Главная Обратная связь

Дисциплины:






леуметтану 2 курс МІ 1 страница



 

ФИО: ___________________________________________________________________________________
Группа: ___________________________________________________________________________________

 

Описание теста
Бағдарлама тек тест орталығына арналған.   "Мейірбике" колледжі   Программа предназначена только для центра тестирования!   Колледж "Мейірбике"

 

Инструкция
Тест орталығының ережесі:   Емтихан уақытында Тест орталығының ережесі:   Емтихан алдында Сіз тестке 15-20 минут қалғанда тест орталығына келуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге Сынақ кітапшасы қажет. Сынақ кітапшасында сіздің суретіңіз бен қолыңыз міндетті түрде болуы керек. Жоғарыдағы ережеге сәйкес емес сынақ кітапшасы бар кандидат емтиханға жіберілмейді. Емтиханға Сіздің қателіктеріңізге байланысты ереже бұзушылық болса тестке айыппұл төлегеннен кейін жіберіледі. Емтихан басталар бұрын Сіз міндетті түрде тест орталығының келісім шартына қол қоюыңыз қажет. Сіз қол қоя отырып тест орталығың ережелерін және ақпараттың құпиялығын жарияламауға келісесіз.   Емтихан уақытында Барлық кандидаттың жеке заттары ата аналарына немесе т.б. адамдарға тапсыратын болады. Кез-келген емтиханға қажетті заттарды (қалам, парақ) тест орталығы ұсынады. Тест аяқталған бойда барлық жазбаларыңызды тест орталығының администраторына қалдырасыз. Тест уақытында Тест орталығының ұсынған заттарын ғана қолдана аласыз. Емтихан уақытында Тест орталығының администраторы Сізді бақылайтын болады. Емтихан бейне бақылауға түсіріліп және ол қажет жағдайда қолданылуы мүмкін. Администратордан тест сұрақтары бойынша ақпарат сұрауға болмайды. Емтихан жүргізілу барысында өзге кандидаттарды мазалауға болмайды. Уақыт аяқталысымен тест автоматты түрде тоқтатылып баллыңыз шығарылады.   Тест орталығының администраторы, егер Сіз ережені бұзған жағдайда ескертусіз тест тоқтатуға құқылы. Егер тест тоқтатылған жағдайда барлық ақпарат тест орталығының директорына ескертілетін болады. Тестке төленген қаражат қайтарылмайды. Ережені бұзған кандидатқа өзге де ескертулер айтылуы мүмкін. Емтиханнан кейін Тест тапсырылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде жауаптары мен транскрипт ұсынылатын болады немесе колледждің жеке сайтына шығарылады www.meirbike.com  

 



№1
Әлеуметтану – бұл:
табиғат, қоғам, мемлекет және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым
жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым
қоғамның материалдық және рухани дамуындағы жетістіктерді зерттейтін ғылым
саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары туралы қоғамдық ғылым
адамның объективтік шындықты түйсіну, қабылдау, сезіну формаларын зерттейтін ғылым

 

№2
Әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салған ғалым:
И.Кант
Г.Спенсер
О.Конт
Аристотель
Платон

 

№3
Әлеуметтану өз алдына ғылым ретінде мына ғасырда пайда болды:
15 ғасырда
16 ғасырда
17 ғасырда
18 ғасырда
19 ғасырда

 

№4
«Социология» (әлеуметтану) терминін алғаш қолданған ғалым:
О.Конт
Аристотель
Н.Макиавелли
И.Кант
К.Маркс

 

№5
Әлеуметтану бойынша алғашқы еңбек:
Н.Макиавеллидің «Тақсыры» (Государь)
К.Маркстің «Капиталы»
Аристотельдің «Саясаты»
О.Конттың «Позитивтік философия курсы»
Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы»

 

№6
Микроәлеуметтанудың зерттейтіні:
адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, өзара әрекеттерін
қоғамды біртұтас жүйе, организм ретінде
қоғамның әлеуметтік құрылымын, процестерін
қоғамдағы адам топтарын, таптарын, жіктерін
ұжымдық әдеттер мен ережелерді, нормаларды

 

№7
Макроәлеуметтанудың зерттейтіні:
қоғамдағы адамдардың жүріс-тұрысын, байланыстарын,
мемлекетті және мемлекеттік құрылысты, биліктің қызмет етуін
қоғамды біртұтас жүйе ретінде, оның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік институттарын
қоғамның моральдық нормаларын, салттары мен дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын
қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерін, қатынастарын

 

№8
Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері мынадан көрінеді:
оны тарихи тұрғыдан зерттеуден, тарихи кезеңдерін сипаттаудан
оның қоғамды зерттеуінен, оның элементтерінің өзара байланысы мен әрекетін зерттеуінен
ондағы «әлеуметтік» және «қоғамдық» ұғымдарының теңестірілуінен
оның зерттеу объектісінің, зерттеу пәнінің күрделілігінен, ерекше зерттеу әдістерінің болуынан
әлеуметтанудың арнайы зерттеу әдісі мен методологиясының болуынан

