Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тақырып 9 Патенттің негізіндегі арнаулы салық тәртібі



Біржолғы талон — арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі ара-түра сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады.

Жылына бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-түра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет деп аталады.

Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі

Қызмет түрлерінің тізбесін, біржолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетгі мемлекеттік орган белгілейді.

Біржолғы талондардың құны кіріс алынатьн объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жагдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шүғылдану тиімділігіне ьқпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.

Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-түра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке түлғалар әлеуметтік сальқ төлемейді және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимі.

Патент - арнаулы сальқ режимін қолдану құқығын куәландыратьн және салық сомаларыньң бюджетке төленгенін рас­тайтын құжат.

Белгілі бір арнаулы сальқ режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Патент жоғалған немесе Бұлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі, ал сальқ төлеуші Бұлінген па­тента сальқ органына тапсырады.

Сальқ органдары берілген патенттерді тіркеуді патенттерді тіркеу (беру) журнальнда жүргізеді.

Тіркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:



1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыру;

3) жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспауы.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар, сальқ төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не сальқты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

Аталған өтініш патент негізінде арнаулы сальқ режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.

Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратън жері бойынша сальқ органьна қызмет түрін көрсете отырьп, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.

Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататьн кызметті жүзеге асырған жағдайда, ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясьн көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтьн мерзімге беріледі.

Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол па­тент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (жүйелі немесе жүйесіз тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен та- сымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасыньң заң актілерінде белгіленген талаптарға сай келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Сальқ төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша сальқ органына, кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтінішін бермеуі оның сальқты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп саналады.

Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың төленгенін растайтын құжаттар көр- сетілгеннен кейін бір күн ішінде патент беруді жүргізеді.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болып саналады.

Патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі.

Патенттің кұнын есептеу үшін жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 3 пайызы мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.

Патенттің кұны бюджетке мынадай түрде:

1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 белігі мөлшерінде;

2) әлеуметтік сальқ - Қазақстан Республикасыньң міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент қорының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленеді.

Бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыра­тын жеке кәсіпкер үшін күнтізбелік жыл — салық кезеңі болып табылады.

Жеке кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтьң енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кет­кен соманы мәлімдейді және осы сомадан сальқ төлейді. Сальқ төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.

Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан төмен болған жағдайда, артьқ төленген патенттің құны сальқ төлеушінің өтініші бойынша сальқ органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...