар желісінің құрылыстары салынып өркендеуде. Астанадан 30 шақырым қашықтықта сақтар мәдениетін көрсететін « Шеберлер сарайы» көрме орталығы бар «Шебер ауылы» этнографиялық кешені салынды. Шетелдік туристер әсіресе ерекше қорғалатын аймақтар жиерек келуде . Осыған орай мемлекеттік бағдарлама мастер-жоспарларында «Бурабай», « Іле Алатауы», «Алтынемел» және басқа да ірі қалаларға жақын орналасқан табиғи ұлттық саябақтарда экологиялық инфрақұрылым дамыту шаралары жүргізіліп жатыр. 2011 жылы Қ. Өткен Азиялық ойындар Алматы маңын рекреациялық мақсатта игеру үрдісіне ықпал етті. Жаңа спорт объектілерінің құрылысы белсенді демалыс пен туризм әуесқойларын қызықтыруда. Талғар бағытында –«Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені мен жанында салынған шаңғы стадионы, «Табаган» тау курорты. Қаскелең бағытында заманауи туристік инфрақұрылыммен қамсыздандаралатын Алматы-Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы.

80.Қазақстандағы туристік кадрларды даярлау мәселелері жөнінде айтып беріңіз:Білікті мамандар қауымын қалыптастыру маңызын ескере отырып, туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату. Аттестациялау және туристерге қызмет көрсету негізі болып табылатын қоғамдық туристік кадрларды даярлау ережелері қабылданды. 1992 жылға дейін Қазақстандық туристік кадрларды даярлайтын білім мамандықтары болмаған. Осы жылы Алматының екі ЖОО- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университеті мен «Тұран» университеті туризм бөлімшелерін құрып, бұл мамандықтың жолын ашты. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университетінде ол география факультетінде болса . «Тұранда» Қазақстан мен ОРта Азиядағы алғашқы жеке туризм факультеті болды. Бірақ мамандықтарды атауы бірдей емес еді. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университетінде «география мен туризм», «халықаралық туризм », ал «Тұранда»-«туризм экономикасы мен аумақтық ұйымдастырылуы». Осы ЖОО-нан кейін туризм жүйесі үшін мамандарды Алматының басқа ЖОО-да :: ҚазҰУ,Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университет, Қазақ спорт пен туризм академиясы және т.б. даярлай бастады. Қазіргі кезде осындай даярлықты 30-дан астам ЖОО мен филиалдары жүргізеді.

81. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстанда заманауи жоғары табысты туризм индустриясын қалыптастыруға арналған шаралары жөнінде айтып беріңіз.Туризм жүйесі үшін мамандарды даярлау Қазақстанда заманауи туризм индустриясын қалыптастыру жұмысының ең басты міндетті болып табылады. Бұл мамандардың алдында туризм жүйесін қалыптастырып,оны туризи индустриясына айналдыру міндеті тұр. Яғни, олар туристерді қабылдау-жіберу жұмысымен шектелмей, басынан бастап, туристік-экскурсиялық қызмет жүйесін ұймдастыру мәселелерімен айналысатын болады. Ол үшін ең алдымен, туризм дамуы мен аумақтық ұйымдасытырылуы б/ша ғылыми зерттеулер өткізілуі және ел аймақтарының игерілуі б/ша жобалар әзірленуі қажет. Туризм жүйесінде жұмыс істеуге дайындалатын университет бітірушілері кем болғанда ғылыми, жобалау-іздестіру,ұйымдастыру-басқару,педагогикалық бағыттарда жұмыс істей алатын маман болу к/к. 1992ж.дейін Қазақстанда туристік кадрларды даярлайтын білім мамандықтары болмаған. Осы жылы Алматының екі ЖОО-Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетімен «Тұран» университеті туризм бөлімшелерін құрып,бұл мамандықтың жолын ашты. Осы ЖОО-дан кейін туриз жүйесі үшін мамандарды Алматының басқа ЖОО-да: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Абылайхан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдер университеті,Қазақ спорт пен туризм академиясы және т.б.даярлай бастады. Қазіргі кезде осындай даярлықты 30дан астам ЖОО мен филиалдары жүргізеді.Негізінде,жоғары білімді туризм мамандарының дайындығы университеттердің география факультеттерінде жүргізілуі қажет. Басқа ғылымдарға қарағанда,география факультеті туризмнің болашақ мамандарына қажетті жан-жақты біліммен дағдыларды үлкен көлемде бере алады. Дәл осы себептен,географиялық ортаны терең білуіне негізделген кеңістіктердегі құбылыстар мен үрдістердің талдауы мен синетезін жүргізе алатын географ туризмге байл.әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстарды терең түсіндіре алады. Қазіргі кезде Ғылым мен Білім министрлігі туриз жүйесі үшін мамандарды даярлау мәселелерін шешуге,туристік кадрларды даярлайтын ЖОО-ды реттеуге кірісуі қажет.Басынан кешіп өткен қиыншылықтарға қарамастан,мамандардың пікірінше,әлемдік туристік нарығында Қазақстанның болашағы зор.Бірақ,Республикамыздың туристік әлеуетін толығымен пайдалану үшін заманауи инфрақұрылымын, ең алдымен,халықаралық стандарттарына сәйкес орналастыру секторын қалыптастыру керек.

