Главная Обратная связь

Дисциплины:






Кәсіпорынның сипаттамасы



БИЗНЕС – ЖОСПАР

Бизнес – жоспардың тақырыбы: Темірбетоннан жертөле қабырғаларына арналған блоктар өндіретін шағын-зауыттың жобасы. ӨҚ=20000 м3 /ж. Қызылорда қаласы.

Фирма аты: «Асхат и К » шағын зауыты.

Мекен – жайы: Қызылорда қаласы

Телефон: 8 702 541 55 00

Бизнес жоспарды орындаған студент: Кусаев А.Б.

Бизнес сферасы: өндіріс

Қызметтің негізгі түрлері – тұрғын үй, азаматтық және қоғамдық құрылысына темірбетоннан жасалған жертөле қабырғаларына арналған блоктармен қамтамасыз ету, сату, монтаждау және өндіру болып табылады.

Бастау мерзімі: 01.08.2010 жыл.

Бизнес жоспар 3 жыл.

Резюме

Жалпы «Асхат и К » шағын зауыты, темірбетоннан жасалынған жертөле қабырғаларына арналған блоктар өндіру болып табылады. Аталған шағын зауыттың өндіретін бұйымдары құрылыстың кез келген саласында қолданылатын болғандықтан аталған зауытты құру қолға алынып отыр.

«Асхат и К » шағын зауытының құрылу тарихына келер болсақ, қазіргі таңда елімізде “100 мектеп 100 аурухана” бағдарламасы бойынша құрылыс саларында құрылыс материалдарына деген сұраныс артуда. Сол себепті «Асхат и К » шағын зауытын жобалауды жөн көрдім.

Негізінен «Асхат и К » темірбетонды шағын зауытының орналасу аймағы Қызылорда қаласы. Қызылорда қаласында орналасу себебі Қызылорда қаласы бетон бұйымдары, шикізат материалдарының қайнар көзі, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан, негізгі шикізаттар құм және шағал тастар Сырдария өзенінің жағалауынан алынады, сонымен қатар темір жол, автомобиль, әуе жолдары торабы және шикізат материалдары облыста темірбетоннан жасалынған бұйымдар шығаруға мүмкіншілігі жоғары.

Өндірістік жобалық қуаттылығы жылына 20000м3 болып жобаланып отыр. Өнімді өндіру бойынша тұрғын-үй, азаматтық және қоғамдық құрылысына арналған темірбетоннан жаалған жертөле қабырғаларына арналған блоктар өндіреді деп жобалануда. Өз кезегінде осы өндірістік қуаттылықпен өз тұтынушыларын қанағаттандыра алады.



«Асхат и К » темірбетонды шағын зауыты меншік түрі бойынша жекеменшік болып табылады. Өйткені қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті қолдау қарқынды дамуда.

Аталған өндіріс орны құрылу формасы бойынша жаңа темірбетонды шағын зауыты болып табылады.

Жобаланған жоспарды іске асыру үшін 113 635 500теңге қажет.

 

Кәсіпорынның сипаттамасы

«Асхат и К » темірбетонды шағын зауыты жалпы темірбетон өндірісіндегі агрегатты ағынды, конвейрлі және стендті әдістердің ішіндегі – агрегатты ағынды технологиямен жұмыс істейді. Бұл әдістің басқа әдістерге қарағанда тиімді екені дәлелденген.

«Асхат и К » бәсекелестері көп. Қазіргі кезде Қызылорда Үй Құрылыс комбинаты, ТОО “ АиЗА”, “ Тур-Ахмет и К”, “ Қызылорда - Cтрой” компаниялары өндіретін қабатаралық плиталардан «Асхат и К » компаниясының өндіретін темірбетоннан жасалынған жертөле қабырғаларына арналған блоктар артықшылығы беріктігінің жоғарылығы мен бағасының төмендігінде.

Сонымен қатар «Асхат и К » шағын зауыты жаңа зауыт болғандықтан әрбір орнатылатын қондырғы – құралдар қазіргі заманғы жаңа технологиялар.

