Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тақырып 8 ҚР аймағында қолданылатын салық тәртібі мен оның түрлері



Салық режимі - Салық кодексінде белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міңдеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.

Салық режимдері екі топқа бөлінеді:

· жалпы режим;

· арнаулы салық режимі.

Жалпы салық режимі-салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгінетін және барлық салық және басқа да бюджетке төленетін басқа міндеттердің турлерін есептеу мен төлеудің, сон­дай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды көздейтін тәртіп.

Біз бұл тарауға дейін жалпы салық режимдерінің қолдану тәртіптері мен ережелеріне тоқталып өттік.

Ал енді бұл тарауда арнаулы салық режимдерін қолданатындарды және салықты есептеу мен төлеу тәртіптері баяндалады.

Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есеп­теу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдаңуды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар:

· шағын бизнес субъектілері;

· шаруа қожалықтары;

· ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар;

· кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Жеке кәсіпкер - занды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жу­зеге асыратън резидент немесе резидент емес жеке тұлға.

Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатыңда салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.



Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар бюд­жетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.

Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, кәсіпкерлік қызметтің же­келеген түрлерінен басқа, біржолғы талон негізінде шағын биз­нес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға шағын бизнес субьектілеріне және шаруа қожалықтарына арналған ережелер қолданылмайды.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша айналысатын тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық ре­жимі.

Арнаулы салық режимін қолданатындар, оның ішінде Біржолғы талон, патент және оңайлатылған декларация негізіндегі талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілері деп аталады.

Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Бұл орайда, төлем көзінен салық салынатын табыстарды қоспағанда, жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету тәртібі шағын бизнес субъектілеріне қолданылмайды.

Жоғарыда аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Әлеуметгік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне патент және оңайлатылған декларация негізіндегі салық ставкаларын қолдану жолымен жургізіледі.

Төлем көзінен салық ұсталғанын растайтын кұжаттар және Біржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс салық салу объектісі болып табылады.

Жеке кәсіпкердің мүлікті жалға беруден түскен табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық салу объектісі болып табылмайды.

Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.

Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған кұн салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.

Арнаулы салық режимін қолдану талаптары.

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес тандауға құқылы:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) Біржолғы талон негізіндегі арнаулы сальқ режимі;

3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы сальқ режимі.

Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды.

Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

Мына аталғандардың арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар;

2) филиалдар және өкілдіктер;

3) занды тұлғалардың еншілес ұйымдары және тәуелді акционерлік қоғамдар;

4) әр түрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер.

Арнаулы салық режимі мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды:

1) акцизделетін өнімді өндірушілер;

2) кеңес беру, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсетулер;

3) мұнай өнімдерін өткізушілер;

4) шыны ыдыстарды жинау мен қабылдаушылар;

5) жер қойнауын пайдаланушылар;

6) төменде аталған басқа да жұмыстар мен қызмет түрлері:

· медициналық, дәрігерлік қызметі, мал дәрігерлік саласын­дағы қызметерді: мал дәрігерлік мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізуді; мал дәрігерлік мақсатгарға арналған дәрі-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізуді; мал дәрігерлік емдеу профилактикалық қызметтер;

· тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жөніндегі өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстары;

· күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсету;

· өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндірушілер;

· жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және олар­ға қызмет көрсетушілер;

· автокөлік көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдаушылар;

· емдік препараттарды дайындау мен сатушылар;

· жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі жұмыстар;

· алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатушылар;

· пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсету, жалпы республикалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалау, салу, іске қосу және радиожиілік спектрін пайдалану;

· жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдау;

· жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;

· өлшеу құралдарын жасау және жөндеу;

· тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстары;

· жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты қызметтер: жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу ‘және пайдалану;

· іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құткару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстар;

· пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметгер;

· жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындары- нан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметі, сон­дай-ак мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметтері;

· жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы;

· электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату; өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қо- салқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалау және пай­далану;

· химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалау, жасау, монтаждау және жөндеу;

· астық қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу; темір жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеу; қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеу;

· шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасау және қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

· ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өндеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді,

· дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барльқ түрлері;

· экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлері.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...