82. Қазақстанда туризм саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарыҚазақстанда демалыс пен туризм географиясындағы зерттеулер XX ғ.70 ж. басталған.

1970-1980ж.ж. «Казгипроград» Қазақстанда туристік тақырыптағы жобалардың бас орындаушысы болған. Дегенмен,80ж.соңында басқа ұйымдарда да ғылыми-жобалаулық жұмыстар жүргізіле бастады. Олар көбінесе,аймақтық ұйымдар тапсырмалары б/ша орындалған. Мысалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультеті ғалымдарының бір тобы Жамбыл облыстық сәулет бөлімінің тапсырмасымен «Жамбыл облысы туризм индустриясының 1990-2005 ж.дамуы мен орналастырылуы сұлбасын әзірлеу» тақырыбы б/ша ғылыми зерттеулерді жүргізді. (жетекшісі С.Р.Ердәулетов). Зерттеуде облыстағы туризмнің қазіргі жағдайын талдау,осының негізінде туризм жүйесі кәсіпорындарының болашақтағы дамуы мен орналасуы б/ша ұсыныстарды әзірлеу,облыстың туристік картасын құрастыру жоспарланған. Орындалған жұмыс нәтижесінде 1990ж Минск қаласында (құратсырушы Л.К.Чуковани) 1: 750000 масштабындағы «Жамбыл обл.туристік картасы» шықты. 90ж.басында туристік-жобалау жұмыстарында Е.А.Мухамедшина басқарған топ өз белсенділігімен ерекшеленеді. Бұл топ еліміздегі туризм дамуы тұжырымдамасын әзірлеуде маңызды рөл атқарған 2жоба: «Туризм обьектілерін зерттеу мен оларды Жібек жолының Қазақстандағы кесіндісінің бойында орналастырудың кешенді сұлбасы. Негізгі тұжырымдама» (1991) және «Қ.Р.туризм индустриясының дамуының Ұлттық бағдарламасының жобасын» жасады(1993). 1999ж И.Л.Фишман және О.Р.Фирсова құрастырған «Алматы қаласы маңының экологиялық туризм обьектілерінің» кейбір кемшіліктері болсада, оны рекреанттар, республикамыздың туризм мамандарын даярлайтын ЖОО оқытушылары мен суденттері ойдағыдай пайдалана алады. 1996ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінде туризм бөлімшесі мен кафедрасының ашылғанынан кейін Қаз.туризмнің дамуымен аумақтық ұйымдастырылуы б/ша ғылыми іздестірулері еліміздің осы жетекші ЖОО ауыса бастады. 1999ж.мұнда туризмнің көп функционалды Ғылыми-оқу орталығы ашылады. Кафедра мен орталықты география ғылымдарының докторы профессор С.Р.Ердәулетов ашты. Кафедраның басқа қызметкерлерімен – доценттер А.М.Артемьев, Ж.Н.Алиева,К.Ә.Искакова,З.М.Әбішева және З.В.Тынчерова,И.С.Иванов және т.б.бірге С.Р.Ердәулетов «Қазақстан туризмінің аумақтық ұйымдастырылуының теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеу» бюджеттік тақырыбы б/ша ғылыми зерттеулерді жүргізді.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...