Главная Обратная связь

Дисциплины:






Сурет 3. Жобаның өзін-өзі ақтауы



Осы жоба үшін қарастырылып отырған инвестицияның тиімділік көрсеткіштерін талдау жүзеге асырудың болжамдық көлемдері, капиталды салымдар, дайын өнмге қатысты баға және өндірістік шығыстар бойынша жобаны сенімді және пайдалы деп тануға мүмкіндік береді.

Осы жобаны жетістікпен жүзеге асыру кәсіпорынның нарықта негізгі көрсеткіштер бойынша орын тебуін жеңілдетуге, алдағы уақытта таза табыс алуға және оның мөлшерін арттыруға жағымды жағдай жасайды.

Атқарылған маркетингтік зерттеулер ауыз су өндірісі нарығының дамуы үшін жағымды да қолайлы тенденцияның бар екендігін көрсетіп отыр, бұл жобаның Бастамашысына оны ең қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді және қаржылық-шаруашылықтың жоспарланып отырған көрсеткіштеріне қол жеткізуге жағдай жасайды.

Жасалған қаржылық есептеулер, жоба бойынша жобаға арналған инвестицияның коммерциялық тиімділігіне қатысты алынған мәндерді талдау жобаны аса жоғары табысты, тәуекел деңгейі шартты, ағымдық қызметінің рентабельділігі жоғары және өзін- өзі ақтау мерзімі қысқа деп сипаттауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жоба тиімді, рентабельді, айтарлықтай қысқа мерзімде өзін-өзі ақтай алады, оны инвестицияны пайдалы түрде орналастыру ретінде қарастыруға болады.

Жоба коммерциялық тұрғыда оның барлық қатысушылары үшін тартымды болып табылады.

Леуметтік-экономикалық және экологиялық әсері

 

Жобаның әлеуметтік-экономикалық ахуалы

Бұл жобаны жүзеге асырудан әлеуметтік салаға әсер төмендегі көрсеткіштермен түсіндіріледі:

1. Жаңадан қалыптастырылатын жұмыс орнының саны – 47;

2. Тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру – жоба өнімдерін жеткізу арқылы;

3. Салықтар және қорға төлемдер - 1 754 775 USD.

 

Кесте 24. Салықтар және қорға төлемдер

Салық түрі Барлығы
Налог на добавленную стоимость
Мөлшерлеме 12%
Өтеу кезеңі
Алынған ҚҚС 80 229 176 503 242 691 266 961 1 060 040
Өтелген ҚҚС 92 100 58 834 80 897 88 987 418 704
ҚҚС бюджетке төлеу (немесе бюджеттен қайтару)   53 486   52 311   161 794   177 974   641 336
Ағымдық шығындарға жататын салықтар
Еңбек ақыға есептелімдер 30 707 65 482 84 294 92 723 375 202
Қаржылық нәтижелерге жатқызылатын салықтар
Мүлікке салық 3 983 7 430 6 359 5 289 23 061
Табыс салығы
Мөлшерлемесі 20% 20% 20% 20% 20%
Төлеу кезеңі
Табысқа есептелген салық 59 381 99 681 160 041 184 791 715 175
Жалпы салықтық төлемдер 143 573 221 457 413 560 461 848 1 754 775
                 

Экологиялық ахуалы



Жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде (инвестиция алдылық, инвестиция барысындағы және қолдану кезіндегі кезеңдер) қоршаған ортаға келтірілетін әсер жоқ, сондықтан экологиялық сараптама жасау және қажетті шаралар әзірлеу қажет емес.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...