 

№9
Әлеуметтанудың объектісі:
қоғамда болып жатқан экономикалық процестер және оның даму заңдылықтары, динамикасы
әлеуметтік қауымдастық және адам топтары, олардың саяси қызметі, процестері, байланыстары мен қатынастары
қоғамдағы адамдардың қызметі және мінез-құлқы, көзқарастары, діни наным-сеніидері, салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
тұтас жүйе ретіндегі қоғамға тән адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және қатынастар, оның әлеуметтік құрылымы, сонымен қатар онда жүріп жатқан процестер
біздерге сезіммен берілген объективтік нақтылық (шындық), рухани ақиқат, рухани байланыс, рухани өмірдің өзектілігі

 

№10
Әлеуметтанудың кешігіп пайда болуының себебі:
табиғи және нақты ғылымдар әлеуметтану ғылымынан гөрі маңызды болғандығынан
оны қалыптастырудың оншалықты қажеттілігінің болмағандығымен
қоғамда әлеуметтік-саяси, экономикалық дағдарыстардың болуынан
оның пайда болуына дейін жалпы білім дамуы деңгейінің төмен болуымен
оның зерттеу объектісі – адамзат қоғамының күрделілігінен

 

№11
Адамдардың қызметімен байланысты туу, өлім-жітім және көші-қон мәселелерін зерттейтін әлеуметтанудың тәсілі:
психологиялық
мәдениеттанулық
демографиялық
ұжымдық
интеракционистік

 

№12
Қоғамда әр түрлі топтардың пайда болуын зерттейтін әлеуметтанудың тәсілі:
интеракционистік
мәдениеттанулық
демографиялық
ұжымдық
психологиялық

 

№13
Қоғамдық ережелер мен құндылықтар сияқты мәдениеттің элементтері негізінде адамдардың мінез-құлқын талдауға көмектесетін әлеуметтанудың тәсілі:
ұжымдық
мәдениеттанулық
психологиялық
интеракционистік
демографиялық

 

№14
Қоғамдық өмірді адамдардың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейтін әлеуметтанулық тәсіл: 3 лек
психологиялық
мәдениеттанулық
демографиялық
ұжымдық
интеракционистік

 

№15
Көптеген мектептерді, теорияларды, бағыттарды көрсететін, қоғамдық даму ерекшелігін өз ұстанымдары тұрғысынан түсіндіретін әлеуметтанулық деңгейдің аталуы: 3 Лек
микроәлеуметтану
теориялық әлеуметтану
макроәлеуметтану
қолданбалы әлеуметтану
эмпирикалық

 

№16
Нақты әлеуметтанулық зерттеулермен байланысқан әлеуметтанудың деңгейі:
әлеуметтік инженерия
теориялық әлеуметтану
макроәлеуметтану
қолданбалы әлеуметтану
микроәлеуметтану

 

№17
Қоғамдық қатынастарды жақсартатын және жетілдіретін әлеуметтанудың функциясы қалай аталады: 3 Лек
болжамдық
әлеуметтік бақылау
гуманистік
ақпараттық
дүниетанымдық

 

№18
Ақпаратты жинауды, жүйелендіруді және топтастыруды іске асыратын әлеуметтанудың функциясы : 3 Лек
ақпараттық
әлеуметтік бақылау
гуманистік
болжамдық
дүниетанымдық

 

№19
Қоғамның барлық саласында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін әлеуметтанудың мәліметтерін атқарушы билік органдарына, әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстарға пайдалануға мүмкіндік беретін функция: 3 Лек
қайта құрушылық
әлеуметтік басқару
гуманистік
ақпараттық
болжамдық

 

№20
Ғылымға «қоғамдық-экономикалық формация» терминін енгізген ғалым:
Конт О.
Вебер М.
Маркс К.
Руссо Ж.Ж.
Фурье Ш.

 

№21
«Түсінуші әлеуметтану» тұжырымдамасының авторлары:
Зиммель Г., Вебер М.
Гоббс Т., Локк Дж.
Гидденс Э., Дарендорф Р.
Парсонс Т., Мертон Р.
Маркс К., Энгельс Ф.

 

№22
«Позитивтік философия курсы» еңбегінің авторы:
Т. Гоббс
О. Конт
Г. Спенсер
П. Сорокин
Ю. Хабермас

 

№23
Позитивизм бағытын (ағымын) негіздеген ғалым:
Платон
Спиноза
Г. Гегель
О. Конт
К. Маркс

 

№24
Адамның қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлқының типтерін бөліп көрсеткен ғалым:
М.Вебер
Э.Дюркгейм
О.Конт
К.Маркс
П.Сорокин

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...