![]() Дисциплины:
|
Туризм түсініктері
12 Туризм түсініктері 1. туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты. 2. ішкі туризм - қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі. 3. келу туризмі - қарастырылып жатқан елде тұрмайтын келушінің келу туристік сапары кезінде осы ел шегіндегі қызметі. 4. шығу туризмі - қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі. 5. қызмет түрі - сапарға дайындық кезінде және сапар барасында тұтынушылар ретінде адамдардың іс-әрекеті мен жүріс тұрысы. 6. турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға. 7. туристік өнім - туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы. 8. туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер. Туризм түрлері
Туризм түрлері: әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, іскерлік, емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, діни.
1. мәдени-танымдық туризм- туристерді мәдени құндылықтармен таныстыру арқылы көзқарастарын кеңейту. Табиғи-рекреациялық нысандардың, туристік-экскурсиялық, археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады.Олар: ü әртүрлі тарихи, архитектуралық және мәдени кезеңдермен танысу үшін мұражайларға, тарихи және архитектуралық ескерткіштерге бару. ü театрландырылған қойылым, музыкалық, кино, діни мерекелерге, сурет көрмелеріне бару ü лекция,семинар,симпозиум, шетел тілін оқу және құзіреттілікті көтеретін треннингтерге бару. 2. шытырман туризм - ол байдаркамен жүзу, тау шанасымен жүру, джип-тур. Сонымен қатар атпен, түйемен,итпен,солтүстік бұғымен серуендеу жатады. Шытырман туризміне тыныш өзеннмен жүру немесе Антарктидаға бару, бір сөзбен айтқанда «жаңа ашылуларға» ұмтылу. 3. спорттық туризм- спорттық бағдарлау, мультиспорт, шыңға шығу(скалолазанием), альпинизм, рафтинг, маунтинбайк (альпинизм), шаңғы, яхталық болып бөлінеді.Спорттық туризм сонымен бірге қоршаған ортада табиғи апаттарда алғашқы көмек көрсетуге дайындық ретінде де болуы мүмкін. 4. іскерлік (делевой) туризм-бұл әртүрлі ұйымдардың қызметкерлерінің шетелге іскерлік кездесуге немесе корпоративтік іс-шараларға баруы. 5. сауықтыру (оздоровительный ) туризмі: белсенді туризм - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Жаяу туризм - күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. 12 |