Главная Обратная связь

Дисциплины:






Нім (қызмет) нарығының сипаты



Бүгінгі таңда ауыз суының нарығы Қазақстанда ең жедел өсетін тұтынушылар нарығының бір түрі болып саналады. Сарапшылар су құбыры арналарынан келетін су сапасының төмендеуі шөлмектенген ауыз суын тұтыну көлемінің артуына басты себеп деген қорытыныды жасады.

Түрлі бағалаулар бойынша ауыз суы нарығының үлесіне барлық ішімдіксіз сусындар нарығы көлемінің 40 бастап 60% дейінгі шамасы тиесілі екен. Су сатудың жылдық өсімі әр жыл бойынша 10 бастап 25% аралығында. Мұндай жағдайды түсіндіруге болады: халықтың әл – ауқатының жақсаруына байланысты және салауатты өмір салтының кең көлемде насихатталуына байланысты тұтынушылардың таңдауы сусындардың неғұрлым "табиғи" түрлеріне – су мен шырындарға ауады.

Сонымен қатар ҚР су тұтынудың жан басына шаққандағы мөлшері жоғары емес – бір жан басына 24 литр, ал Еуропада бұл көрсеткіш бірнеше есе артық.

Ал қазір ауыз суы саудасының нарығы құрылымдық өзгерістер сатысына жетті. Маркетингтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыйлықтық өнімдердің арттырылуына және қаптама мен үлкен ыдыстардағы сулардың танымал болуымен байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар «спорттық» су түрінің танымалдығының артуына байланысты болмақ. Соған қоса отандық өндірушілер үшін әлеуетті сауда нарығы Қытай болуы мүмкін, онда су тапшылығы аса өткір мәселе – онда дүние жүзе халқының 1/5 тұрады, оларға әлемнің барлық су қорының тек 7% тиісті.

Аймақтарда нарықтық үлесті өндіруші-компаниялар арасында бөлуге болады.

Ауыз суының нарығы төменедегі негізгі жағдайлармен ерекшеленеді: импорттық өнімді шеттету, ауыз суының аймақтық өндірушілерінің белсенділігі, нарықтың жыл сайын қарқынды түрде 15-25% өсуі. Дегенмен 2010 және 2011 жылдары неғұрлым жақсы өсу үлкен ыдыстарға құйылған суларға тисті болды – 40% дейін.



ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша Қазақстандағы минералды және ауыз суларының өндірісі 2009 жылы 2,88 млн. литрді құрады. 2010 жылы өндіріс 20,7% артты – 3,48 млн. литрге дейін.

2009 жылғы болжамдар бойынша нарық $1,8 млн. дейін өседі, 2010 жыл қорытындысы бойынша - $1,9 млн. дейін, ал 2011 жыл бойынша - $2,1 млн дейін. Нарықтың көлемі 2009 жылы болжам бойынша 3,281 млн. литрге артпақ, 2010 жылы - 3,6 млн. литр, 2011 жылы - 3,9 млн. литр болмақ.

 

SWOT- талдау

Мүмкіндіктерді анықтау үшін және өнімнің нарықта алға жылжылуының қауіптерін бағалау үшін SWOT-талдау жасап көрейік, оның нәтижелері кестеде берілген.

 

Кесте 4. SWOT-талдау

 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Бәсекелестікпен күрес стратегиясы қалыптасқан Балансталмаған өндірістік қуаттылық
өзіндік тауар өндірісі мен инфрақұрылымның болуы Білікті мамандардың жиі ауысуы
Ауыз суын өндірудің заманауи технологиясы бар Қызметкерлерді ынталандыру жүйесінің әлсіздіг
Басқарушылық мамандардың біліктілігі Қойма қорларын басқару жүйесінің дамымауы
  Кадрлық саясаттың болмауы
Қауіптері   Мүмкіндіктері  
Кәсіпорын қызметі мен оның стратегиясын дамытуды жоспарлау әлсіз Үздік өндірістік технологиялар мен маркетингтік технологияларды тиімді пайдалану
Қаржылық ахуалдың сыртқы факторларға айтарлықтай тәуелділігі өндірілетін тауар сапасын жетілдіру
Рейдерлік қамтылу қауіпі Тауарлық өнімдердің, қызметтердің номенклатурасын арттыру
Нарыққа неғұрлым ірі компанияның келу Қызметті кеңейту.

Сандық баға (1 бастап 5 ұпайға дейін)

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...