Негізінен шығарылатын бұйымның қондырғы – құралдарына қазіргі таңда елімізде Мемлекеттік Стандарт бойынша үлкен талаптар қойылады. Жалпы қолданылатын қондырғы – құралдардың тізімінде кәсіпорын сипаттамасына қосымшалауды жөн көрдім. Жалпы өндіріс орнының сонғы 3 жыл мерізімге бекітілген негізгі қаржылық көрсеткіштерін төмендегідей келтірдік:

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Болашақ мерзімді бағалау
1 Табыс теңге
2 Жалпы шығын теңге 486017380,6
3 Таза табыс теңге
4 Рентабельділік нормасы % 18,4
5 Орташа күндік пайда теңге 596793,8

 

Шағын зауыттың өндірістік өнім шығару жобасы есептік формулаларды қолданып жылдық өндіретін бұйымдардың мөлшері көрсетілді.

Шағын – зауыттың жылдық өнім шығару жобасы

р/с Бұйымның атауы Жоба бойынша жылдық өнім шығару Негізгі бөлімнің көлемі, м3
1 Темірбетоннан жасалған жертөле блоктары 5,8
         

 

Шағын – зауыттың өндірістік бағдарламасы

  Бұйым атауы Бұйымды шығару
  Жертөле қабырғаларына арналған блок Жылына Күніне Бір кезекте Сағатына
м3 дана м3 дана м3 дана м3 дана
78,4 13,52 39,2 6,7 4,9 0,8

Республикадағы құрылыс кешенінің негізі болып табылатын құрылыс материалдарының өндірісін дамыту еліміздің құрылыс саласын өрісетудегі басымдықтардың бірі болып табылады.

Құрылыс материалдар нарығының динамикасы

Жыл Өнімдер өндіріс млн.теңге Экспорт млн.теңге Импорт млн.теңге Ішкі нарықтағы реализация млн. теңге Өсу темпі (базистік),%
өндірістік Экспорт Импорт реализация
2007 3118,4 12,8 104,0 146229,7
2008 2652,4 53,1 188,1 161256,0 85,1 414,8 180,9 110,2
2009 10885,5 38,5 432,5 228942,1 349,1 300,8 415,9 156,5
2010 16437,6 40,3 922,2 265674,3 527,1 314,8 886,7 181,6

«Асхат и К » фирмасы темірбетоннан жасалған жертөле блоктары өндірісімен айналысып қана қоймай, сонымен қатар темірбетоннан жасалған жертөле блоктары стандартты емес өнімдерін жеткізіп беру қызметімен айналысады. Бұл қосымша қызмет (арқылы) өз негізінде пайда әкеледі.

Мысалға, Қызылорда Үй Құрылысы Комбинатынан біздің айырмашылығымыз біздің тауар тұрмыста жиі қолданылады және бағасы да төмен. Тауар сапасы басқаға қарағанда жақсырақ. Үлкен рынокта біздің тауар күшті және сапалы. Біздің көптеген пайдаланушыларымыз бар. Келешекте бұдан да жақсы жаққа өзгеруіміз ықтимал.

Менеджмент

Қызметкерлердің аты Аты – жөні Мекен – жайы Жұмыс істеу тәжрбиесі, жыл Айлық жалақы
1 Директор Кусаев А.Б. Қызылорда -
2 Директор орынбасары Рысметова М. Қызылорда
3 Кадрлар бөлімі Казкенов с. Қызылорда
4 Бас механик Мейрбеков Е. Қызылорда
5 Бас ОТК және лаборотория Сопбеков Г. Қызылорда
6 Конструкциялық бюроның бастығы Ахинов Ж. Қызылорда
7 Бас есеп-қисапшы Намазбаев К. Қызылорда
8 Конструкторлы технологиялық бөлімі Досаев Н. Қызылорда
9 Қалыптау цехының бастығы Баймуратова И. Қызылорда
10 МДЦ бастығы Сексенбаев Е. Қызылорда

 

Басқарушылық персоналдар үшін жоспарланып отырған жағдайлар төмендегінше: жатақханамен қамтамасыз ету, көлік мәселесін шешу, іс-тәжірібиелік білімін артырудағы өтем ақысын төлеу, ғылыми жұмыстармен айналысуға көмек көрсету. Колективтің әлсіз топтарын болдырмау үшін әрбір персоналдың квалификациясын жоғарлатуға мүмкіншілік беру, еңбек тәжірбиесі мол жұмысшылармен жаңадан жұмысқа орналасқан жұмысшылардың арасында тәжірібие алмастыру және т.б.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...