Главная Обратная связь

Дисциплины:






Мына үзінді қай ақынның қандай дастанынан алынған?



Азақ әдебиеті кафедрасы

«Қазақ әдебиеті ХІХ ғ.» пәні бойынша

Зар заман ақындары» ағымының атауын әдебиет тарихына енгізіп, кітабында арнайы тарау етіп жазған кім?

Шоқан Уалиханов

Ахмет Байтұрсынов

Халел Досмұхамедұлы

+Мұхтар Әуезов

Сәбит Мұқанов

 

Асырдың екінші жартысында қай жылдары украин халқының қандай қаламгері Қазақстанда айдауда болды?

1879-1889 ж.ж. М.М.Коцюбинский

+1847-1857 ж.ж. Т.Г.Шевченко

1827-1837 ж.ж. И.П.Котляровский

1866-1876 ж.ж. И.Франко

1890-1900 ж.ж. Л.Украинка

Ер Қосай есімді атасы, Ақбөрте аталатын тұлпары бар батыр туралы қай ақынның қай дастанында жырланады?

Базар Ондасұлының «Айна-тарақ» дастаны

Әсет Найманбайұлының «Сәлиха-Сәмен» дастаны

+Дулат Бабатайұлының «Еспембет» дастаны

Шортанбай Қанайұлының «Ақжолтай батыр» дастаны

Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастаны

 

Азақ халқы поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» мақалаларын жазған қай ғалым?

Әубәкір Диваев

Ахмет Байтұрсынов

+Шоқан Уалиханов

Әлкей Марғұлан

Мұхтар Әуезов

 

Адал жігітті сиқырмен итке айналдырған жауыз әйелдің ақыры өзі де жазаланып байталға айналатын оқиғасы туралы жазылған қай ақынның қай дастаны?

Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» дастаны

+Базар Ондасұлының «Әмина қыз» дастаны

Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» дастаны

Әсет Найманбайұлының «Сәлиха-Сәмен» дастаны

Абай Құнанбайұлының «Масғұт» дастаны

 

Жәдитшілдік ағымды ұстанып, оның көрнекті өкілі Ш.Марджаниді дәріптеп,өзін оның шәкірті санаған қай ақын?

Шәді Жәңгірұлы

Мақыш Қалтайұлы

+Ақмолла Мұхамедиярұлы

Әбубәкір Кердері

Нұржан Наушабайұлы

 

Мына өлең жолдары қай ақындікі?



Мынау азған заманда

Қарсы – антқор, ханы – арам,

Батыр көксер басы аман,

Бәйбішесі – бошалаң.

Қырсыға туды қыз балаң.

Нары – жалқау, кер табан,

Құсы – күйшіл, ат-шабан,

Жырғалаң жоқ, жобалаң...

 

Ақан Қорамсаұлы

Шортанбай Қанайұлы

+Дулат Бабатайұлы

Базар Ондасұлы

Мұрат Мөңкеұлы

 

 

Мына өлең жолдары қай ақындікі?

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмыздай ажарлым!

Хиуадай базарлым!

Теңіздей терең ақылдым!

Тебіренбес ауыр мінездім!..

 

Шернияз Жарылғасұлы

Мәделі Жүсіпқожаұлы

Сүйінбай Аронұлы

Әбубәкір Бораңқұлұлы

+Махамбет Өтемісұлы

 

Толғау өлеңінің тақырыбы ұлттық поэзиядағы дәстүр боп қалыптасқан әдеби ағымның атауы болған қай ақын?

Мұрат Мөңкеұлы

Сүйінбай Аронұлы

+Шортанбай Қанайұлы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Базар Ондасұлы

 

Кенесары ханның әскері мінетін тұлпар іздеп, мақсатына жеткен батырдың басынан кешкен оқиғалар жырланған қай ақынның қандай дастаны еді?

Базар Ондасұлының «Мақпал-Сегіз» дастаны

Мұрат Мөңкеұлының «Қарасай-Қази» дастаны

+Шортанбай Қанайұлының «Ақжолтай батыр» дастаны

Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» дастаны

Әсет Найманбайұлының «Ағаш ат» дастаны

 

 

Мына өлең жолдары қай ақындікі?

Бөрі басы – ұраным

Бөрілі менің байрағым

Бөрілі байрақ көтерсе

Қозып кетер қайдағым?

 

Базар Ондасұлы

Шортанбай Қанайұлы

+Сүйінбай Аронұлы

Мұрат Мөңкеұлы

Махамбет Өтемісұлы

 

 

Ш.Уалихановтың шығармасын атаңыз?

«Оян, қазақ»

«Қазақ салты»

«23 жоқтау»

«Кім жазықты»

+«Жоңғария очерктері»

 

 

Абайдың «Тіл өнері- дертпен тең» сөзі қай өлеңінде кездеседі?

«Сұрғылт тұман дым бүркіп»

«Қорқытпа мені дауылдан»

«Өзіңе сенбе,жас ойшыл»

«Ғашықтық іздеп тантыма»

+«Дұға»

 

 

Мына үзінді қай ақынның өлең жолдарынан?

Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң

Жоның жайлау кең алаң,

Атам қонған кең далам!

Мендей сені қызғанар

Бауырыңда өскен қай балаң?

Көл қорыған қызғыштай

Сен десе салам байбалам...

 

Абай Құнанбайұлы

Базар Ондасұлы

Махамбет Өтемісұлы

Шернияз Жарылғасұлы

+Дулат Бабатайұлы

 

 

Мына үзінді қай ақынның қандай дастанынан алынған?

Сөз қоспай дәл айтпасаң,

Естіме, көрме, сөзден без.

Аузыңа ие болмасаң,

Бәле үйір, жала тез.

Аузыңнан шықса, жел есіп,

Жер түбінен жетер тез...

 

Базар Оңдасұлының «Айна-тарақ» дастаны

Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» дастаны

Шортанбай Қанайұлының «Ақжолтай батыр» дастаны

+Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» дастаны

Абай Құнанбайұлының «Ескендір» дастаны

 

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...